ӘТН тапсырмасы
1.Оқылым мәтінінен сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңыз.Сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз.
1.Синтетикалық:___________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Аналитикалық:__________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Лексика–семантикалық тәсіл:_______________________________________________________________________
_
Оқылым
№3 нұсқа Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды ғана құрайды. Бір қызығы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді. Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты – денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясының операторларының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты. Олардың құны 0,29 пайызды құрайды. Яғни, өміріңізді он миллион тенгеге сақтандырсаңыз, жылына жоғарыда айтқан пайызды, нақтырақ, 29 мың теңге төлейсіз. Алайда өміріңізді 10 миллионға сақтандырғаныңызбен, алдағы уақытта оқыс жағдай орын алғанда, ол соманың барлығы төленеді деген сөз емес. Өйткені компания ең алдымен қандай жағдай болғанын анықтап, өздерінің белгіленген пайызымен бағалай келе, нотариус арқылы түзілген құжатпен отбасыңызға немесе туыстарыңызға сақтандыру сыйақысын төлейтін болады. Ал жоғарыда айтылған «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясында 18-ден 63 жасқа дейінгі кез-келген азамат өмірін 300 миллион теңгеге дейін сақтандыра алады. Қазіргі таңда елімізде адам өмірін қорғайтын жеті бірдей сақтандыру компаниясы бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән бағалары және белгіленген төлем пайыздары бар. Бақдәулет ТАЛИПОВ
Жазылым
Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауды, абзац бен бөліктерге бөлуді, ойыңызды логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізуді, жазылымға сай стильді ұстануды ескеріңіздер. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу» эссесі, аргументативті эссе). Сөз саны-140-150
3 «Өз өміріңді сақтау - өзіңе деген жауапкершілік» тақырыбында дискуссивті эссе жазыңдар.
Эссе жазу барысында төмендегі клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.
абзац
Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/.
Бұл халық арасында саналады...
Адамдар жиі бекітеді, ..
Көп адамдар ойлайды, ..
Кейбір адамдар қарсы...
абзац
Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар
Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім
Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар
Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге
Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар...
Ең жақсы. Ол..туралы..табылады... Көзқарасты санамалап шығу фразалары
Біріншіден, ең әуелі...
Бірінші кезекте...
Содан бастайық...
Екіншіден,үшіншіден, ақырында...
Соңғы кезекте емес...
Жаңа аргументтер қосатын фразалар
Бұдан басқа...
Сондай-ақ...
Бұдан басқа,..сондай-ақ...
Тек қана емес...
Бұдан өзгеше...
Ол туралы сөйлемей-ақ, ...
абзац
Кейбір адамдар ойлайды, ...
Алайда олар түсінбейді, ...
Олар есепке алмайды,..
Олар ұмытады,...
Кейбір адамдар сендіреді,...
Мен онымен келісе алмаймын, өйткені...
Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені...
абзац
Қорытынды фразалар
Толықтай алғанда...
Қорытындысында...
Қорытындылай келе...
Барлық жағдайларды ескере отыра...
Соңында...
Барлығын ескере отыра...
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |