Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі;
3) егер әскери қызметшіге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе ол көрсетілген рұқсаттамадан айырылған жағдайда ол мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге берілетін рұқсаттамамен байланысты емес әскери лауазымға белгіленген тәртіппен тағайындалады.
50. Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілері, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері немесе уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен азаматтық персонал адамдары тағайындалуы мүмкін (оның ішінде уақытша). Бұл ретте әскери міндеттілер, төменде тұрған құрамның әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына лауазымдық жалақы атқарып отырған әскери лауазымы бойынша белгіленеді.
Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған әскери міндеттілер мен азаматтық персонал адамдары осы лауазымдарға әскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа әскери лауазымға тағайындалады, ал басқа әскери лауазымға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда - белгіленген тәртіппен шығарылады.
51. Әскери қызметшілер жоғары, тең немесе төмен әскери лауазымдарға тағайындалады.
52. Әскери лауазым, егер оған бұрынғы әскери лауазымға қарағанда, әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымның анағұрлым жоғары деңгейі немесе анағұрлым жоғары әскери атақ, ал әскери лауазымдар мен әскери атақтар тең болған кезде - әскери басқару органының анағұрлым жоғары деңгейі сәйкес келсе, жоғары болып саналады.
53. Әскери қызметшіні жоғары әскери лауазымға тағайындау қызметі бойынша жоғарылату тәртібінде жүргізіледі.
Жоғары әскери лауазымға тағайындау кезінде басым құқық жоғары лауазымға жоғарылату үшін резервте тұрған, мұндай әскери лауазымға әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің аттестаттау комиссиясы ұсыным жасаған, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіби біліктілігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен немесе ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты бұрын төмен әскери лауазымға тағайындалған әскери қызметшіге беріледі.
54. Әскери лауазымдар, егер оған әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымдардың тең деңгейлері, тең әскери атақтар, сондай-ақ әскери басқару органдарының тең деңгейі сәйкес келсе, тең болып саналады.
55. Әскери қызметшіні тең әскери лауазымға тағайындау:
1) ротациялау тәртібінде;
2) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты;
3) әскери қызметшіні әскери қызметте мақсатқа сәйкес пайдалану үшін;
4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянаты бойынша Заңның 26-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісімен расталатын отбасы жағдайы бойынша
5) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргізіледі.
56. Әскери лауазым, егер оған бұрынғы әскери лауазымға қарағанда, әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымның төмен деңгейі немесе төмен әскери атақ, ал лауазымдар мен әскери атақтар тең болған кезде - әскери басқару органының анағұрлым төмен деңгейі сәйкес келсе, төмен болып саналады.
57. Төмен әскери лауазымға тағайындау:
1) әскери қызметшінің келісімімен:
ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты - оның даярлық бейініне тең бос әскери лауазым болмаған кезде;
Заңның 26-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында айқындалған, отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;
әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша;
әскери қызметшінің жеке баянаты бойынша;
Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, командирдің (бастықтың) қарамағында болған кезеңде;
2) әскери қызметшінің келісімінсіз:
аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша бір сатыдан төмен емес;
келісімшартты бұзу үшін негіздемелер болып табылмайтын теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік реттілікте бір сатыдан төмен емес;
офицерлер құрамының лауазымдарына уақытша тағайындалған сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері осы лауазымдар қысқартылған жағдайда немесе бұл лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалған кезде;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
58. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындаған, әскери лауазымнан босатқан, командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдаған, қызметтен шығарған, әскери атақ берген, оны төмендеткен, одан айырған кезде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша ұсыным немесе басқа құжаттар (баянат, ауыстыру жоспары, бөлу жоспары) ресімделеді.
59. Әскери қызметі бойынша шектеу түрінде жазасын өтейтін әскери қызметшілер жоғары әскери лауазымға тағайындалмайды.
9. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу
60. Қызметтік қажеттілікке байланысты әскери қызметшіге ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлімде (мемлекеттік мекемеде) ол атқармайтын тең немесе жоғары әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелуі мүмкін:
1) бос (тағайындалмаған) әскери лауазым бойынша - әскери қызметші атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатылады, бірақ атқаратын әскери лауазымынан босатылмайды және оған міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазымы бойынша ақшалай үлес төленеді;
2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазым бойынша - оны атқаратын әскери қызметші уақытша болмаған немесе оны атқаратын әскери қызметшіні лауазымынан шеттеткен жағдайда, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге. Бұл ретте, әскери қызметшіге ол атқаратын әскери лауазым бойынша ақшалай үлес төленеді.
61. Әскери қызметшіге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады. Бос лауазымды шұғыл атқару қажет болған кезде лауазым тұрған әскери бөлімнің командиріне осы лауазымға тағайындауға құқығы бар бастықтың жазбаша келісімімен тиісті құрамның әскери қызметшілеріне тағайындалғанға дейін, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуге рұқсат етіледі.
Әскери қызметшілерге жоғары офицерлер құрамы атқаруға тиіс бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу уәкілетті органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
62. Әскери қызметшіге бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) жүзеге асырады.
Әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) өзі уақытша болмаған жағдайда міндеттерді уақытша атқаруды орынбасарларының біреуіне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейді.
10. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау
63. Лауазымынан босатылған кезде одан әрі әскери қызметті өткеру мәселелерін шешу үшін әскери қызметшілерді әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар тікелей бастықтың қарамағына қабылдайды.
64. Әскери қызметшіні командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдауға, егер «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабының 5-тармағында айқындалған жағдайларда және мерзімдерде жол беріледі.
65. Қарамағында әскери қызметшілер бар лауазымды адамдар олардың міндеттерінің тізбесін бекітеді.
11. Әскери лауазымнан босату
66. Әскери қызметші ауыстырылған, ротацияланған, әскери қызметтен шығарылған жағдайда атқаратын әскери лауазымынан босатылады.
67. Әскери қызметшіні атқаратын әскери лауазымынан шығаруды лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осы әскери лауазымға тағайындауға құқық берілген уәкілетті лауазымды адам жүргізеді.
12. Әскери қызметшілерді ауыстыру
68. Әскери қызметшіні ауыстыру - бұл оның лауазымдық жағдайын немесе әскери қызмет өткеру орнын өзгерту.
Ауыстыру:
1) әскери лауазымға тағайындалған;
2) ротацияланған;
3) іссапарға барған;
4) егер «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабы 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша қарамағына қабылданған;
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылданған;
6) бір уәкілетті органнан құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген басқасына ауыстырылған;
7) әскери бөлім немесе бөлімше тұрақты орналасу пунктін өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.
69. Қарулы Күштерді дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын әскери бөлімнің немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пунктін өзгерткен, сондай-ақ әскери бөлімнің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең әскери лауазымға тағайындалған кезде әскери қызметшіні ауыстыру оның келісімінсіз оған уәкілетті органның бірінші басшысы осындай құқық берген командирдің (бастықтың) шешімімен жүргізіледі.
70. Әскери қызметшіні ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ол істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін ғана, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Істері мен лауазымын тапсыруды бастауды әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінділер немесе әскери қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама келіп түскен сәттен бастап, бірақ келіп түскен сәттен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген әскери қызметші үшін оның келген күнінен бастап айқындайды.
Әскери бөлімнің тізімдерінен алу істері мен лауазымын тапсыру актілері бекітілгеннен кейін келесі жұмыс күнінде жүргізіледі.
Әскери қызметшілерді бір мемлекеттік органнан құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген басқасына ауыстыру олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.
71. Арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері бар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ауысу тәртібінде Қарулы Күштерге әскери қызметке кіруі Қарулы Күштердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша қызметкерлер Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келген кезде жүргізіледі.
13. Әскери қызметшілердің іссапарға баруы, оларды
іссапарға жіберу және әскери қызметті өткеру ерекшеліктері
72. Әскери қызметшілер мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына,
сондай-ақ қабылданған келісімдерге (шарттарға) сәйкес, егер келісімдермен (шарттармен) басқасы белгіленбесе, 5 жылдан аспайтын мерзімге халықаралық ұйымдарға әскери емес лауазымдарға іссапарға баруы мүмкін.
Іссапарға барған адамның әскери қызметші мәртебесі сақталады, бұрын жасалған келісімшарттың қолданысы тоқтатылмайды.
73. Әскери қызметшілердің іссапарларға баруы:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне - Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;
2) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарына - әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органның актісі негізінде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша;
3) халықаралық ұйымдарға - егер қабылданған тиісті халықаралық келісімдерде және шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде жүзеге асырылады.
74. Іссапарға барған әскери қызметшілерге көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық жалақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әскери атағы бойынша жалақылар (қосымша ақылар) төленеді.
Іссапарға барған әскери қызметшілерге сыйлықақы беру көрсетілген мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Іссапарға барған әскери қызметшілерге лауазымдық жалақыларды, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен сыйлықақыларды төлеу олар іссапарға барған мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Өзге де төлемдер, сондай-ақ заттай мүлікпен қамтамасыз ету тиісінше әскери қызметшілер іссапарға жіберілген уәкілетті органды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
75. Іссапарға барған әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілер үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда олардың атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылары, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандар үшін іссапарға барғанға дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.
Біржолғы сипаттағы қалған төлемдер бойынша іссапарға барғанға дейін әскери қызметшінің атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы есепке алынады.
76. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
77. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару, оларды мемлекеттік наградалармен және ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі.
Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерге әскери атақтар қазіргі әскери атағында белгіленген еңбек сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін және берілетін атақ олар іссапарға барған дейін тікелей атқарған әскери лауазым үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атаққа сәйкес келген кезде олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде беріледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына білім беру ұйымдарындағы лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іссапарға барған әскери қызметшілерге білім беру ұйымы басшысының ұсынымы бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздемелерде, бірақ әскери оқу орындары үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атақтан жоғары емес әскери атақтар беріледі.
78. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандарға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
79. Іссапарға барған әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, осы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
80. Іссапарға барған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарындағы, халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан және әскери қызметшілер әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органға қайтып келгеннен кейін олар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери лауазымдарға тағайындалады немесе әскери қызметтен шығарылады.
81. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жағдайларда мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде атқаратын әскери лауазымынан босатылмай және ақшалай үлесі сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының қарамағына іссапарға жіберілуі мүмкін.
Әскери қызметшілердің аталған санатына сыйлықақылар беру, зейнетақымен қамсыздандыру, жаңа келісімшарттар жасасу, әскери атақтар беру, әскери қызметтен шығару, мемлекеттік наградалармен және ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
14. Ротациялау
82. Әскери қызметшілерді ротациялау әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
83. Ротациялау шарттары:
1) бір әскери лауазымда осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен артық болу;
2) бір гарнизонда (немесе климаттық жағдайы ауыр жерлердегі әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери қызмет өткеру құзыреті мен ерекшелігін ескере отырып, уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын мерзімнен артық әскери қызмет өткеру болып табылады.
84. Әскери қызметшілерді ротациялау мынадай тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Жыл қорытындылары бойынша оларға қатысты осы Қағидалардың 83-тармағында айқындалған жағдайлар қалыптасқан әскери қызметшілерді ротациялау жоспары құрылады.
Ротациялау жоспарына мынадай әскери қызметшілер:
1) Заңның 22-бабының 3-тармағында айқындалған;
2) олардың әскери қызмет өткеру туралы келісімшарты аяқталатын жылы;
3) олар әскери қызметте болудың шекті жасына толуына дейін үш жыл ішінде;
4) оларды тең немесе жоғары әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда енгізілмейді.
Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидалардың 45-тармағы негізінде белгіленген мерзім ішінде атқаратын лауазымдарында одан әрі әскери қызмет өткеру мақсатында ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі жасалады.
Ротациялау жоспары және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен және нысан бойынша жасалады және оларды лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес аталған жоспарға және әскери лауазымдар тізіміне енгізілетіндерді тағайындау құқығы берілген уәкілетті лауазымды адам бекітеді.
Ротациялау жоспарына немесе ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу талап етілетін жағдайлар туындаған кезде өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды.
Әскери қызметшілерді ротациялау оның жоспары негізінде ол бекітілгеннен кейінгі келесі жыл ішінде әскери қызметшілерді осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери лауазымдарға тағайындау жолымен әскери қызметті ұйымдастыруды ескере отырып жүзеге асырылады.
15. Әскери атақ беру
85. Әскери атақтар әскери қызметшілерге дербес беріледі. Әскери атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.
86. Әскери қызметшілерге:
1) жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын - уәкілетті орган бірінші басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) полковник (бірінші дәрежелі капитан) әскери атағын - уәкілетті органдардың бірінші басшылары;
3) өзге де әскери атақтарды - лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.
87. Әскери міндеттілерге офицерлер құрамының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі береді.
88. Алғашқы әскери атақтар:
1) офицерлер құрамы үшін - лейтенант;
2) сержанттар (старшиналар) құрамы үшін - кіші сержант (екінші сатылы старшина);
3) сарбаздар (матростар) құрамы үшін - қатардағы жауынгер (матрос) болып саналады.
89. «Лейтенант» әскери атағы:
1) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білім беру бағдарламасы бойынша жоғары әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтаған әскери қызметшіге;
2) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, оқыған елдің заңнамасына сәйкес оқу бағдарламасы оқуды аяқтағаннан кейін офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруді көздейтін шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметшіге;
3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа - жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін;
4) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерушіге) - тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде;
5) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (әскери қызметшіге) - тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде, бірақ офицерлер лауазымдарында үздіксіз бір жыл әскери қызмет өткергеннен кейін;
6) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар әскери міндеттіге - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін жетіспейтін мамандықтар тізбесіне сәйкес жұмылдыру жоспары бойынша әскери бөлімнің офицерлер лауазымына тіркелген жағдайда запастағы офицерлерді даярлау бойынша әскери жиындарды аяқтағаннан кейін, бірақ оқу орнын аяқтаған соң бір жыл өткеннен кейін беріледі.
90. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы береді.
91. «Қатардағы жауынгер» («матрос») әскери атағы әскери атағы жоқ азаматтарға:
1) әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде;
2) запасқа қойылған кезде;
3) орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған кезде беріледі.
92. «Ефрейтор» («аға матрос») әскери атағы олар үшін әскери лауазымдар тізбесінде тиісті әскери атақтар көзделген лауазымдарға тағайындау кезінде мамандығын табысты меңгерген қатардағы жауынгерлер мен матростарға, бірақ алты ай өткеннен кейін беріледі.
93. «Кіші сержант» («екінші сатылы старшина») әскери атағы техникалық және кәсіптік орта білім деңгейі бойынша әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметшілерге беріледі.
94. «Кіші сержант» («екінші сатылы старшина») әскери атағы және кейінгілері қажетті деңгейде даярлығы мен білімі бар, тиісті лауазымдарға тағайындалған әскери қызметшілерге уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен беріледі.
95. Егер әскери қызметші әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымды атқаратын болса, бұрынғы әскери атағында еңбек сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін оған кезекті әскери атақ беріледі.
96. Осы Қағидалардың 89-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес кезекті әскери атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге алынбаған тәртіптік жазасы бар болған кезде, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған, әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған, сондай-ақ тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағында тұрған (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезде) әскери қызметшілер ұсынылмайды.
97. Әскери атақтарда еңбек сіңірген мерзім әскери атақ берілген күннен бастап есептеледі.
Сот үкімімен әскери қызметі бойынша шектеу түрінде жаза тағайындалған әскери қызметшілерге жаза мерзімі, сондай-ақ гауптвахтада ұстау түрінде жазаны өтеу уақыты кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдары мерзіміне есептелмейді.
98. Әскери оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша адъюнктурада, магистратурада, докторантурада оқитын әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар осы әскери атақтарда белгіленген еңбек сіңірген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ оқуға түсер алдында олар атқарған әскери лауазым үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атаққа сәйкес келген жағдайда беріледі.
99. Әскери борышын үлгілі орындайтын, жауынгерлік кезекшілікті атқару немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіби шеберлік пен ынта-жігер танытқан әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін, бірақ олар атқаратын әскери лауазымдар бойынша әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атақтан жоғары болмайды.
Мерзімінен бұрын әскери атақ әскери атақтағы белгіленген еңбек сіңірген мерзімінің кемінде жартысы өткеннен кейін және берілетін атақ әскери лауазымдар тізбесі бойынша әскери атаққа сәйкес келген кезде беріледі, бірақ әскери қызмет өткерген кезеңде екі реттен артық берілмейді.
100. Оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және ғылыми дәрежесі бар офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтары бар офицерлерге кезекті әскери атақ полковникке дейінгіні қоса алғанда, атқаратын әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары берілуі мүмкін.
101. Әскери қызметі бойынша шектеу түрінде жазасын өтеген уақытта әскери қызметшіге кезекті әскери атақ және офицерлер құрамының және сержанттар (старшиналар) құрамының алғашқы әскери атағы берілмейді.
102. Әскери міндеттіге кезекті әскери атақ ол үшін әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген лауазымда әскери жиындардан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен беріледі.
103. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерлерге запас бойынша кезекті әскери атақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен әскери жиындардан өтуіне қарамастан берілуі мүмкін.
104. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген адамдарды қоспағанда, запастағы офицерлерге «запастағы полковник» кезекті әскери атағы соғыс жағдайы енгізілген кезде осы Қағидаларға сәйкес беріледі.
16. Әскери атағын төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру
105. Әскери қызметшілерді әскери атағында бір сатыға төмендету, оларды әскери атағынан айыру және әскери атағын қалпына келтіру былайша жүргізіледі:
1) жоғары офицерлер құрамын - Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) офицерлер құрамын (жоғары офицерлер құрамынан басқа) - уәкілетті органның бірінші басшысы;
3) өзге де әскери атақтарды - лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес бір сатыға төмендетуі мүмкін.
Қылмыс жасаған әскери қызметшілер (әскери міндеттілер) әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған, заңды күшіне енген сот үкімі бойынша әскери атағынан айырылады.
Жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарынан басқа, әскери қызметшілерді әскери атағында бір сатыға төмендету, оларды әскери атағынан айыру және әскери атағын қалпына келтіру жеке құрам бойынша бұйрықпен, әскери міндеттілердікі - жергілікті әскери басқару органы бастығының тиісті бұйрығымен ресімделеді.
106. Әскери атағы бір сатыға төмендетілген әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру атқаратын штаттық лауазымына қарамастан, төмендетілген күнінен бастап алты айдан ерте емес үлгілі тәртібі болған және қызметін адал атқарған кезде жүргізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің төмендетілген әскери атақта болу уақыты қалпына келтірілген әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзіміне есептелмейді. Әскери атағын қайта төмендетуге жол берілмейді.
107. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін, әскери атағы «кіші сержант» («екінші сатылы старшина») әскери атағына дейін төмендетілген офицерлер тиісті құрамның лауазымдарына бір уақытта тағайындала отырып, сержанттар (старшиналар) құрамына ауыстырылады және мерзімді қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткереді.
Тағайындау әскери қызметшінің әскери атағы төмендетілер алдында тікелей атқарған лауазымына тағайындау құқығы лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес берілген уәкілетті лауазымды адамның жеке құрам бойынша бұйрығымен жүргізіледі. Шығару мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
108. Офицерлер құрамының немесе сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атағынан айырылған әскери қызметші (әскери міндетті) «қатардағы жауынгер» әскери атағымен сарбаздар (матростар) құрамының әскери есебіне ауыстырылады.
109. Әскери атағынан айырылған адамға, жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, тек соттың ақтау үкімі шыққан немесе ақтайтын негіздемелер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайларда әскери атағы қалпына келтіріледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.
17. Демалыс түрлерi
110. Әскери қызметшілерге:
1) жыл сайынғы негізгі;
2) отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді;
3) жүктілігі және бала тууы бойынша, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша;
4) қосымша;
5) каникулдық;
6) оқу;
7) шығармашылық;
8) науқастануы бойынша;
9) көтермелеу түрінде қысқа мерзімді (тек мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін) демалыстар беріледі.
111. Демалыстар әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығы негізінде беріледі.
112. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |