1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты: Физиканың негізгі мәселелері – заттарды идентификациялау, олардың физикалық құрылысын анықтау, заттың физикалық және химиялық қасиеттері мен оның құрылысы арасындағы байланысын зерттеу. Осы мәселелерді шешуге физикалық зерттеу әдістері қолданылады. Қазіргі уақытта физикалық әдістр ғылыми зерттеулерде және өндірістерде талдаудың химиялық әдістерін толықтырып қана қоймай, кейбір жағдайларда мүмкіндігі, дәлдігі және сезімталдығы жоғары болғандықтан оларды алмастыру.Зерттеу және өндірістік бақылау процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беріп, физикалық әдістер барлық қазіргі ғылыми және өндірістік зертханаларда қлданылады. Химиялық дамуы қазіргі физикалық әдістермен қатар жаңа және арнаулы әдістердің қолданылуымен байланысты.
Пәннің міндеті: Әр түрлі өрістер, сәулелер немесе бөлшектер ағындарының молекуламен әрекеттесуін зерттеуге негізделген қазіргі физикалық әдістердің теориясы және практикасымен таныстырып, осы әдістерді тәжірибеде іске асыру. Әдістің тура есебінің шешімі әрекеттесудің нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді. «Физикалық зерттеу әдістері» курсын оқытудың мәселелері – химияда кең қолданылатын физикалық зерттеу әдістерінің негіздерін және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды игеру. Бұл әдістерге эмиссиялық спектроскопия, инфрақызыл (ИҚ) спектроскопия, ультракүлгін (УК) спектроскопия, комбинациялық шашырату (КШ) спектроскопиясы, электрондық парамагниттік резонанс, (ЭМР) спектроскопиясы, ядролық магниттік резонанс(ЯМР) спектроскопиясы, газды хроматография және масс-спектрометрия жатады. Осы курсқа физикалық әдістерге жатпайтын газды хроматография әдісінің кіргізілу себебі- әдістің жалпы идеологиясы, аппаратуралық құрамы, өте кең таралуы және химиктерге оқылатын басқа жалпы курстарда қарастырылмағанымен байланысты
2. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар:
2.1 Студент білуі керек:
«Физикалық зерттеудегі инновациялық әдістері» пәні, оның мақсаты мен мәселелерін
Физика және химияның негізгі мәселелерін
Компьютерде бағдарламамен жұмыс істеуді
Физиканың негізгі бағыттарын түсіну
Әрбір жұмыстың орындалу тәртібін
Теориялық тұжырымдамаларын
Достарыңызбен бөлісу: |