Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет155/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде 
ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра 
жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, 
«бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, 
тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем 
екен, үйренсем екен деген» [6]. Абайдың айтып отырғаны педагогика 
және психология пәндерінің негізгі мәселелері болғандықтан, оның 
да халықтық тәрбиеден алшақ кетуі мүмкін емес. Абайдың айтып 
отырған таным қасиеттерін М. Жұмабаев есту әсерленуі және көру 
әсерленуі деп маңызды екі топқа бөліп қарастырады [5]. 
Жас баланың жарық дүниеге келгеннен кейінгі ізденісі – 
табиғи процесс болып саналады. Ол дүниежүзіндегі бар халықтың 
түсінігіне тән құбылыс. 
Дей тұрғанмен, баланың дүниені қалай тануы, дүниеге қарым-
қатынасы, тәрбие мәселесі – қашанда ұлттық шеңберде сақталып 
отырады. Мәселен, қазақ халқының ұлттық тәрбиесінде жас баланы 
ата мен әже тәрбиелейтін дәстүр бар. Мұндай дәстүр ежелгі 
халықтарда жиі ұшырасып тұрғандығы, бертін келе отбасының даму 
үрдісіне қарай, шеттеп қалғандығы белгілі деректерде сақталған. 
Мәселен, Х. Арғынбаевтың еңбегінде: «...жас келіннің алғашқы 
баласында үлкендер тарапынан көп көңіл бөлініп, қамқорлық 
көрсететін, өйткені, біріншіден, оның өз тәжірибесі болмағандықтан 
болса, екіншіден, алғашқы немересі ата-анаға ыстық болып, оның 
әрқашан үлкен әкесі мен шешесінің бауырында жүретіндігінен де 
болса керек. 
Қазақ отбасында тұңғыш баланы көпшілік жағдайда әбден 
ер жеткенше үлкен әжесі мен әкесінің қамқорлығында болып, 
солардың баласы есебінде тәрбиеленгендіктен, өз әкесінің інісіндей 
боп өсетіндігі ежелден бері келе жатқан көне ғұрып. Мұндай әдеттің 
Еділ бойында мекендеген көне болгар және түрік халықтарында 
болғандығын ибн-Фадлан да байқаған болатын» [1, 50 б.], – деген 
дерек келтіріледі. Мұны біз ұлттық ерекшелігіміз, қазіргі таңда 
өзге халықтарда жоқ, өзімізге ғана тән табиғи өмір сүру салтымыз 
деп атауымызға болады. 
Бір кездері көшпелі тұрмыс – қазақтың барлық дүниетанымы 
мен өмір сүру салтына әбден сіңісті болып, сөзі мен ойына бірдей 
әсер еткен фактор болып саналды. Әке мен шеше баланы дүниеге 
алып келушілер болса, баланың жалпы тәрбиесіне отбасының 
үлкендері жауапты болды. Бұл – бір жағынан, күнделікті күйбең 
тіршілікпен бала тәрбиесіне анасының уақыт таба алмауымен 
байланысты болса, екінші жағынан, ата-әженің отбасындағы 
маңыздылығын арттыру үшін бала тәрбиесін соларға табыстаған. 
Жалпы қазақ халқы үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуді 
жастайынан тәрбиесіне сіңіріп өседі. Үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, 
әлсізге зақым көрсетпеуді барынша мұқияттап, екі сөзінің бірінде 
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» 
деген секілді мақал-мәтелдер мен ой-түйіндеулерді ауызға алып 
отырады. Мұндай мағыналы сөздерді жастайынан құлағына құйып 
өскен бала, келешекте ешкімнің ала жібін аттамауды, үлкеннің тілін 
алуды, қарияларды барында бағалауды түсініп өседі. 
Қазақ дәстүрінде «әже мектебінің» орны ерекше. Әжелер – 
барлық ізгіліктің бастауы, парасат-пайымы мен мейірім-шапағаты 
жанындағыларға білініп тұратын, адамгершілік қағидалардың 
патшайымы секілді елестейді. Әрбір әже алдын көрген, әже тәлімін 
естіп өскен бала осылай ойлары анық. Бала үшін әженің әрбір сөзі 
маржандай тізіліп, жүрекке жылы ұшырап, әрбір сөзінің нұры 
бардай қиялының кеңістік шарлап, бұлттар мен аспан арасында 
қалықтап, аңсаған арманына жетуге себепкер болып тұратындай 
көрінеді. 
Әже тәрбиесі адамның балалық шақтағы «алып бейнесі» ғана 
емес, есейіп, шау тартқан кезде де, үні құлақтан кетпес, сөздері 
жүректен өшпес мәңгілік мұра болып адам жадында сақталып тұра 
береді. 
Қазақ қоғамында әулетті өзінің білімі мен өмірлік тәжірибесінің 
арқасында билеп-төстеп отыратын әжелер баршылық болған. 
Мұндай абыройлы әжелер әр әулетте де кездесе беретіні тағы да 
белгілі. Ал біз білетін, «халық анасы», «ұлт ұйытқысы» болған Зере, 
Айғаным, Ұлпан, Ұлжан, Дінәсіл секілді аналардың ғажап өмірі мен 
салиқалы өнегесі көркем шығармалардан нықтап тұрып орын алған.
Мәселен, Абайдың азамат, ақын ретінде өсіп жетілуіне аналары 
– Зере мен Ұлжанның ықпалы күштірек болған. Әкесі Құнанбай 
Абайды жастайынан мұсылманша хат танытып, орыс оқуын оқытып, 
заманына сай баулып өсіргенімен, Абайдың шығармашылық 
қиялының ұшқырлануына Зере мен Ұлжандай әсер ете алмаған. 
Бұл да қазақ тұрмысындағы аналар мен әжелер рөлінің қаншалықты 
басымдыққа ие екендігінің айғақшысы болса керек.
Тұлғалар өміріндегі әже тәрбиесінің сарқылмас байлығы 
ретінде біз Шоқан мен Айғаным арасындағы әже мен немере 
байланысын нықтап айта аламыз. Айғаным өзі де текті ортадан 
шыққан, көзі ашық, хат танитын ақылды әйел болған. Әрі 


282
283


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет