Жаратылыстану-математика факультетінің деканы


ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ



бет11/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#141638
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ



Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Кеппешөп материалынан өсімдіктердің морфологиялық талдауымен танысу, сипаттама беру. Сарғалдақ тұқымдасының гүлдеріне морфологиялық талдау жүргізу. Лалагүлділер тұқымдасының гүлдеріне морфологиялық талдау жүргізу.


  1. Гербарий экземплярлары бойынша 2-3 гүлді өсімдікке морфологиялық сипаттама бер. Талдауды мына жоспар бойынша жаз.

Гүлдің морфологиялық сипаттамасы

  1. Гүл – дара гүл (жапырақ қолтығында немесе бұтақтың басында орналасқан) немесе гүл шоғыры.

  2. Гүл – бір үйлік, қос жынысты: дұрыс (актиноморфты), бұрыс (зигоморфты).

  3. Гүл шоғыры – анықталмаған немесе анықталған (олардың ішінде қандай түрлері).

  4. Гүл жапырақшалары – көлемі, пішіні, түсі.

  5. Гүл серігі – қос немесе дара (күлтелі немесе тостағаншалы), біріккен гүлсерікті немесе дара, қанша тостағанша немесе желек бар.

  6. Гүл серігі – 1). Тостағанша (К) – дұрыс, бұрыс, біріккен жапырақты, дара, жай, күрделі, неге тостағанша бар, бүктелген бе, жылтыр ма, түсі.

2). Күлте (С) – дұрыс, бұрыс, дара немесе біріккен желекті неше желегі бар, түсі.

  1. Андроцей (А) – аталық саны, биіктігі бірдей немесе әртүрлі, бірігіп өскен немесе дара, қалай біріккен, желекке қарағанда қалай орналасқан.

  2. Гинецей (Д) – дара өскен (апокарпный), бірігіп өскен (синкарпный), аналықтың мойынының, аузының сандары, түйіннің түрлері, түйіннің ұясының, тұқымбүрінің саны. Гүл диаграммасының суретін сал, формуласын жаз.

  3. Жеміс – құрғақ, шырынды, қақырайтын, қақырамайтын жеміс түрлері.

  4. Тұқым, оның пішіні мен көлемі.


ӨСІМДІКТІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.


  1. Тамыр – кіндік тамыр, шашақ тамыр, тағы басқа түрлері, оның ұзындығы, жалған тамыр.

  2. Сабақ (жер астындағы) – жертамыр, түйнек, пиязшық, оның көлемі.

  3. Сабақ – ағаштан, шөптесін, жай немесе бұтақталған, бұтақталу түрлері. Көлденең кесіндісі бойынша: дөңгелек, қабысқан, ұшқырлы, төртқырлы, қабырғалы, тіктұратын, тырмысып өсетін, бетінде түгі бар немесе жылтыр. Сабақтың биіктігі.

  4. Жапырақ – қондырмалы немесе сағақты, орналасуы (қарама-қарсы, кезектесіп, топтасып). Бөбешік жапырақтары бар ма. Күрделі немесе жай, жапырақ тақтасының формасы. Мұртша, тікенше, жапырақ жиегі; тегіс жиекті, дөңес жиекті, ара тісті, доға тәрізді, параллельді, тісті бөлімшелі. Жүйкеленуі: тор тәрізді, доға тәрізді, параллельді, жылтыр немесе түкті. Әр түрлі жапырақтылық


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕР, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР, КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Әдістемелік нұсқау: Жалпы курстық жұмыстар 20-25 беттен тұруы қажет.

  1. Жоспар

  2. Кіріспе

  3. Негізгі бөлім

  4. Қорытынды

  5. Қолданылған әдебиеттер (Әдебиеттер тізімі 15 – тен кем болмауы қажет)

Сонымен қатар қолданылған әдебиеттер соңғы мәліметтермен сәйкес болуы керек.

Курстық жұмыстар тақырыбы:

1. Жапырақтың құрылысы далалы аймақта өсетін және көлеңкеде өсетін өсімдіктердің

анатомиялық құрылысы. Олардың айырмашылығы.

Каденова


2. Өсімдік жапырағының өскен ортасына бейімделушілік қасиеті. Жапырақтың түсуі.

Хайруш


3. Ұлпалар. Олардың түрлері, қызметі.

Искалиева

4. Клетканың бөліну жолдары.

Абдрахманова

5. Сабақтың алуан түрлілігі.

Даргалиева

6. Гүлдің құрылысы, маңызы.

Валиева


7. Тозаңдану.

Жұбанов


8. Ұрықтану.

Алимгалиева

9.Жемістің түрлері, маңызы таралу жолдары.

Қуанышқалиева

10. Тамырдың анатомиясы, морфологиясы.

Баймұрзиева

11. Гүл шоғыры оның маңызы.

Кадиева


12. Өркен және бүршік.

Ильясова


13. Өсімдіктің көбеюі оның маңызы.

Даньярова


9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Курс бойынша жазба жұмыстарының тізімі (реферат тақырыптары)

  1. Өсімдік жасушасы / Өсімдіктердің жасушалық құрылысының зерттелуі/.

  2. Ұлпалар / Ұлпаларды жүйелеу принциптері /.

  3. Ұрық және өскін.

  4. Тамыр және тамырлар жүйесі.

  5. Жапырақтың морфологиялық құрылысы.

  6. Сабақтың морфологиялық құрылысы.

  7. Гүл / Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы/, /Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы/

  8. Гүлшоғыр.

  9. Жемістер.

  10. Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары.


I. апта

1.Өсімдік клеткаларының бөліктері.

1. Өсімдік клеткасының алуан түрлілігі. Пластидтердің субмикроскопиялық құрлысы. Цитоплазманың коллоидты қасиеті.


А. Ә рбір бөлігінің функциясы.

Б. Протоплазма мен ядроның құрлысы.

В. Вакуоля және клетка шырыны.

Г. Клетка қабықшасы.

Д. Клетка бөліктенінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері(протоплазма, ядро, клетка қабықшасы).
2. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын пияз қабықшасының клеткасынан зерттеу, оны суретін салу.

3. Пластидтерден препараттар дайындау және микроскоп арқылы қарау, суретін салу.



II. апта

1. Бұршақ тұқымын мысалға ала отырып, алейрон дәндерін зерттеу, оның суретін салу.

А. Крахмал дәндерінің құрлысы мен қасиеттері, олардың ерекшеліктері.

Б. Алейрон дәндерінің қасиеттері, крахмал дәндерінің айырмашылығы.

В. Майлардың қасиеттері, маңызы.

Г. Кристалдардың құрлысы, түрлері мен пішіні және биологиялық маңызы.

2. „Өсімдік жасушасындағы қор заттары” тақырыбнда қарастырылған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Есептесу.

III. апта

1. „Жасаушы ұлпа” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.

2. „Жабын ұлпасы” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

А. Жабын ұлпаларының классификация.

Б. Жасмықшаның құрылыс ерекшеліктері.

IV. апта

1. „Өткізгіш ұлпа„ тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретінсалу , түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.

2. „Механикалық ұлпа” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретінс салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.
А. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың функциялары.

Б. Механиқалық ұлпалардың түрлері, олардың құрлысы мен айырмашылықтары.

В. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың бір-бірінен айырмашылығы.

3. “Ұлпалар” тақрыбында қарастырылған обьектілердің суреттерін және олардың түсінктемелерін тапсыру. Олардың элементтеріне және атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу.


V. апта

1. „Тамыр морфологиясы” тақырыбында қарастырылған обьектілерді суретін салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.

2. Тамырдың анатомиялық және морфологиялық құрылысы” тақырыбына сай зерттелген обьектілердің суретін салу.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

VI. апта

1. „Өркен” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.

2. „Тамыр жемістер” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.

3. «Өркен» тақырыбында реферат дайындау.


VII. апта

1. „Сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысы” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін аяқтау, түсініктемелерін толтыру. Тақырып бойынша есептесу.

2. “Сабақ” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суреттерін салу және оларға түсініктеме беру. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

А. Даражарнақтылардың сабағының алғашқы анатомиялық құрлысы.

Б. Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысы.

В. Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысының ерекшеліктері.

Г. Үйеңкі /жөке ағашын алса да болады/ мен қарағай сабақтарының айырмашылығы.

Д. Жылдық сақина, оның пайда болуы.


VIII. апта
1. „Жапырақ анатомиясы” тақырыбында қарастырылған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.

2. „Жапырақ алуан түрлілігі” тақырыбында қарастырылған обьетілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу.

А. Көлеңкеде, жарықта өсетін өсімдіктер.

Б. Жапырақ бөлімдері.

В. Жапырақ қызметі.

Г. Жай, күрделі жапырақ түрлері.

Д. Телімді, тілімді, бөлімді жапырақ.

Е. Гетерофилия мен метоморфоз.

Ж. Жапырақтың орналасуы.
IХ. апта

1. „Өсімдіктің көбею жолдары” тақырыбындағы практикалық сабаққа теориялық жағынан дайындалу.

2. „Вегетативті жолмен көбею” тақырыбында қарастырлыған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерді жазу.

3. «Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею» тақырыбында қарастырлыған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерді жазу. Тақырып бойынша есептесу.
Х. апта

1. „Гүлдің генеративті мүшелері” тақырыбындағы практикалық сабаққа теориялық жағынан дайндалу, жұмыс жоспарын жазу,бақылау сұрақтарына жауап беру.

А. Гүлдің құрлысы және оның атқаратын қызметтері.

Б. Гүл бөліктерінің орналасуы.

В. Бір немесе қос гүлсерігі бар актинаморфты гүлдердің құрлысы.

Г. Әртүрлі типті күлтесі бар зигоморфты гүл.

Д. Біріккен желекті және дара желекті гүлдер.

Е. Түйіннің түрлерін мысалға келтіріп, атап бер.


ХI. апта

2. „Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез” тақырыбында қарастырлған обьектілердің суретін салу, түсініктемелерін жазу. Тақырып бойынша есептесу.


А.Гүлдің андроцейі мен генецейі.

Б. Насеком арқылы тозаңданатын өсімдіктер тозаңының желмен тозаңданатын өсімдіктер тозаңынан айырмашылығы.

В. Тозаңның құрлысы.

Г. Тозаңдықтың құрлысы.

Д. Тұқым бүршігінің түрлері және оның құрлысы.

Е. Гүл бөлшектерінің орналасуының заңдылықтары.



ХII. апта
1. Гүл шоғыр” тақырыбындағы практикалық сабаққа теориялық жағынан дайындалу. Жұмыс жоспарын жазу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
А. Гүл шоғыры деген не?

Б. Анықталмаған гүл шоғыры.

В. Анықталған гүл шоғыры.

Г. Гүл шоғырларының негізгі түрлері.

Е. Гүл шоғырының биологиялық маңызы.
ХIII. апта

1. „Жеміс” тақырыбында өтетін практикалық сабаққа теориялық жағынан дайындалу. Жұмыс жоспарын жазу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

А. Жеміс деген не?

Б. Жеміс классификация.

В. Құрғақ және шырынды жеміс деп нені айтамыз?
ХIV. апта

1. Өсімдіктердің экологиялық топтарға бойынша жіктелуіне сипаттама беру.

2. Өсімдіктердің К.Раункиер классификациясы бойынша жіктелуін қарастыру.
ХV. апта
1. Өсімдіктерді „морфологиялық талдауға” қажетті тақырыптарды қарастыру.

2. Өсімдіктерді морфологиялық талдауын аяқтау.

3. Өсімдіктердегі жастық және маусымдық өзгерістер тақырыбын қарастыруды аяқтау.
Гүл шоғыры.

Гүл шоғырының түрі


Қысқаша сипаттама

Өсімдік түрі

Жай гүлшоғы.

1. Шашақ гүл


Гүлшоғының осінде орналасатын жеке гүлдердің сабақтары ұзынды, қысқалы болып шығады.

Мойылда, иваншәйда, ұзынжапырақты бөденешөпте.

2. Масақ гүл

Ұзынша келген осьтің бойына бір сыдырғы орналасқан жеке гүлдердің өзінше арнаулы гүл сағақтары болмайды, а болса өте қысқа.

Бақажапырақта (подорожник), сүйсінде (ятрышник), есекшөпте (ослинник), т.б.

3. Собық гүл

Құрылысы жәй масақ гүлдікіндей болады да, ерекшелігі – негізгі осі жуан, етженді, собық болады.

айырда (аир), жүгеріде, каллада (калла).

4. Қалқанша гүл

Негізгі осінде сағақтарының ұзындығы әртүрлі гүлдер бір деңгейде орналасады.

Алмада, алмұртта т.б.

5. Шатыр гүл

Негізгі осі қысқарады да, ұзыннан шоғырлана дамыған гүлдер өсіп шығады. Олардың сағақтарының ұзындықтары біркелкі.

Сүйел шөпте (чистотел), тасшы гүлде (проломник).

6. Шоқпарбас гүл

Шашақ гүлшоғы тәрізді, бірақ мұның басты осі қысқарып, кейде етженді болады. Бұл сиақты шоқпарбастанған осьтің үстіңгі бетіне көптеген жеке гүлдер өзара тығыз орналасады.

Құмақ жоңышқада (люцерна хмеловая), бедеде (клевер).

7. Себет гүл

Негізгі осі етженді, дөңгелек, стінні беті жазық, бірақ оның ортасы ойыста, дөңесте болуы мүмкін. Жазық осьтің бетіне көптеген ұсақ гүлдер орналасады да, шеткі жиегін жапырақ қоршап жатады.

Күнбағыста, көкіреде, тағы да басқа күрделі гүлді өсімдіктерде кездеседі.

Күрделі гүлшоғы.

1. Рацемозды күрделі гүл шоқтары:

а. Қосарлы шашақ гүл.



Гүлшоғының ұзарған, моноподийлі басты осінде шашақ гүл орналасады.

Бұршақ тұқымдастар өкілдерінде.

б. Күрделі шатыр гүл

Гүлшоғының қысқарған басты осінде ұзындықтары біркелкі, екінші реттегі осьтерде жай шатыр гүлдері болады. Мұндай жай шатыр гүлшоғының жеке гүл сағақтарындағы гүлдің орнына бірнеше гүл сағақшалары шоқты өсіп, дамып, олардың ұштарында өз гүлдері болады.

Шатырша гүлдер өкілдерінде.

г. Күрделі масақ

Көптеген астық тұқымдастарында күрделі масақ гүлшоғы болады. Бұл жағдайда, ұзарған басты осьте жай масақтар орналасады.

Бидайда, қара бидайда арпада, т.б.

д. Сыпыртқы гүл

Қосарлы шашақ гүл шоғына қарағанда, сыпыртқы гүлшоғының төменгі гүл шоқтары жоғарыдағылардан жақсы дамып, күшті тармақталған.

Сиреньде, шетенде (рябина), шәңкіште (калина), лабазникте.

2. Цимозды күрделі гүл шоқтары:

а. Дихазий



Цимозды гүл шоғының ішіндегі ең қарапайымы. Дихазийда гүлмен бітетін әрбір осьтен келесі реттің екі осі шығып отырады. Мұнда жаңа осьтер аналық осьтің жоғарғы бөлігінде пайда болады.

Қалампырда (гвоздика), төнге жапырақта (манжетка), т.б.

б. Монохазий

Жалғыз сәулелі, анықталған гүл шоғы деп те аталады. Гүлшоғында алғашқы гүл, осьтің ұшында орналасып, оның төменгі жағынан екінші ось дамиды да, ұшынан өзінше гүл қалыптасады.

Ирек гүлшоғы (гравилатта, гладиолуста).

Бұйра гүлшоғы (майтамырда, балшытырда).



г. Плейохазий

Көп сәулелі анықталған гүл шоғы деп атайды. Мұнда әрбір аналық осьті бір, екі немесе шоқтанып орналасқан көп жанама осьтер алмастырады.

Сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет