Бақылау сұрақтары:
ОЖ анықтамасын беріңіз.
ОЖ функцияларын атап шығыңыз.
Мультибағдарламалық және мультипроцессорлық тәртіптерінің айырмашылықтары туралы айтып беріңіз.
Мультибағдарламалардың пайда болу себептері.
ОЖ негізгі қасиеттері.
Дәріс № 2
Тақырыбы: Аппараттық жабдықтар және бағдарламалық қамсыздандыру
Дәрістің сұрақтары:
Аппараттық құрал түсінігі.
Орта процессоры және оның жұмыс істеу тәртіптері.
Мультипроцессорлық өңдеу.
Жадтың қабаттары. Көшу регистрі.
Жадыны қорғау.
Перифериялық құралдар және олардың жұмыс істеу тәртіптері.
Виртуалды жад. Жадқа тікелей кіріс.
Жадының иерархиясы.
Бағдарламалық қамсыздандыру.
Аппараттық құрал – компьютер орнатылымы: процессор, жады орнатылымы, кіріс-шығыс орнатылымы, және де берілген құралды қабылдау жіберу.
Орталық процессор және оның жұмыс істеу режимі. Екі режиімге көңіл бөлгеніміз дұрыс: тапсырма режимі (problem state) және супервизор режимі (supervisor state). Операциялық жүйеде супервизор режимінде жұмыс атқарылады, барлық командаларға нұсқау бере отырып атқарылады.
Мультипроцесстік өңдеулер (multiprocessing). Мультипроцестік жүйе бірнеше жүйеде, бірдей жадыда және операциялық жүйеде жұмыс істейді.
Жадының қабаттасуы. Жадының қабаттасу тәсілі (storage interleaving) оперативті жадының жылдамдығын көбейтуде қолданылады. Жадының қабаттасуы кезінде көршілік адрестік ұяшықтар әртүрлі модульдік жадыда орналасады, сондықтан бір мезгілде қолданысқа келеді.
Регистрдің араласуы. Регистірдің араласуы (relocation register) динамикалық араласуды бағдарламаны жадыда сақтауға көмектеседі. Регистрге базалық адрес араластырылады, ол негізгі жадыда сақталады.
Біраз нәтижелердің болуы үшін және де жұмыс істеп тұрғанға тәуелді болмай тексеретін әдіс ол опрос (polling) жіберу.
Бұзу (прерывание - interrupts) бір жағдайдан екінші жағдайға өтуге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдай, бөгет болған жағдайда сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |