Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет154/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Ел ішінде жолбарыстың жүрегіне, аюдың етіне, бүркіттің 
миына жерік болған әйелдер болашақ алып батырлар, ерен 
ойшылдар туатындығы туралы көптеген аңыздар сақталған. 
Мысалы, XVI ғасырдың белгілі батырлары Орақ пен Мамайдың 
анасы Қараүлек әже былайша толғайды: 
«...Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жүрегім.
Сондай-ақ, болашақ ұлы ғалым Шоқан туарда анасының 
қыран бүркіттің мияна, ал ұлы ақын Мағжанның анасы қасқырдың 
жүрегіне жерік болғандығы туралы аңыз-әңгімелер әлі күнге дейін 
ел ішінде айтылады» [4, 31 б.].
Көріп тұрғанымыздай, құрсақтағы баланың пайда болуынан 
бастап әжелер оның тәрбиесіне ерекше мән береді. Халықтық салт-
дәстүрлер арқылы сақталып келе жатқан мұндай түсініктерді біз 
көптеген ырым-тыйымдардан да байқай аламыз. Мәселен, «келін 
көңілі» деп аталатын бас қосуды алайық. Ақылды және парасатты 
ене келінінің әрқашан көтеріңкі көңіл күйде жүруін қадағалайды, 
әзіл әңгімелермен күлдіріп отырады. «Келін көңілі» деп аталатын 
бас қосуды ұйымдастырып, келінінің ән-күй тыңдап, сергіп қалуына 
жәрдемдеседі. Халықта «екіқабат келін жыласа, баласы жасық 
болып туады» деген наным бар. Шошынбас үшін, қайғылы хабарды 
босанғанша естіртпеуге тырысады. Келіні түсік тастамас үшін 
көйлегінің етегін бүріп қоятын болса, айы-күні жақындаған келінге 
енесі қара жерді басқызып, «кеудесі түкті Жер-Ана, күш бер, қуат 
бер» деп жалаң аяқ жүргізеді. Бұдан басқа да толып жатқан жол-
жоралғылар тікелей әжелердің бастамасымен жүзеге асырылады. 
Жалпы бала тәрбиесі көбінесе әйелдердің меншігінде болады. 
Бала дүниеге келгенге дейінгі күтімі, туғаннан соң қырқынан 
шығару, шілдехана тойы, тұсауын кесу, сүндетке отырғызу секілді 
ғұрыптар аналар мен қария әжелердің ұйымдастыруымен жасалады. 
Сондай-ақ, бала тәрбиесінде ата мен әженің алатын орны да 
айрықша екенін айта кету керек. Ол туралы белгілі еңбекте былай 
делінеді:
«Ертеде де, қазір де әжелер мен аталар отбасында, бала 
тәрбиесінде бала күтушінің жұмысын істеп, балалар солардың 
қасында өседі.
Әжелер мен аталардың мінез-құлқындағы жағымды қасиеттер: 
олардың ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, қиыншылықтарға 
төзімділікпен қарауы, т.б. балаға ерекше әсер етеді.
Әжелер мен аталар балаларды отбасында түрлі өнер мен 
еңбекке үйреткен, олар не істесе балалар соны істеп өскен.
Әжелер мен аталар балалардың бойына адамгершілік 
қасиеттерді тәрбиелеу үшін оларға аңыз-әңгімелер, ертегілер, 
мақал-мәтелдер, жырлар, жұмбақтар, т.б. ауыз әдебиетінің үлгілерін 
кеңінен пайдаланған.
Ерте уақытта қазақта әке-шешеден бірдей айырылған жетім 
балаларды әжесі мен атасы асырап өсіріп, оларға жетімдік 
көрсетпеген.
Қазақта баланың әке-шешесі оның ата-әжесі тұрғанда «бала 
менікі» деуге бата алмаған, ал балалар оларды «аға, жеңге» деп 
атаған. Осы жақсы дәстүр ата мен бала, әже мен келін арасында 
шынайы сыйластықты, татулықты, ынтымақтастықты, отбасындағы 
жақсы қарым-қатынасты қамтамасыз еткен» [4, 79].
Жоғарыда айтылғандардың барлығы, сайып келгенде, бала 
тәрбиесіне кеп тіреледі. Ал тәрбие туралы айтқанда, Мағжан 
Жұмабаевтың жіктелісін атамай қоюға болмас. Ол тәрбиенің төрт 
түрін атап көрсетеді: ақыл тәрбиесі, дене тәрбиесі, құлық тәрбиесі 
және сұлулық тәрбиесі деп. Және осы аталғандарды дұрыс беру 
әрбір ата-ананың міндеті болып табылатынын баса ескертеді: 
«Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі 
түгел болғаны», «Балам адам болсын деген әрбір ата-ана осы төрт 
тәрбиені дұрыс орындасын» [5, 28], – дей келе, Мағжан тәрбиенің 
ең тиімді үлгісі деп халықтық дәстүрлерді атайды. Біздің ойымызша 
да, әрбір халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігіне сай тәрбиесі де 
өзіне қонымды болып келетін секілді. 
Салт-дәстүрлер халықтың өмір тәжірибесінен жинақтаған 
білімі, өткені мен болашағының кепілі десек, оның бала 
тәрбиесіндегі орны ерекше атап көрсетуді талап етеді. Бала дүниеге 
келе салысымен айналасын танып білуге қарапайым ұмтылыстар 
жасай бастайтыны белгілі, міне сондықтан баланың санасыз кезінен-
ақ оған халықтық дәстүрлерді құлағына құйып, ыждағаттылықпен 
орындаған абзал. 
Қазақтың ұлы ойшылы Абай жетінші қара сөзінде бұл туралы 
керемет жазып қалдырған: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі 
мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар 
– тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. 
Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не 
көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, 
аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, 


280
281


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет