Жарық Дүние мен жан дүние: қазақ онтологиясы


екеуi де керек деп бiлген



бет4/4
Дата28.03.2024
өлшемі120.5 Kb.
#496760
1   2   3   4
Жарық дүние

екеуi де керек деп бiлген, қазақ елiнiң теңдесi жоқ асқан даналығы – осы этикалық,философиялық эстетикалық тұжырымды әрбiр адамның жан байлығына, көңiл-күйiне айналдырып, күнделiктi күйбең тiршiлiгiне медеу қылғандығы. Бұл — теңдесi жоқ рухани жетiстiк. Адамзат рухани iзденiс жолында сан алуан ғажайып жетiстiкке қол жеткiзген. Бiрақ ол көбiнесе жетiстiк ретiнде өз бетiнше қала берген, ал адам өмiрi бiр-бiрiне байланыссыз өз бетiнше баяғыдай жылжи берген.
Ал, бiздiң бұл жерде айтып отырғанымыз – қазақ халқының даналық жетiстiгi – Жарық дүниенi, оның қыр-сырын адам өмiрiне, тұрмыс-салтына біртұтас қылып тоқыған; сол тоқығанды өз алдына бiлiп қана қоймаған, күнделiктi тiршiлiкте әрбiр адам өмiрiне өзегi талмас нәр қыла бiлген. Қазақ халқына жалпы төзiмдiлiк, көнтерлiлiк қасиеттер дарығандығы осы ғажайып рухани жетiстiкке де байланысты болар. Бұл рух жетістігі философиялық, этикалық, эстетикалық негізінен адамның, халықтың теориялық санасы. Мысалы, ай мен жұлдыздың сырына мән бергендiгi соншама, оның маужырап нұр төгiп тұрған кезiне ғана емес, тiптi сол нұрының, сәулесiнiң қалай төгiлгенiне де мән берiп, неге «үйткенiн» де бiлiп, бағып, байқап, «Ұшқындап тұр ғой жарықтық», депте бiлетiн. Осы әсемдiктi Мағжан да асқақтата жырлаған:
Еркетайым, келсең егер қасыма,
Сәулелерден шоқ қадар ем басыңа.1
Қазақ өмiрiнде, дүниетанымында, әдет-ғұрпында Жарық дүние рухани негiз ретiнде түбегейлi орын алған. Мысалы, қазақта адам Көк пен Жердiң ортасында өмiр сүредi деген философиялық ой адамның өмiр бойы рухани өзегi болған. Сондықтан халқымыз Жарық дүниенiң қыр-сырына молынан мән берiп, онымен гармониялық үйлесiмде өмiр сүрiп, оның аржақ-бержақ құпиялықтарымен сырлас болып өмiр сүре бiлген. Әрине, бұған көшпелiк өмiр сүру тиянақты негiз болған, сондықтан Жарық дүниенiң сан-алуан дәреже-деңгейлерiн көңiлге тоқи отырып, онымен үйлесiмдi түрде сырласа бiлiп, өмiр сүрген.
Бұл орайда «тұсау кесер» әдет-ғұрпының астарлы, сан алуан мән-маңызын тарқатып көрсету арқылы мысал келтiруге болады. Бiрiншiден, тәй-тәй баса бастаған баланың аяғын ақ-қара түстi есiлген жiппен байлайды, бұл жерде ақ-қара түстi жiп Жарық дүниенiң жарқ-жұрқ жүзiн бiлдiредi, күн мен түнiн, жарықта, жарықсызда болатын жайын бейне-лейдi; екiншiден, есiлген ала жiп күн мен түннiң, жарық пен жарықсыздықтың ажырамас байланыста екенiн мегзейдi; үшiншiден, баланың аяғын байлаған жiп бостау салынып, «сегiздiк» түрiнде келтiрiледi де, оң аяғының сыртына жiптiң екi ұшы қосылып байланады; бұл жерде «сегiздiк» образды, көркем бейне түрде жарық дүниенiң шексiздiгiн бейнелесе, сонымен қоса болмыс уақытының адам өмiрiнiң уақытымен бiртұтас байланыста екенiнен мәлiмет бередi; қазақтың этикалық, философиялық