Жаратылыстану факультеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет15/27
Дата25.02.2016
өлшемі3.15 Mb.
#21064
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

Деректемелері/Пререквизиттері: Ботаника

Курстың/пәннің мазмұны: Өсімдіктер ареалын картаға түсіру курсы келешекте орта мектепте, мұғалім дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән карта, карта түрлері, оларды пайдалану ерекшеліктерін, картадағы бұрмаланулар, олармен жұмыс істеу барысында ескерту түсініктерімен таныстыру, карталардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашып көрсету, олардың алуан түрлілігін көрсету, карталармен жұмыс істеудің жолдары мен әдістерін қарастырады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Картография с основами топографии. Учебное пособие для педагогических вузов. Под.дедакцией Г.Ю. Грюнберга. –М., 1991.

2. Калыбеков А. Геодезия және топография негіздері. –Алматы, 1983

3. Южанинов В.С. Картография с основами топографии. –М.: Высш.школа, 2001.

4. Географический атлас для учителей средней школы. –М., 1980

5. Мектепке арналған географиялық атластар.

6. Оқу топографиялық карталар. Масштабы: 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000.

7. Гедымин А.В., Грюнберг Г.Ю., Малых М.И. Практикум по картографии с основами топографии. –М., 1981

8. Лапкина Н.А. Практические работы по топографии и картографии. –М., 1971.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Геоботаника

Пәннің коды: Geobot 2.2.06

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: геоботаника пәнінін бакалавр мамандығындағылар оқу арқылы геоботаника аясындағы кешенді білімін жүйелейді: өсімдіктер жамылғысы жөнінде ұғымды қалаптастырады, әртүрлі биоценоздағы(экожүйедегі) өсімдіктердің өзара байланысының ерекшелігін, фитоценоздың немесе өсімдіктер қауымдастығының ординациясы, классификациясы, динамикасы, құрылымы, құрамы жөнінде түсінікті қалаптастыру.

Білу: пәннің кәсіби циклдерін, геоботаниканың теориялық бөлімін, негізгі ұғымдар мен терминологиялық түсініктердің базасын, геоботаника әдістерін, зерттеу әдістері мен оларды қолдану аясын білу.

Дағдылану: кәсіби циклдердегі пәндерді игеруде және кәсіби мақсаттарды шешуде геоботаникадан алған теориялық білімдерін қолдана білу;

Игеру: өсімдіктер қауымдастығын зерттеу әдістерін және геоботаниканың теориялық мәселелерін, нақты зерттеулерде оларды пайдалана алуды игеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: ботаника (өсімдіктердің морфологиясы, анатомиясы және систематикасы), Жалпы экология

Курстың/пәннің мазмұны: Қазіргі геоботаниканың негізгі ережелері: фитоценоз құрылымы, оның динамикасы, өнімділігі, қоршаған ортаға әсері, фитоценоз классификациясы, далалық зерттеулердің негізгі әдістері, фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қарым-қатынасы, адам және жануарлардың өсімдіктер қауымдастығына әсері қарастырылған.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бекмуратова С.Т., Айдосова С.С. Паршина Г.Н. Полевая практика по ботанике. – Алматы: «Қазақ университеті», 2003.

2. Н.М. Мухитдинов. Геоботаника негіздері. – Алматы, 1992.

3. Тихомиров В. Н. Геоботаника: курс лекций. / В. Н.Тихомиров.– Мн.: БГУ, 2006.

4. Байкенжеева А.Т. Геоботаника. Кызылорда, 2011 г

5. Миркин Б.М., Наумова Л.Г., Соломещ А.И. Современная наука о растительности. - М., Логос, 2001. – 264с.



6. Ипатов В.С. Методы описания фитоценоза. СПб., СПбГУ, 2000. - 56с.

Сабақ беру әдістері: дәрісханалық сабақтарды игеру барысында төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады: лекция, практикалық сабақ; (сөздік әдіс, диалог әдісі, интерактивті әдіс). Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей білім технологиялары қолданылады: баяндама, реферат, компьютерлік презентация.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жануарларды зерттеудің далалық әдістері

Пәннің коды: ZhanZA 2207

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Абдраманова Г.Б. - оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: Болашақта биологиялық білімі жоғары маманды экологиялық зерттеу жүргізуге дайындау және жоспарлау, сондай-ақ алынған нәтижелерді көрсету. Міндетке сәйкес студенттерді далалық экологиялық зерттеу жұмыстарына бағыттау және оларды өз бетінше жұмысты жоспарлауға үйрету. Табиғи бірлестікті зерттеу әдістері, сондай-ақ зоопланктонды бірлестікті зерттеу кезінде бентостық организмдерді зерттеу және жер бетілік жануарлар бірлестіктерін, құстар, балықтар, қосмекенділер санын зерттеу әдістерімен таныстыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: өсімдіктану, зоология, цитология, адам және жануарлар анатомиясы, физиологиясы, генетика

Курстың/пәннің мазмұны: Жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқау. Әдістеменің маңызы. Зерттеудің этаптары. Дайындық кезеңі. Тақырып таңдау. Бағдарламаны өңдеу. Экологиялық-фауналық шолу бағдарламасы. Сүтқоректілердің аутэкологиялық зерттеу бағдарламасы. Биоценотикалық зерттеу бағдарламасы. Әдісті өңдеу. Күнтізбелік жоспар. Бақылау күнделігі. Экспедициялық және экскурсиялық құрал-жабдықтар. Жеке тұлға құралы. Лагерь заттары. Қозғалту тәсілдері және транспорттық заттар. Коллекциялық материалдардың жиынтығы мен біріншілік өңдеу. Насекомдардан коллекция жасау. Биология бойынша құстардың көбеюі мен дамуы туралы жинақталған материалдар. Сүтқоректілерді майсыздандыруға дайындау. Ұсақ жануарларды майсыздандыру. Ірі жануарларды майсыздандыру. Қаңқаны алдын ала өңдеу. Іздерді сақтау. Табиғатта жануарларды бақылау тәсілдері мен анықтау. Тікелей бақылау жүргізу тәсілдері. Табиғатта құстарды анықтау жағдайы. Табиғатта сүтқоректілерді анықтау жағдайы. Табиғатта қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды анықтау. Жануарларды іздері арқылы бақылау. Жер бетілік жануарлардың санын есепке алу. Тәуліктік циклін зерттеу. Жануарлардың тәуліктік көшіп-қонуын зерттеу. Маусымдық тіршілік пен миграцияны зерттеу әдістері. Маусымдық құбылыстарды анықтау. Миграцияны зерттеу.
Тіршілік ортасын зерттеу әдістері. Биотоп пен тіршілік ортасын сипаттау. Қорғаныштық жағдайларды анықтау әдістері. Микроклиматты зерттеу әдістері. Азықтық ресурстарды анықтау әдістері. Өсімдіктер азықтық ресурстарын анықтау. Жануарлар азықтық ресурстарын анықтау. Минералды азықтық ресурстарын анықтау. Сукцессияны анықтау

Физиологиялық эксперименттер әдістері: бақылау әдісі, вивисекция, хроникалық эксперимент, биологиялық тест әдісі, биохимиялық әдіс.

Эксперименттік зертеудің негізгі кезендері. Эксперименттік мәліметтерді алу. Пауссон заңы. Ассиметрия, эксцесс. Ван- дер- Варден Х критерийі. Стьюдент Т критерийі. Манн -Витней және Вилкоксон тестері. Кореляциялық талдау. Регрессиондық талдау. Регрессиялық коэфициент. Дисперсиондық талдау. Эксперименттік физиологияда комьютерді пайдалануы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и донных отложений./ Под ред. В.А. Абакумова. - Л.: Гидрометеоиздат, 2003 -239 с.

2. Бибби К. Методы полевых экспедиционных исследований. Исследования
и учёты птиц./ К. Бибби, М. Джонс, С. Марсден. - М.: Союз охраны птиц
России, 2000. - 186 с.

3. Звягинцев Д.Г. Биология почв: Учебник./ Д.Г.Звягинцев, И.П.Бабьева,


Г.М.Зенова. - М.: Изд-во МГУ, 2005 - 445с.

4. Карасёва Е.В. Методы изучения грызунов в полевых условиях./ Е.В. Карасева, А.Ю. Телицына, О.А. Жигальский. - М.: Издательство ЛКИ, 2008. -416с.

5. Nelson, G. Ecological experiments. Purpose, design, and execution./ G.Nelson, Sr.Hairstone - Cambridge University Press, 1992.

6. Scheiner S.M. Design and analysis of ecological experiments ./ S.M.Scheiner, J.Gurevitch, editors - Chapman & Hall. An international Thomson Publishing Company, 1993.

7. Есжанов Б.Е. Қазақстан құстары мен аңдарының биологиясы. Алматы, 2009

8. Есжанов Б.Е., Бөркіндай. Триология. Алматы, 2008

9. Есжанов Б.Е., Бөркіндай. Қазақстан құстары мен аңдарының биологиясы. Алматы, 2008

10. Минсаринова Б.К. Омыртқасыздар зоологиясына лаборатриялық жұмыстар. Алматы, 2009

11. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева. Экология.Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001

12. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М. 1982 ж

13. Е.Мамбетқазиев, Қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Алматы, «Қайнар», 1990

14. Ж.Д.Демеуов. Қазақстан фаунасы. Алматы, АлМУ, 1995

15. Красная книга Казахстана. Алматы, Наука, 1996

Сабақ беру әдістері: дәріс, көрнектілік, зертханалық ж/е өзіндік жұмыс

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физиологиялық эксперименттер негізі

Пәннің коды: FEksN 2.2.07.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жандавлетова Р.Б. - академиялық доцент, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: физиологиялық эксперименттің негізгі әдістерін іс-тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ биологиялық зерттеулердегістатистикалық әдістерді қолданудың маңыздылығын түсіндіру.

Деректемелері/Пререквизиттері: анатомия, ботаника, гистология, цитология, биохимия, математика

Курстың/пәннің мазмұны:

Физиологиялық эксперименттер әдістері: бақылау әдісі, вивисекция, хроникалық эксперимент, биологиялық тест әдісі, биохимиялық әдіс.

Эксперименттік зертеудің негізгі кезендері. Эксперименттік мәліметтерді алу. Пауссон заңы. Ассиметрия, эксцесс. Ван- дер- Варден Х критерийі. Стьюдент Т критерийі. Манн -Витней және Вилкоксон тестері. Кореляциялық талдау. Регрессиондық талдау. Регрессиялық коэфициент. Дисперсиондық талдау. Эксперименттік физиологияда комьютерді пайдалануы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М., «Адам мен жануарлар физиологиясы» (2-бөлім.Висцеральдық жүйелер), Алматы,РБК.2000

2. Төленбек И. «Адам мен жануарлар физиологиясы» Алматы,2002

3. Лакин Г.Ф. Биометрия. М.: Высшая школа. 1989. 293с.

4. Мурашев А.Н. и др. Руководство по экспериментальной физиологии кровообращения. Изд-во СГУ. 1992.

5. Физиология человека под ред. Покровского В.Н., 1998 г.

6. Малый практикум по физиологии человека и животных. / Под ред. А.С. Батуева – СПб.: Изд-во СПбГУ, 2001 г

7. Методы исследований в психофизиологии. / Под ред. А.С. Батуева – СПб, 1994 г.

8. Практикум по нормальной физиологии. / Под ред. Н.А. Агаджаняна – М.: Изд-во РУДН, 1996 г.

Сабақ беру әдістері: дәріс, көрнектілік, зертханалық ж/е өзіндік жұмыс

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Бақша композицияларының архитектуралық

Пәннің коды: BKAE 2.2.07.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: табиғи материалдарды(топырақ, су, өсімдіктер) пайдаланып ашық кеңстікте ландшафтыны жоспарлау; бақша композицияларының архитектуралық элементтеріне бақша жабдықтарын жоспарлау, жасанды жабын және кіші архитектуралық формады айқындайды.

Білу: қазіргі заманауи ландшафты жоспарлау әдістерін игеру; бау-бақша мәдениет стильнің тарихы білу; жұмыс сызбаларын жасау, визуальді проектілер және оларды рәсімдеу әдістерімен танысу.

Дағдылану: бақша дизайндерінде қолданатын өсімдік материалдарымен жұмыс жасай алу, қазіргі заманғы құрылыс материалдарымен танысу; участокты инженерлі-техникалық рәсімдеуді игеру.

Игеру: дизайнерлік жоспарлауды кескіндеп көрсете білу; ландшафт өнерінің арнайы терминдерін еркін игеру; ортаның ландшафтын жобалаудың жалпы әдістерін игеру және олар тәжірибеде пайдалана білу.

Деректемелері/Пререквизиттері: ботаника (өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы және систематикасы).

Курстың/пәннің мазмұны: Ландшафт архитектурасының тарихы. Ландшафт архитектурасының композициялары. Өсімдіктердің тіршілік формалары және оларды ландшафтылық дизайнде пайлалану. Ағаш өсімдіктер топтарының көлем-кеңістіктік композицияларының негізі. Ландшафт дизайнға өсімдіктерді іріктеу. Аллея және гүлзарлар жасаудың принциптері. Ландшафт өнерінің заңдылықтары және құралдары. Ландшафт құрылысы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Авадяева Е.Н. Русский ландшафтный дизайн/ Под ред. Н.П. Титовой. М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2000.

2 Теодоронский В.С., Машинский В.Л. Ландшафтная архитектура и садово-парковое строительство (обзор) – М., МГУЛ, 2001, - 95 с

3. Кочережко О.И., Кочережко Н.В. Ландшафтный дизайн вашего приусадебного участка. Советы дизайнера. Ростов/Дону: Феникс, 2003. - 272 с.



Сабақ беру әдістері: дәрісханалық сабақтарды игеру барысында төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады: лекция, (ақпараттық лекция, лекция-визуализация); зертханалық сабақ иллюстративті-демонстрациялық әдіс; студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей білім технологиялары қолданылады: нақты ситуацияны талдау, баяндама, реферат, компьютерлік презентация.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жалпы жертану

Пәннің коды: ZhTanu 2.2.07.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі

Курстың мақсаты: «Жалпы жер тану пәні» әр түрлі профилдегі мамандарды дайындауға ең негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер жалпы планеталық табиғи кешен болып табылатын географиялық қабық туралы түсінікті ұғына отырып,аталған қабықтың құрлысымен және оның уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарымен кеңінен танысатын болады. Бұл таныстық географиялық қабық өзінің даму барысы нақтылы заңдылықтармен түсіндірілетін бірегей де дербес кешен ретінде қарала тұрса да, ол әр түрлі құрам-бөліктердің, яғни атмосфераның, гидросфераның, литосфераның, сол сияқты тірі заттардың бір-бірімен байланыста және бір-біріне бағынышты түрде өрбитіндігін ұғынумен орайласады. Географиялық қабықтың территориялық жіктелуі жайлы мәліметтер де нақ осы курс ауқымында ашылып көрсетіледі. Бұл курспен танысу өзара байланысты және өзара бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе рөлін атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады және жетілдіре түседі.

Деректемелері/Пререквизиттері: экология және тұрақты даму, биологияға кіріспе

Курстың/пәннің мазмұны: Әлем кеңістігіндегі Жер: пішіні, қозғалыстары және оның географиялық салдарлары. Жердің ішкі құрылысы және шығу тегі. Жер бедері. Жер бедерінің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Жер бедерінің жылу мен ылғал таралуына ықпалы. Атмосфера, оның құрамы мен құрылысы. Күн радиациясы; радиациялық және жылулық баланс. Жердің жылулық режимі. Атмосферадағы су. Ауа қысымы, желдер және олардың сипаттамасы. Атмосфераның жалпы айналымы. Ауа райы туралы түсінік. Жер климаттары. Гидросфера. Дүние жүзілік мұхит және оның құрамдас бөліктері. Мұхит суының қасиеттері. Су айналымы және мұхиттағы басқа су қозғалыстары. Мұхит-атмосфера біртұтас жүйесі. Құрлық сулары. Биосфера, оның шекаралары, құрамы мен құрылысы. Атмосфера, литосфера және гидросфера дамуындағы тірі заттың ролі. Зат пен энергияның биологиялық айналымы. Географиялық қабық, оның шекаралары, құрылысы, сапалық көрсеткіштері, негізгі даму кезеңдері. Географиялық қабық заңдылықтары. Ландшафттар туралы түсінік. Географиялық орта және қоғам. ҒТР заманындағы адамзаттың экологиялық проблемалары. Ноосфера туралы түсінік.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Неклюкова Н.П. Жалпы жертану. –А.: Мектеп, 1980

  2. Магидович И.П. Очерки по истории географических открытий. –М.: Просвещение, 1975

  3. Бакиров Т. Жалпы геология. –А., 1996

  4. Методические указания по материалам «Общее землеведение». –А., 1990

  5. Фурсина Ф. Материктер мен мұхиттар географиясы. –А., 1990

  6. История геогрнафических открытий. Изд. Первая сентября. 2003

7. Радионова И.А. Глобальные проблемы человечества. –М. 2003

  • Сабақ беру әдістері: лекция, оның түрлері: визуальды лекция, миға шабуыл лекциясы, демонстрациялау арқылы, мультимедиялық құралдарды пайдалану көмегімен жүргізілетін лекциялар т.б.; зертханалық сабақтар нұсқау, басшылықтар және демонстрациялау әдістері арқылы іске асырылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: жабдықталған география кабинеті, дүние жүзінің карталар топтамасы, атластар, глобустар;

кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).



Курстың/пәннің/юниттің атауы: Биохимия

Пәннің коды: Bio 2301

Пәннің типі: Кәсіби, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Наренова С.М. - аға оқытушы, т.ғ.к.

Курстың мақсаты: студенттерге тіршіліктің молекулалық негізі жөнінде, тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды, ақуыздардың, витаминдердің, ферменттердің, көмірсулардың, липидтердің, нуклеин қышқылдарының құрамын, қасиеттері, құрылысы, қызметі жөнінде қажетті білімді беру, болашақ мамандардың алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жалпы химия

Курстың/пәннің мазмұны: Биологиялық химия пәні, тірі организмдер құрамындағы макро, микро және ультрамикроэлементтер туралы ұғым, тірі организмдер құрамындағы негізгі қосылыстар кластарына сипаттама. Белоктар құрамына кіретін амин қышқылдары, белоктардың 1,2,3,4,-ші реттік құрылымы, қарапайым және күрделі белоктар, белоктардың биологиялық функциялары. Ферменттер- тіршіліктің негізі, ферменттер туралы жалпы түсінік, ферменттердің құрамы, ферменттердің әсер ету механизмі. Витаминдер жөнінде жалпы түсінік, витаминдердің классификациясы, тірі организмдегі минералдық заттар. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы. Липидтер, қарапайым липидтер, күрделі липидтер, қасиеттер. Қан биохимиясы, қанның қызметі

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ю. Б. Филиппович «Основы биохимий» М., Высшая школа, 1983 г.

  2. Ю. Б. Филиппович «Биохимия белка и нуклеиновых кислот»М., Просвещение, 1978 г.

  3. Ю. Б. Филиппович «Практикум по общей биохимий» М., 1982 г.

  4. «Биохимия гормонов. Витамины» Под. ред. Смирнова М.И. М., Медицина, Мир, 1974г.

  5. К.С. Сағатов «Биологиялық химия» Алматы 1992ж.

  6. Ленинджер А «Биохимия»І-ІІІ том. М., Мир.1974 г.

  7. Смирнов М.И. «Витамины» М., Медицина 1974г.

  8. Певинар А «Основы биоэнергетики» М., Мир 1977 г.

  9. Буховец С.В. «Упражнения по биохимии» М., Просвещение 1982г.

  10. Шабарова З.А., Богданов А.А. «Химия нуклеиновых кислот и их компонентов» М., Химия 1974 г.

  11. Шапевиль Ф., Энни А. «Биосинтез белка»М., Мир 1978г.

  12. Сеитов С «Общая химия» Алматы, рауан 1997г.

Сеитов С «Жалпы биохимия негіздері» Алматы, Рауан 1998ж

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Органикалық химия

Пәннің коды: OH 1302

Пәннің типі: кәсіби, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші академиялық доцент, х.ғ.к.: Абызбекова Г.М.

Курстың мақсаты: Органикалық химия теориясының қазіргі күйін, стереохимиялық теория, реакциялар мен реагенттердің классификациясын, қосылыстардың молекулаларындағы электронды эффектілерді, органикалық реакциялардың жүру механизмдерін, органикалық заттардың айналуларының жалпы заңдылықтарын, олардың практикалық қолданылу жолдары үйрену

Деректемелері/Пререквизиттері: жалпы химия, биохимия

Курстың/пәннің мазмұны: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының қазіргі күйі, стереохимиялық теория. Реакциялар мен реагенттердің классификациясы. молекулаларындағы электронды эффектілер. Органикалық реакцияларды жіктеу, органикалық реакциялардың механизмдері, көміртектің қаныққан атомындағы алмасу реакциялары, оның түрлері (SN1, S N2, S R), қанықпаған жүйелерге қосылу реакциялары, оның түрлері , механизмі, ароматты қатарға алмасу. Ароматтылық, бензолды емес ароматты құрылымдар, бензол сақинасындағы алмасу теориясы, бағдарлау ережесі. Молекулалық қайта топтасу реакциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет