Қорытынды
Қортындылай келсек, гимнастика біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Бірақ гимнастикадан тек жақсы пайда алу үшін, біз гимнастикамен айнлысқанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет. Сондықтан біз осы ережелерді ұмытпауымыз керек:
- денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;
- гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;
- жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;
- секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;
- спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;
- бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;
- гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;
- арқын бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;
- гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;
- гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Гимнастика адам деңсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Гимнастика біздің ағзамызды, денемізгді дұрыстап нығайтуын үшін, денеміз үйлесімді, жаттықан болу үшін,гимнастикадан тек жағымды әсер алуға бар қауіпсіздік ережелерің сақтауға міндетттіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Казиев С.Ж. «Гимнастика оқыту әдістемесімен».,2014
2.Тайжанов С. Дене тәрбиесі. 2-кітап : оқулық / С. Тайжанов . - Алматы : ССК , 2019.
3.Палыга В.Д. Гимнастика:М; Просвещение, 1982, -288с.
4.Жолымбетов Ө. “Спорт әлемі.Балаларға арналған спорт анықтамалығы”.Алматы.2010
5.Амидов.А.И “Спорт өнерінің тарихы,түрлері және терминдері”.монография,1 том.
6.Гимнастикалық жаттығулардың пайдасы (ust.kz)
7.Гимнастика — Википедия (wikipedia.org)
8.Гимнастиканың мәні - Энциклопедия - 2022 (warbletoncouncil.org)
Достарыңызбен бөлісу: |