Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану-ғылыми пәндер оқу кафедрасы 6В01509– «Химия-Биология»


ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР



бет3/5
Дата05.12.2023
өлшемі37.44 Kb.
#485599
1   2   3   4   5
file-5520-16

ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ



        1. Конспект жазу



Конспект- қандай-да бір жазба немесе аудио яки бейнелік ақпараттардың мазмұнды жинақтап берілуі. Конспект жазу оқыған -білген ақпаратты есте сақтауға және оған деген критикалық қарым-қатынасыңды оятады және түсінік айтуға біршама өз көмегін береді.

1. Сұрақтарға толық және түсінікті жауап жазу керек.


2. Конспекті жазған кезде тек қана жалпы қабылданған қысқартуларды қолдануға болады.
3. Атауларда және тектерде ешқандай қысқартулар болмау тиіс.
4. Реакция теңдеулері дұрыс жазылу керек және міндетті түрде теңдеулерде коэффициенттер қоюлу керек.
5. Материалдың көрнекілігін арттыру үшін конспекте диаграмма, кестелер, сызба нұсқаулар келтірілуі тиіс.
6. Конспектіні жазбаша өз қолымен жазу керек.



        1. Глоссарий құрастыру




  1. Глосарий — белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі.

  2. Глоссарий нақты тақырыпқа сай құрастырылу тиіс.

  3. Глоссарийді құрастырғанда анықтамаларды алфавит реті бойынша орналастыру қажет.




  1. Тақырыптық тест құрастыру

Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды. ТЕСТ (англ. test) — сынау, тексеру, талдау. Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б. түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т.б. саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет