Жаратылыстану-математика


Практикалық сабақ мазмұны



бет14/21
Дата26.02.2016
өлшемі3.87 Mb.
#26447
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Практикалық сабақ мазмұны


Су айрық баурайынан топырақтың шайылуының негізгі заңдылығын анықта. Ол үшін алдын-ала баурайдың әр түрлі бөлігінен 1 га. Ауданынан шайылған материал мөлшерін есептеу қажет. (56 кесте) 100 м² (аудан ұзындығы 100м, ені 1 м) ауданнан шайылатын материал көлемі (м³) – жыраның орташа ені мен оның орташа тереңдігіне және орташа ұзындығы мен санының көбейтіндісне тең. 1га ауданның топырақ шайындысы мына формуламен есептеледі. R=V· 100 , мұндағы R- шайынды, м³/га; V- 100м²/м³ ауданындағы шайынды материал көлемі.

Су айрық баурайының көлденең профилін құр және оның баурайындағы топырақтың шайылу дәрежесін бағаналы диаграмма түрінде көрсет.



Әдістемелік нұсқау:Дәптерге тапсырмада берілген формула бойынша топырақ шайындысы есептеліп, шайылу дәрежесін көрсететін бағаналы даиграмма салынады.

Әдебиеттер:


К.В.Пашканг Практикум по общему землеведению М, 1982135-137 бет, 3-тапсырма
8 практикалық сабақ

Тақырып: Флювиальды рельеф.

Мақсаты:Меандр, жайылма, терраса, өзен аңғарының құрлысымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Дәптерлеріңе меандрланатын өзеннің арна бөлігіннің схемасын сал. Осы схемаға шартты белгі арқылы мына элементтерді көрсет: иірім, сумен шайылатын жаға, арна маңы қайраңы, вал, стержендік ағыс, иірім түбіндегі ағыс, өзен ағысының бағыты.





  1. 24- суретті пайдаланып жайылманың типін анықта, қалыптасуын түсіндір.(опырылған, сегменттік, қатар-жалды)



3.Дәптерлеріңе өзен аңғарының көлденең қима схемаларын сал және оларға қысқаша сипаттама бер. Террасалардың типін анықта (аккумклятивті, цокальды, эрозионды).



Әдістемелік нұсқау: Дәптерге тапсырмада берілген меандр, жайылма, өзен аңғарының көлденең қимасын, террасаның схемалық сызбасын салып, олардың түрлеріне қысқаша сипаттама беріледі.

Әдебиет:


Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 39-40 бет.
9 практикалық сабақ

Тақырып: Карст рельеф.

Мақсаты: карсты рельеф формаларының таралу территориясымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

Дүние жүзілік контур картаға шартты белгімен карст рельефінің таралу жерлерін түсір. Тапсырманы орындау кезінде геологиялық және тектоникалық картаны пайдалан. Бұл жерлерде карст рельефінің түзілуі қандай геологиялық процестерге байланысты?



Карст рельефінің таралу аудандары.

Европа Азия

1.Альпы 16.Дунай ойпаты 1.Алтай 11.Становой үст.

2.Апенин 17.Донецк бұйраты 2.Аравия түбегі(бат) 12.Сихотэ-Алинь

3.Балкан түбегі 18.Кавказ 3. Гималай 13.Минусинк

4.Британ аралдары 19.Прибалтика 4. Гиссар жотасы қазан шұңқыры

5.Валдай қыраты 20.Волга маңы қыраты 5. Загрос тауы 14.Шань таулы

6.Готланд аралы 21.Орта орыс қыраты 6.Үндіқытай түбегі үстірті

7.Карпат 22. Урал 7.Копетдаг 15. Оңтүстік Қытай

8.Қырым таулары 23.Уфа үстірті 8. ҮлкенЗонд аралдары

9.Кама-Чусовая өз. аңғ. 24.Орталық массив 9.Лена –Алдан үстірті

10.Онега- Солт.Двина өз. аңғ. 25.Оңтүстік Швеция 10.Кіші Балхаш

11.Пеннин таулары 26Эланд аралы.

12.Пиреней түбегі

13.Подольск қыраты

14.Москва маңы

15.Польесе



Солтүстік және Орталық Америка Африка

1.Аппалач тауы 1.Атласс тауы 4.Оңт.Африка

2.АҚШ:Кентукки, Индиана, 2. Ливия шөлі (солт.) 5.Занзабар,

Миссури штаттары. 3. Сомали түбегі Мадагаскар ар.-ры

Флорида, Юкатан,Теннесси, Австралия

Нью-Мехико аралдары. 1.Голубые тауы

3. Багам, Бермуд, Куба, 2.Нулларбор жазығы

Ямайка аралдары 3. Жаңа Зеландия, Тасмания аралдары.



