Жарақат,турлері,негізгі белгілері,инфицирленуі,асқынулары,ағымы,жазылу этаптары,емі,асқынудың алдын алу шаралары



бет6/8
Дата03.10.2024
өлшемі279.78 Kb.
#504275
1   2   3   4   5   6   7   8

Жарақаттық процесстің ағымы.

  • Жарақаттық процесс дегеніміз жарақатта жүріп жатқан процесстік өзгерістердің тізбегіне жалпы ағзаның жауабы.
  • Жалпы реакциялар:
  • -Бастапқы 1-4 тәуліктерде симпатикалық жүйке жүйесі қозуда болады.
  • -Кейінгі 4-5 тәуліктерде парасимпатикалық жүйке жүйесі қозу басымдығын танытады.

Жарақаттың жазылуы.

  • Жарақаттың жазылуы дегеніміз репарациялық процесс,жараның зақымданған тінінің бүтіндігі мен қызметінің қалпына келтіруді айтамыз.
  • Жараттың жазылуында 3 негізгі механизм жатыр:
  • -Фибробластар мен коллаген талшықтарының түзілуі. Жазылу кезінде фибробластар макрофагпен активтелінеді. Фибробластар клеткадан тыс матриксты заттарды синтездейді, оның ішінде коллагендерді.

    -Жарақаттың эпителизациясы деген клеткалардың жара бетіне миграциялануына байланысты жаңарады.Толық орныққан клеткалардың жаңаруы микроорганизмдердің жараға түсуіне бөгет болады.Бесінші күні таза жара толық жаңарып,жазыла бастайды.

    -Тіндердің бірігіп бітуінің эффектісі деген миофибробластардың жиырылуына байланысты,жарақаттың беті жиырлып,бітуіне жағдай жасайды.

Жарақаттың жазылу сатылары.

Жарақаттың жазылу фазалары.

-И.Г.Руфанов (1954 ж) жіктемесі бойынша жарақаттың жазылу фазалары:

*Гидратация;

*Дегидратация.

С.С.Гирголов (1956 ж) жарақаттың жазылуының 3 кезеңін анықтаған.

I. Дайындау кезеңі.

II. Қалпына келу кезеңі.

III. Тыртықтың қалыптасу кезеңі.

М.И.Кузин (1977 ж) жарақаттың жазылуының жаңа жіктемесін ұсынды.

I кезең. Гидратация кезеңі

Қабынулық (1 – 5 тәулікке дейін).

II кезең. Дегидратация және

пролиферация кезеңі.

Қалпына келу (6 – 14 тәулікке дейін).

III кезең.Тыртықтың түзілуі мен орнығуы (15 – 30 тәуліктің аралығы).

Жарақаттың жазылуына әсер ететін факторлар.

*жасы;

*Дене салмағы мен азықтану тәртібі;

*Жараның екіншілік инфицирленуі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет