өмiрге деген құштарлық сырын айқындайды.
Осыған байланысты дүниетанымның тағы бiр айырмашылығына тоқталсақ, европалық елдерде әдiлетсiздiктен, өмiрдiң қиыншылығынан, көрместi көргендiктен бастағы шаш ағарды, ағарады дейдi.
Қазақ елi мың өлiп, мың тiрiлген өмiрiнде, бастан өтпеген қиыншылық қалмаған күнде де, адамның кеудесi шүпiлдеген шер болатынын әмісе білді; (неге десең, ел мәңгiлiк, ал жеке басқа келмек бар да кетпек парыз екенi белгiлi болғандықтан); сонда да қызықпенен ағарар бастағы шаш деген даналық философияға ие. Елдердiң бiр-бiрiнен ерекшелiгi де, сонымен бiрге ұқсастығы да осы өмiрге деген көзқарасында, дүниеде өмiр сүрудiң мәнi жайын өзінше білуде, өмір сырына өзінше үңілуде.
Осы рухани арқауды ары қарай тарқатқанда, адамның бұл өмiрдегi жетiстiктерi, әрине, еңбегiне, iсiне байланысты. Адамның еңбегi – iсi көп салалы, сан алуан, әр түрлi бағытты, сол еңбегiнiң қоғамдық маңызы зор және жемiстi болады. Бұл қызметi, әрине, адамның рационалдық ой өрiсiне негiзделiнедi, негiзделiнген; сондықтан адамның, жалпы адамзаттың алдына қойған мақсатына қолданған құралы сай келедi, сол арқылы жеткен нәтижесi де белгiлi. Қоғамның прогрестiк дамуы да еңбегi – iсiне байланысты. Бұл жағынан алғанда, адамзаттың қол жеткен жетiстiктерi (әсiресе, қазiргi заманғы ғылыми дәреженi алғанда) айқын. Iсiне байланысты адамның ой-парасаты, тапқырлығы, таланттылығы шексiз дамиды. Алайда адамның ұлылығы тек қана iсiнде емес, қол жеткен табыстарында ғана емес, кеңiнен алғанда, өмiрдi сезiнiп бiлудегi, түсiнудегi iсiнде (деятельность), ерекше рухани тәжiрибесiнде.
Ал, эстетикалық тұрғыдан алғанда адамның ұлылығы Жарық дүниенi көруде, оны сезiнiп бiлiп, түсiнiп көруде, және сол көру-бiлу арқасында Жарық дүниенi терең сезiнiп бiлу, Жарық дүниемен дұрыс қарым-қатынас құру, дұрыс қарым-қатынаста болу. Бұл аталып отырған қарым-қатынас жүйесi адамның iсiне, рационалдық ой-өрiсiне ғана негiзделмейдi.
Өмiрдiң сан сырын сезiну, әлемнiң құпиясымен шектесу, болмыстың сан алуан қырына үңiлу – адамның тек қана iсiне байланысты емес, бұл айтып отырған биiктiк ерекше созерцание дүниетанымына байланысты. Бұл биiктiк адам мен Жарық дүние арасындағы қарым-қатынаста, сол қарым-қатынастың ерекше этикасының және эстетикасының философиялық мәнiнде жатыр.
Философиялық тұрғыдан алғанда, Жарық дүние – макрокосм, адам — микрокосм делiнедi. Шексiз шырқалған Ғаламда жер бетiн басып жүрген жұмыр басты адамда ортақ бiр қасиеттiлiк бар. Ол мынада: Жарық дүние дегенде – оны жан-жақты бiр тұтастық макрокосм деп бiледi; адам дегенде – оны жан-жақты бiртұтастық микрокосм деп бiледi.Бұл белгілі ой тұжырым. Бұл жерде біз көтеріп отырған мәселе басқада.Бұ жердегі қолқа жүрек мәселесі – қазақ қөалай осы екі дүниенің өзара іштей байланысын апарып өзінің өмірлік салтанатына айналдырған. Бұл жердегi қолқа жүрек – ортақ қасиеттiлiк — осы екi дүниенiң өзара iштей байланысына апарып, өмiрлiк салтанатқа айналады. Екiншiден, Ғаламға әр түрлi деңгей (төменгi, орта, биiк) тән. Ғаламның сонымен қатар ерекшелiгi — әр түрлi, әр дәрежедегi деңгейлерi бiр-бiрiмен байланысты: төменгiсi жоғарғысымен, ортаңғысы төмен, жоғарысымен, тағысын тағы, бiр-бiрiмен байланысы әсерлi, ажырамас түрде дамиды, осы өзара байланыстардың ерекше эстетикалық мәнi бар.1
Адамда жан-жақты бiртұтастық қасиеттiлiк арқасында Жарық түрлі дүниенiң түрлі деңгейлерiн сезiнетiн, байқайтын, қабылдайтын өзiне тән деңгейлерi бар. Жарық дүниенiң төменгi, орта, аса биiк деңгейлерi әр түрлi және әсерлi үзiлiссiз байланыста болса, адамда да аталған деңгейлерi үзiлiссiз байланыста.2 Осы жерде бiр түйiп қоятынымыз: осы айтылған қасиеттiлiк арқылы адам Жарық дүниемен iштей қарым-қатынас құрады, екi жақты байланыста болады.
Осы айтылған қарым-қатынас қандай негiзде, қалай қалыптасады? Бұл жағына тоқталсақ, айтып отырған рухани мәдениеттiң, бұл рухани жетiстiктiң, әрине, техникалық жетiстiктерге байланысы жоқ. Қазiргi заманның өзiнде космосты игерудегi жетiстiктi айқын бiле тұра, Жарық дүниемен қарым-қатынаста болу адамның рухани қуатына байланысты деймiз, ата-бабаларымыз ұшы-қиыры жоқ Ғаламды қиял, ой көзiмен шолып, бiлiп отырғандықтан ерекше дүниетаным пайда болған. Бұл дүниетанымдық рухани тәжiрибе созерцание делiнедi. Көзбен көрудiң ерекше дүниетанымға айналуының көп сырлары бар. Көшпелі түрде өмір сүретін қазақ елiн алсақ, өмiр сүруiнiң рухани шарты сол көзбен көргендiкпен байланысты. Қазақ алдында малын, аспанда жұлдызды бағады. Қазақтың жақсы бiлетiнi: даланың, жер бетiнiң ең жаман жауы – ол қойдың тұяғы. Жиi-жиi жайылым жерiн ауыстырып отыру керек, әйтпесе мал жайылып тұрып алған жердi қара топырақ қылып бiр-ақ шығарады. Ауа райын бағып, дер кезiнде малын жылжытып отырған қазақ жұлдызды аспанға қарау – күнкөрiстiң қажеттiлiгi деп бiлсе, екiншiден, жұлдызды, айлы нұрлы аспан көз алғысыз көркем; үшiн-шiден, жұлдызды шексiз шалқар адамның қиялына қанат бiтiредi; көзбен көрiп бiр толқыса, қиял қанатымен Жетi қабат Көктi — Ғаламды аралап тағы толқиды, ой көзiне салып тағы шырқайды. Жарық дүниенiң көз алғысыз көркемдiгiн көрiп, шiркiн, көңiл шарықтап қиялдайды, содан болар, қазақ «жұлдызды аралап, ай нұрын ұстап мiнiп» (Бұқар жырау), ғаламның сырларына қанық бола бiлген. Бұл — ешқандай ертегiге бергiсiз рухани деңгей, асқақты деңгей, этикалық, эстетикалық тәжiрибе. Мұндай тәжiрибе адамды iштей әркез мейiрiмдiлiкке бөлеп жүредi.
Қазақ «адам мен әлем бiртұтас» деген философиялық тұжырымға көзбен көрiп, қиял қанатымен жетiп, ой көзiне салып, iштей бiлген тәжiрибесi, көшпелi түрдегі өмiрi арқылы ие болған. Осы рухани сырластық деңгейдi, осы бағытта тоқыған бiлiмдi әдет-ғұрып сырына, өзiнiң эстетикасының негiзiне айналдыра бiлген.
Қазақтың ежелгi әдет-ғұрпы, бұл жағынан алғанда, тұнып тұрған дәстүрлi көзқарастың рухани бұлағы. Мысал ретiнде бiз мынадай әдет-ғұрыпқа тоқталып, мүмкiндiгiмiзше тарқатып көрейiк. Бұл шығысқа өте-мөте тән әдет-ғұрып — иiс мәдениетiне байланысты; иiс дүниенiң ең терең құпия нәрiне (сущность) байланысты деп бiледi ғой.
Қазақта ананың құрсағындағы балаға арнап мынадай салт-салтанат (салтанат құру мәнiнде қолданылады) рәсiмiн жасайды. Аяғы ауыр анаға ең алдымен таң алдында сауылған бие сүтiнiң көбiгiн, содан кейiн күндiзгi сауылған сүттiң көбiгiн, содан соң кешкi сауылған бие сүтiнiң көбiгiн жегiзедi екен; сонымен қоса ананың бетiне көбiк жағады екен.1 Сол арқылы құрсақтағы нәрестеге ананың көбiкпен жұтқан ауаның иiсi арқылы Жарық дүниемен, туған жерiмен алғаш «таныстырып», информация берiп отырады екен. Сонда таң алдындағы Ғаламның, ай-жұлдыздың ауасымен, туған жердiң салқын самал иiсiмен бiр «таныстырса», күндiзгi шуақты күннiң ауасының иiсiмен екi «таныстырады», кешкi мезгiлде бұрқыраған туған жер иiсiмен дүниеге келмес бұрып тағы «таныстырады». Нәрестенiң бұл Жарық дүниемен «кездесуi-танысуы» иiс арқылы болғандықтан, бұл байланыс-танысу қарым-қатынастық сезiм арқылы дамиды, бұл ажырамас-үзiлмес сезiм қан арқылы дариды, рухани кiндiктестiк деңгейде сана-сезiмге енедi, сана астарында жүредi, бұл алғашқы рухани уызы өзiне мәңгiлiк болады. Бұл рухани жетiстiктiң тағы бiр ерекше мәнi бар.
Қазақтың рухани күш-қуат жөнiндегi әдет-ғұрып сырына үңiлсек, мынадай аса бай және терең деңгейлердi байқаймыз. Қазақ елi, бiрiншiден, рух пен рухани қуаттың адам өмiрiнде маңыздылығын ерекше бiлген; екiншiден, мұны бiлiп қана қоймай, сол аса маңызды қасиет-тiлiктi адамға молынан дарыта бiлген; үшiншiден, ең бастысы — рухани күш-қуатты адам өзiнiң күнделікті өмірінде Ғаламмен қарым-қатынасын негiзге айналдырған.
Жарық дүние мен адамның қарым-қатынасы жан-жақты деңгейлi болғандығын көрсете отырып, сонымен қатар оның iшiнде ерекше мән беретiндерi де болғандығын байқаймыз. Мысалы, ана құрсағындағы нәрестеге деген көңiл бөлу, оның алты айлығында елi мен жерiмен «таныстыру» тағы бiр биiк деңгейге көтерiледi. Осы кезде ананың көңiл-күйiне аса мән берiп отырады, көңiл-күйi көтерiңкi болу үшiн сан алуан рәсiмдер өткiзедi. Анаға арнап «келiн көңiлi» деген той-томалақ жасайды. Бұған ауыл жастары, әншi-күйшiлер арнайы шақырылады. Жиналған адамдар бұл арнаулы жиынды аса бiр шуақты, мейiрiмдi, көтерiңкi көңiлмен өткiзуге тырысады. Осы кезде анаға көп ән-күй тыңдатып, ойын-күлкi құрады.1
Ежелгi философияда болмыстың өзi музыка (философияда онтология дейдi), болмыс дегенiмiз — тұнып тұрған музыка, болмыстың «құрылымы» да музыка, музыкадан ғана тұрады, болмыстың мәнi де, сәнi де бiртұтас музыка деп бiлген. Осы көзқарасқа байланысты әл-Фараби де Жарық дүние жетi қатының қимылының, айналысының музыкасы туралы дегенi бар.
Осы тұрғыдан киелi қобызды, қобыз күйлерiн еске алсақ, ерекше дүниетанымның сырын байқаймыз. Қорқыт Ата есiмiне байланысты аңыздардағы аңыраған қобыз күйi ойландырады, толғандырады. Аса кең тараған белгiлi аңыз Қорқыттың өлiмнен құтылу үшiн бармаған жерi, баспаған тауы қалмаған дейдi. Ол қайда барса да, әркез алдынан қазылып жатқан көрге кез болады да тұрады. Мұндағы кең тараған ой: пендеге өлiмнен құтылмақ жоқ. Қорқытқа байланысты аңызды көбiнесе осы оймен ғана түйiндейдi. Сөз жоқ, дұрыс. Бiрақ бұл ой түйiнi, бұл тұжырым бұдан көп ерте заманда айтылып кеткен. Қорқыт аңызында айтыл-ған пендеге мәңгiлiк өмiр жоқ деген ой ертедегi шумер дәуiрiндегi Гильгамеш эпосында да бар. Бұл жағынан алғанда, бұл екi рухани мұра ұштасып жатқанын байқаймыз, неге десеңiз, Синлики Унинниның (Гильгамеш эпосының авторы) өмiр-өлiм туралы ойы Қорқыт аңызымен ұштасып, үндеседi.
Бiрақ Қорқыт аңызында өзiне ғана тән аса қасиеттi маңыз бар. Ол мынада: Қорқыт қайда барса да отыра қалып аңыратып тартатын күйiнен, қобыз үнiнен адам мен маңай маужырап тына қалады екен. Осы жерде құпия, ерекше сыр бар екенi анық.
Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл аңыраған күй Қорқыттың сол сәтте өмiрiн сақтап қалу үшiн тартылған күй деп түсiнуге болмайды. Қорқыт – Дана, Қорқыт – Баба, тоқығаны теңiздей ғой; сондықтан аңыраған қобыз күйi арқылы өмiрдiң қимастығы қайтпақпен бiрге болғандығын жырлаумен бiрге, бұл дүниеде адам адам бола бiлу керектiгiн, пендешiлiкпен ғана
Достарыңызбен бөлісу: |