көзқарасында, ә деп нәресте туғанда сол сәттен Жарық Дүниемен біртұтастық сырда болады деп білген; сол рухани біртұтастық өмір бойы сыр болып, рухани өзек болады да жүреді; сондықтан қазақта «кіші отан» деген ұғым жоқ; төртiншiден, жiптiң түйiн байлауын баланың аяғының оң жағына келтiруi оңтүстiктi, күн жақ – оң жақты мегзейдi, бұл баланың өмiрi нұрлы, шуақты болсын деген тiлектi бiлдiредi; бесiншiден, тұсауды екi аяғының ортасынан қиып түсiру – көк пен жердiң ортасында, туған туысқан, ел-жұрт ортасында мәнi мен сәнi бiртұтас өмiр сүрсiн деген тiлектi бiлдiредi; алтыншыдан; жiптi қиып түскендей жығылмай, сүрiнбей жүрiп кетсiн деген тiлектi бiлдiредi; жетiншiден, тұсау кескен адамның ерекше тартымды, асыл қасиеттерi балаға «қонсын» деп кеседi; сегiзiншiден, баланың бойындағы барлық жақсы қасиеттер дамып, өсiп өрби берсiн, ал кедергi-қиыншылықтар, жеп-жеңiл, тұсау кескендей, қиылып қала берсiн деген тiлектi бiлгендiгiнде; тоғызыншыдан, тұсау кескен адамның балаға берген батасының мәнi ерекше; бата беру — қазақ дәстүрлi мәдениетiнiң жан-жақты дамыған тұрi, сондықтан бата берген адам жиналған жұрттың көңiлiн көтере бiлген.
Бұл әдет-ғұрып қазақтың Жарық дүниемен де, елдiң рухани жетiстiктерiмен де айнымас байланыста болғандығын айқындайды, сонымен қоса мұны адамзат рухани мәдениетiне қосқаны деп бiлемiз. Жарық дүниенiң гармониясы адам өмiрiнiң нұрын, жер бетiндегi тiршiлiктiң нұрын керек еткендiгiнде, адамның өзiне тән бiртұтастық гармониясы Жарық дүниеге де лазымдығында деп бiлгендiгi. Бұндай философиялық тұжырым, әрине, адамға ерекше көңiл-күйдi дарытады. Осы жерде қазіргі заманда айтып жүрген экологиялық концепциясының жұрдай екендігі байқалады.
Бұл айтып отырған көңiл-күйдiң ерекшелiгi – адам бүкiл өмiрiнiң әрбiр күнiн ерекше сезiнiп, ерекше көрiп, әрбiр күндi айналып-толғанып жақсы көру тәжiрибесiне айналдырған, соның арқасында әрбiр адамның өмiрi рухани мейiрiмге толы болады, ерекше көңіл көншуі болады деген сөз, бұл ерекше рухани жетiстiк.
Қазаққа тән мұндай рухани жетiстiктiң теңдесi жоқ екенiн мынадай мысалдан байқауға болады: еуропалық мәдениетте терең орын алған өмiрге деген мынадай көзқарас, сонымен қоса бұған тығыз байланысты өмiр түсiнiктерi бар: олар адамның күнделiктi күнiн «серые будни», «однообразные будни», «скучные будни», «тоскливые будни» деп сипаттайды. Адам күнделiктi әрбiр күнiн осылай сезiнсе, осылай түсiнсе, оның ар жағында, әрине, бiр терең рухани олқылық жатыр деп бiлуге әбден болады, оған дәлел «Батыстың соңы» деген еңбек.1 Неге десеңiз, адамның өмiрi күнделiктi күннен тұрады, күнделiктi тiршiлiктен тұрады, күнделiктi күйбеңнен тұрады.
Қазақ халқының даналық философиясы — күнделiктi өмiрдi ерекше игi деп, өмiрдi игiлiк деп түсiне бiлген, және солай өмiр сүре бiлген. Сондықтан болар, бұл ерекшелiк қазақ халқының мiнезiнiң негiзгi бiр қасиетi болып, адамның өмiрге деген игi ниетiн бiлдiрiп, мiнезiне, жүрiс-тұрысына әсер етiп, жүзiне нұр болып ,ісіне нәр бола білген.
Қазақтың күнделiктi тiршiлiктi, күнделiктi күйбең өмiрдi игi деп бiлiп, оның бүкiл әлеммен байланысып, ұштасып жатқанын iштей сезiнiп, көңiлге тоқып, бүкiл өмiрiне таяныш-сүйенiш еткендiгiнде ерекше рухани ой, бiлiм, тәжiрибе жатыр. Мұндай рухани тәжiрибенi қалыптастырғаны анық, сол рухани байлықты ғасырдан ғасырға үзбей жетектеген дәстүрлi мәдениеттiң болғандығы да анық. Осы қасиет бүкiл қазақ этикалық,эстетикалық, философиялық мәдениетiнiң нәрi болып табылады.
Бiр қалыпта, бiр рухани жүйеде өмiр сүруде ерекше сыр, ерекше күш-қуат бар. Осыдан барып өмiрге деген үзiлмес қызығушылық туады, қазақта суицид болмағанның бiр себебi осында да. Өмiрге қызығушылық той-думанда сыртқа шығып, шалқып, шырқап кеп асқақтап, аспандап кетедi. «Той десе қу бас домалайды» дейтiнi де осымен де байланысты шығар. Қазақтың күнделiктi тiршiлiкке мән бергенi соншама, бiр-бiрiмен кездесiп, амандасып, хал-ахуал сұрасқанда ең жақсы көрiп күтетiн жауабы: аман-есенбiз, күндегiдей, бұрынғыдай, баяғыдай, шүкiршiлiк дегендi есту. Қазақ халқының тiршiлiктi осылайша терең түсiнуiнде этикалық, философиялық, эстетикалық тұрғысынан алғанда өте бай маңыз-мағына жатыр.
Қазақ өмiрдiң әрбiр күнiн мейiрiмдiлiкпен қарсы алып, iштей сүйiнiп, сырттай сиынып, той-думаннан, айтыс-астан, мереке-мейрамнан кем көрмеген. Дәлел ретінде қазақтың күнделікті өмірдің қыр-сырына мән бергені соншама, бір бірімен амандасқаннан да байқауға болады: «Таң аман» деп амандасады, дегені сыры мен қыры мол, құпиясы терең жарықтық түнге деген тағзымы мен күнге деген мейірімін білдіреді. «Күн жақсы» деп күндіз амандасады – күн жақсы болсын, ойдағыдыай дегеніңе сәт деп астарлап жатады. «Кеш жарық» деп кеште бір біріне толғанып жатады, кеш дегеніңіз – беу уақыт кез, түнге қарай уақыт, сондықтан кеш жарық болып, оның сыршыл жарығытүнге де сырғысын дегенді білдіреді. Бұл этикалық жағынан, эстетикалық негізінен алсақ, филоософиялық ой тұжырымынан алсақта, өмірдің көп сырының шет жағасынан ғана емес, бір тұңғиығын түсіне білгендігін байқатады.
Қазақтың күнделiктi тiршiлiктi терең түсiнуi, терең қабылдауында, бiр жағынан, тiршiлiктiң қиыншылығын түсiнiп мойындау жатса (төзiмдiлiк қасиеттерi осы негiзге байланысты дамыған да болар), екiншi жағынан, күнделiктi тiршiлiктiң қызығын түсiнiп-бiлудiң, мән берудiң арқасында ерекше өмiр философиясын, этикасын, эстетикасын дамытқан. Ғаламның ән-мәнiмен түсiнiскен, iштей бiлiскен адамның көңiл-күйi ерекше философиялық дамуына негiз болған. Осындай тұңғиық сырларға мәлiм болған адамның көңiл-күйi (жеңiл-желпi, майда-шүйде нәрселердi былай қойғанда) теңiздей тереңдiкте жатқан ой толқытса да бiр қалыпта бола бiлген. Қазақ философиясында өмiр түсiнiгi бұл принципке негiзделмейдi, тiрелмейдi, сыймайды:

Едiл бол да Жайық бол,


Ешкiмменен ұрыспа.
…Өлетұғын тай үшiн,
Көшетұғын сай үшiн,
Желке терiң құрысып,
Әркiмменен ұрыспа.1
Қазақ даласында әртүрлi себептермен болғандар бiр ауыздан қазақтың кең пейiлдiгiн ерекше атап көрсетедi.
Олар көрсетiп, жазып кеткен қазақ елiнiң мiнез қасиетi ерекше көңiл-күйге, ерекше рухани тәжiрибеге байланысты. Осы сыр қазақ елiнiң музыкасында, күйлерiнде терең байқалады.
Қазақ дүние бiлiмiнiң түп тамыры бiр деп бiлiп баяғыда айтқан себебi: бiрiншiден, Әлем сырын терең сезiнуiнде, созерцание деген дүниетанымында; екiншiден күнделiктi өмiрi табиғатпен бірге онымен сырласумен өткендiгiнде. Үшiншiден, бұндай тұжырымға қол жеткiзген жалпы қазақ халқына тән көңiл-күйге ерекше мән беруiнде: қазақтың көңiл-күйге мән бергенi соншама, ұлға-қызға деген батасында «Ердiң көңiлiн берсiн, Бұлбұлдың таң қызығын берсiн!» деп тiлеген.
Қазақтың ерекше әсiресе бағалап, мән берiп, өзiнше түсiнетiн рухани құндылығы – адамның көңiл-күйi. Қазақ халқының адамның көңiл-күйiне өте терең мән бергендiгiн әдет-ғұрпы айқын көрсетедi. Әдет-ғұрыптардың негiзiнде қазақ дәстүрлi мәдениетiнiң тағы бiр терең философиялық, этикалық, эстетикалық мәнi жатыр. Бiр жағынан,бұл жарқылдаған Жарық дүниенiң түсiнiп бiлген сыры көңiл көншiтiп, әдет-ғұрып әлемiнiң рухани нұрына айналғандығы; екiншi жағынан, қазақта адам өмiрiнiң әрбiр маңызды, мағыналы кезiне арналған әдет-ғұрып бар десе, артық айтқандық болмас. Адам өмiрiнiң әрбiр кезiне арналған әдет-ғұрып халықтың рухани бiлiмiнiң (бұл жерде бiз Жарық дүниеге байланысты бiлiм, рухани тәжiрибенi айтып отырмыз) шыңын, деңгейлерiн, дәрежесiн айқындайды.
Қазiргi заманда адам бiр жақта, мәдениет өзiнше бiр жақта, бiлiм тағы да бiр жақта, бастары қосылмай, бет-бетiмен түрлi арнаға түсiп, «дамып» жатқанын байқаймыз (бұның негiзiнде әр түрлi себеп жатқаны да белгiлi). Қазақ дүниетанымының эстетикалық, этикалық тұрғыдан алғанда, әсiресе бүгiнгi күннiң позициясынан алғанда, пiр тұтатын рухани қасиеттiлiгi – о заманнан адам мен әлем бiртұтас деп бiлген рухани көзқарасы, бiртұтастық ойы, бiлiмi. Көзбен көрiп, қиялмен жетiп, ой көзiне салып дамытқан бiлiмнiң шыңы мен шындығы да бiртұтас. Бұл жерде арнайы айтып көрсететiн жәйт – халқымыздың шыңына көз жетпес рухани жетiстiктi әрбiр адамға нәр етiп бере бiлгендiгiнде. Сонымен қоса бұл бiлгендiк ұлы рухани стратегия және оған сай тактика, әдiс арқылы дамып отырған.
Мәселен, қазақ сырмақтарында бiр тамаша әдiс қолданылады. Cырмаққа салынған оюларды сырмақтың оюдан бос жерлерi қайталайды. Осы әдiс көз алғысыз да әсерлi түрде философиялық, этикалық эстетикалық тұжырымды бейне-лейдi. Жалпы ойдың көркем бейне түрде дамығанын тағы да асыл да жасыл түрде осы әдiс айқындайды. Салынған оюды, оюларды сырмақтың бос қалған жерлерi ерекше түрде «қоршап» та, қайталап та тұрады. Бұл қолданған тепе-теңдiк әдiсi тым терең глобальды философиялық ойды жарқыратып, образды түрде, көркем бейне түрiнде көрсетiп тұр. Бұл тепе-теңдiк әдiсi, бiр жағынан, адам (микрокосм) мен әлемнiң (макрокосм) ажырамас байланысын көрсетсе, екiншi жағынан, қарым-қатынастың жан-жақты мәңгiлiк сырын байқатады; үшiншiден, адам өзiнiң жаңарып-жасарып, өсiп-өнген буындары арқылы қайталанып тұратындығын аңғартады. Сонымен қоса, адам мен әлемнiң ажырамас сырларының шектескендiгiн байқатады, ал ол үндестiктiң, рухани құпия сырларының белгісін оюларға енгiзген.
Қазақтың философиялық, эстетикалық көзқарасы бiртұтас Жарық дүниенiң рухани кiлтiн тауып, оны былай деп тұжырымдаған: бiртұтас Жарық дүние бiлiмiнiң тамырлары да бiртұтас. Бұны тамаша көркем сөзбен сомдаған. Тiлдiң өзi халықтың дүниеге деген көңiлiн, көзқарасын, қарым-қатынасын тарқатып бередi. Сондықтан дүниенiң қыр-сырын, құпиясын тiл арқылы бiлуге болады десек артық айтқандық болмас, өйткенi рухани «генетикалық» кодты сақтаушы да тiл ғой. Мысалы, қазақ тiлiнде өмiрдiң өзiн, өмiр сүрудi күнкөрiс, күн көру дейдi. Осы түбегейлi рухани тiл тiркестерi қазақтың Жарық дүниеге деген шалқыған қарым-қатынас көңiлiн айқын көрсетедi. Өмiрге деген сүйiспеншiлiк махаббат нұрына толы, сондықтан да Мағжан Жұмабаев: «Келшi көзiм, күн бетiңдi көрейiн», — деп сыр ақтарады ғой. Қазақ Жарық дүниеге құштарлық арқылы, оның бер жағы мен ар жағын ажыратпай сезiне-түсiне бiлу арқылы ерекше эстетикалық жетiстiктерге қол жеткiзе бiлген. Өмiрдiң қоңыр салқын сырына қанық болу арқасында күйбең өмiрдiң сырына мәлiм болған. Осы рухани жетiстiктi ары қарай ғасырдан ғасырға сабақтастырған.
Өмірді күнкөріс деп білген соң – қоңыр күйде жүріп өмір сүрген адамға іштей рухани арқау болып, маңдайы жазып көңілі наз болады да жүреді. Осыдан болар күйлердің домбырадағы үні қоңыр, баяу болып келеді, Динанаың өз орындауындағы күйлері: бұл туралы сыр береді. Осы толғаулардағы Жарық дүние, Өмiр туралы ширатылған рухани тәжiрибе әрi қарай ақындық поэзиясының нәрi болып дари бастайды.
ХХ ғасырдың ғылыми дүниенi бөлiп, жарып, бөлшектеп зерттеу әдісіне байланысты тығырыққа тіреліп отыр, сонымен қоса дүниенiң бiртұтастығына, адам мен әлемнiң бiртұтастығына әрең енді-енді көзi жетiп отырғанда.. Ал қазақ дәстүрлi мәдениетi өзiне о бастан дүние бiртұтастығын, адам мен әлем бiртұтастығын көркем бейне концепция ретiнде негiз қылған. Сонда қазақтың көркем бейне түрде дамыған рухани концепциясы өзiнiң өмiршеңдiгiн, жан-жақтылығын айқындайды. Бұл концепция қалыптасқан түрi - көркем бейне, ал ғасырдан ғасырға жетiп дамыған рухани «материясы» - толғау, жыр, шежiре, күй, ою-өрнек, әдет-ғұрып. Бейнелi ойлау жүйесi «образное мышление» және оны дүниеге шығарған көркем бейне тұрi синтездi түрде бiртұтас концепцияға айналып, бүкiл қазақ мәдениеттiң арқауы болған.



1 Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. 104-б.

1 Жарық дүние // Заман — Қазақстан. 1997. XII — 1998. I—V.

2 Сонда.



1 Мiштайұлы Т. Тоғыз ай // Ана тiлi. 1991. 7 қаңтар.

1 Мiштайұлы Т. Тоғыз ай // Ана тiлi. 1991, 7 қаңтар.

1 Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. 53—54-б.

1 Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. 16-б.



1 П.Бьюкенен. Гибель Запада. 2004. АКТ.

1 Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. 10-б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет