Параметрлері:
value – 0 – 255 диапазонында берілген бүтін сандар;
command – орындалатын команда;
string1,string2 – мәтіндің жолдар.
Мысалы:
а) IF NOT EXIST FILE.DAT ECHO Файл мүлдем жоқ;
б) IF ERRORLEVEL 1 GOTO END – END таібасына көшу, егер ERRORLEVEL мәні 1-ге тең немесе одан кіші болса.
6. PAUSE командасы
Қызметі: КФ- дың орындалу кезінде пауза қою.
Формат: PAUSE [comment]
Параметрлері:
comment – мәтіндік жол.
Комментарий: Бұл команда бойынша КФ-дың жұмысы тоқтатылады және экранға comment хабарламасы шығады. Хабарламаның ұзындығы 121 символдан аса алмайды. КФ-дың жұмысы кез-келген пернені басқанда жалғасады, CTRL+C немесе CTRL+BREAK комбинацияларынан басқа. Бұл комбинациялар КФ-дың жұмысын аяқтайды.
Мысалы:
PAUSE жаңа дискті қойыңыз А: - пауза экранға хабарлама шығаруымен.
7. REM командасы
Қызметі: комментарийді еңгізу.
Формат: REM [comment]
Параметрлері:
comment - комментарий жолы.
Комментарий: REM командасы КФ-дың жеке командаларының жұмыстарын уақытша тоқтата алады.
8. SHIFT командасы
Қызметі: КФ-дың запуск командалық жолының параметрлерінің мәндерін бір позицияға солға қарай жылжыту.
Формат: SHIFT
9. CHOICE командасы
Қызметі: Тұтынушыға сұрақ қою және жауабын айналымның ERRORLEVEL айнымалысына жазу.
Формат: CHOICE [/C: string] [/T: key,n] text
Параметрлері:
string – Тұтынушының жауаптарын сақтайтын символдық жол;
key – егер тұтынушы n секундтың ішінде жауап бермесе жазылатын жауаптың нұсқасының кілті;
text – Жауаптың варианттарының алдында шығатын символдар жолы.
Мысалы:
CHOICE /C: A,B,C,D /T: A,5 Таңдаңыз
КФ-ға мәліметтерді беру. Жиі жағдайда бір КФ құрып, оны әр-түрлі мәліметтермен орындауға тура келеді. КФ-ға мәліметтерді берудің екі тәсілі бар: а) параметрлер тізімінің көмегімен, б) глобалды айнымалылардың көмегімен.
Бірінші тәсілмен қолданғанда КФ-да %0…%9 атты формалды айнымалылар қолданылады. Бұл параметрлерге мәндер КФ іске қосылғанда берілетін факттік параметрлерінің көмегімен беріледі:
< КФ аты> <параметр1> <параметр2> .. <параметр9>
КФ орындалғанда %1 формалды параметрі <параметр1> мәніне ие болады, %2 формалды параметрі <параметр2> ие болады ....
%0 атты формалды параметрінде КФ-дың аты жазылады.
MS DOS және Windows факттік параметрлердің саны 10-нан астам КФ құруға мүмкіндік береді. Ол үшін SHIFT командасымен қолдану керек. “%” символымен командаларда КФ-дың ішінде қолдануға болады. Ол үшін оны мәтінде екі рет қайталау керек. Мысалы, f%.exe файлдың аты келесідей болу керек - f%%.exe.
Екінші тәсілмен қолданғанда КФ іске еңгізгеннің алдында ОЖ айналымында SET командасымен глобалды айнымалылар құрып, оларға мән беру керек. Бұл айнымалылардың аттары КФ-дың командаларында “%” символдарының ішіне алынады (мысалы, %FILE% ). КФ орындалғанда ОЖ айналым аймағынан сәйкес айнымалылардың мәндерін алады.
Тапсырма
Мәтіндік файлға Сіздің тобыңыздың студенттері туралы ақпарат жазу үшін WRITE_FD.BAT командалық файлын құрыңыз, оның функциясы келесі болсын:
WRITE_FD <ФИО> <ГОД РОЖД> <МЕСТО РОЖД> <ПОЛ>
Достарыңызбен бөлісу: |