Оңтүстік Америка

Анды тауы.



Әдістемелік нұсқау:Тапсырмада берілген карсты рельеф тараған аудандар тізімін пайдалана отырып, шарты белгі бойынша контур картаға карст рельеф формалары түсіріледі.

Әдебиет:


Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 42- бет 1 тапсырма.
10 практикалық сабақ

Тақырып: Суффозды рельеф.

Мақсаты: Суффоздф рельеф формаларымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Географиялық атласты пайдаланып, суффозды рельеф тараған аудандарды анықтап, контур картаға шартты белгімен түсір.



Әдістемелік нұсқау:Контур картаға суффозды рельеф тараған аудандар шартты белгі арқылы түсіріледі.

Әдебиет:


Георафический атлас учителя
11 практикалық сабақ

Тақырып: Көшкін рельеф.

Мақсаты:Көшкіннің құрлысымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

1.28 сурет бойынша көшкін рельеф формаларына сипаттама беріп және пайда болу процесін түсіндір.





Әдістемелік нұсқау:Дәптерге тапсырмада берілген суреті салып, көшкін құрылысмен танысып, қысқаша сипаттама беріледі.

Әдебиет:


Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 44- бет 1 тапсырма.
12 практикалық сабақ

Тақырып: Мұздық рельеф.

Мақсаты: төрттік дәуірдегі мұз басу кезеңінің шекарасымен танысу.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Дүние жүзілік контур картаға Солтүстік Америка және Евразия материгінде тараған төрттік дәуірдегі мұз басу кезеңінің оңтүстік шекарасын түсір.

а)мұз басу шекарасымен рельеф арасындағы байланысты түсіндір.

ә)Евразиядағы мұз жамаылғысының батыстан шығысқа қарай азаю себебін түсіндір.

б)картадан мұзданудың негізгі орталықтарын белгіле.

Тапсырманы орындау мына мәліметтер,29-30 суреттер негізінде жасалады.



Солтүстік Америка.

Мұздану орталықтары:Кордильер, Киватин (62ºс.е. 98ºб.б.), Лабрадор (59ºс.е. 69ºб.б).

Мұзданудың максимальдық оңтүстік шекарасы: Флаттери мүйісінен шығысқа қарай Грейт-Фолскқа--- Миссури өзенімен Миссисипи өзенінің оң жақ жағалауымен Огайо өзенінің сағасына---Уилингке----Онтарио көлінің оңтүстік бөлігімен---Хорнелге----Хорнелден Нью-Йорктің солтүстігінен өтеді.(Алясканың солтүстік бөлігі мұзбен жабылған жоқ).

Евразия.

Мұздану орталықтары: Британ, Скандинавия, Солтүстік- Урал, Жаңа жер, Таймыр, Норильск.

Мұзданудың максимальдық оңтүстік шекарасы:Бристоль шығынағынан---Темза өзенімен---Орта –Герман таулары(Рейн сланец тауы, Гарц, Тюринген орманы, Руда тауы,Судет)---Карпат етгімен---Луцк---Сарны---Словечна---Житомир---Днепр өзенімен---Орели өзені сағасы---шұғыл солтүстікке қарай Орта орыс қыратының батыс бөлігімен Брянскге дейін,оңтүстікке қарай Козельск---Белева---Тула---Орта орыс қыратының шығыс бөлімен (Епифань, Елец) Хопра және Медведица өзендерінің құяр сағасына дейін---Волга маңы қыратының батыс бөлігімен солтүстікке қарай Пенза арқылы Волганы кесіп өтіпСура өзеніне---Киров қаласы---Урал тауы 62ºс.е. ---солтүстікке қарай Конда өзені---Демьянки өзені сағасы(Ертіс салассы)---Үлкен Юган өзенінің жоғарғы бөлігі—Кішкене Юган өзенінің жоғарғы бөлігі---Обь өзені Ваха өзені сағасы---оңтүстікке қарайСым өзені бастауы---Енисей өзені---Тунгуска өзені бастауынан жоғары---Марха және Оленек өзендерінің жоғарғы бөліктерімен өтеді.

Әдістемелік нұсқау:Тапсырмада берілген номенклатура бойынша контур картаға Солтүстік Америка және Евразия материгінде тараған төрттік дәуірдегі мұз басу кезеңінің оңтүстік шекарасын түсіріледі, сұрақтарға жауап беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет