шектелiп, iркiлiп қалмау керектiгiн айтып күңiренедi. «Көпшiлiк құдайдан бiр-ақ жас кiшi» деген қазақтың этикалық, философиялық тұжырымы бар. Қорқыт Баба адамға осы адамдық асқарлығына толассыз талпыну керек деп аңырайды деп білеміз.. Мұндай биiктiкте болам деген, жетем деген адам сан қиыншылықты кешедi, көрмегендi көредi. Жетедi де. Көкпен де, Жермен де байланысты екi Дүниенi тербеткен қобыз күйi адам өмiрiнiң қысқалығын мегзеп, осы жолда адамның өзiне бой жинауға Көк Тәңiр мен Жарық дүние демеу, арқау деп күңiренедi.
Қазақта пенде өмiрден қайтқанда, дүние аңырап қалады деген бар. Жарық дүниенiң бiр сырлы жағдайда, бiр жайда болғанның өзiнде, пендесi дүниеден қайтқанда, Жарық дүниенiң нұры ерекше бiр iркiлiп барып толқиды да, содан соң өзiне тән күйiне қайта шомады деген бар, қазақ соны біліп тоқыған білем. Мәселе Қорқыттың өлiмнен қашқандығында емес, өмiрдiң мәнiн iштей-сырттай сезiнiп бiлгендiктен, мұхиттай толқып барып, өзiне өзi тоқтау сала бiлгенiнде. Осы жерде бiр тұңғиықтық бар, құпиялық бар. Жер бетiнен пендесi қайтқанда Жарық дүниенiң толастамай төгiлген нұры бiр iркiлiп барып қайта төгiлмей ме деп аңырайды күй; бос қалған маңайда жер бетiнде жүрген пенделер де ойласар, ой қосар деп бiр iркiлiп барып тарқатыла боздайды күй.
Сонда ғана музыка сыр бередi. Қазақ онтологиясы тұрғысынан байқап қарастырса, сонда ғана Жарық дүниенiң қыр-сырына жақындап түсiнесiң деген ой жатыр; бұл жерде адам адам болу жолында қаншама толассыз, дамылсыз еңбек етсе, соншама адамға болмыс сыр бередi, адамдар соншалық рухани сусындағандығын бiледi. Сонда ғана адам Жарық дүниемен гармониялық үндестiкте болып, қоса күңiренiп шалқи алады. Музыканы қазақ елі о бастан Жарық Дүниенің сырымен тіке байланысты деп дамыған. Сондықтан музыка дегенде «үн жинадым тынысқа» дейді. Тыныс,тынысу, тыныстау – қазақ философиясының ерекше категориясы деп білуге болады. «Тыныс ашу» - адамның ерекше бір жайға түсіп бір берекелі, мейірлі жағдайда болып. Көңілі жәй тауып, «бір жасап қалғандай» сәріде болуы.
Бұл жерде айта кететiн бiр жәйт бар: әлем сырына үңiлiп қызығуы – адамның ерекше рухани қасиетi, сонымен қатар ғалам қандай шексiз де шетсiз болса адамның дүниенi сезiнiп танып бiлудегi мүмкiншiлiктерi де шексiз. «Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап мiнсе де қызыққа тоймас адамзат» деген Бұқар жырау толғауы адамның ғаламның шексiз шалқарымен гармониялық түрде шектесу жағдайын байқатады.1 Қазақ осыны күйге самғай сала білген. Қазақ эстетикасыадам мен әлем бiртұтас деген ғажайып философиялық, этикалық, тұжырымды айқындайды.
Бiздiң ойымызша, қазақ елi осы айтып отырған көне шығыс дүниетанымын ары қарай дамытып, мынадай философиялық ой қосқан: адамға, адам өмiрiне рух және нәр болатын осы
Достарыңызбен бөлісу: |