Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет152/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

6.2 Казахская филология
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЖЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫң 
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
АКлиеновА А. С.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
оРАзхАновА м. и.
ф.ғ.к., доцент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу – қазақ халқының ежелден келе 
жатқан ортақ мақсаты, қасиетті арманы. Төрткүл дүниені шарлап, 
көшіп-қонып тіршілік еткен бабаларымыздан жеткен баршамызға 
ортақ мүдде – халықтық дәстүрлерді сақтай отырып, келер ұрпақтың 
санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, адамгершілік қағидалардан 
аттамай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. 
Ұрпақ тәрбиесіне келгенде қазақ халқы аса ыждағаттылықпен 
қарайды. Ана құрсағында бала пайда болды дегенше үйдің 
үлкендері, әсіресе, әйел кісілер, жас келінге мейіріммен қарап, 
баласына зиян келтірмейтіндей ұқыптылықпен қарайды. Болашақ 
ананың бойындағы бар өзгерістерге кешіріммен қарап, оның 
жайдары жүруіне барынша қолайлы жағдай жасауға тырысады. 
Баланың жарық дүниеге келуін асыға күтетін ата мен әже 
болашақ немерелерінің дұрыс тәлім-тәрбие алып, түзу бағытта 
өсуі үшін алдын-ала даярлық көре бастайды. Отбасында тыныштық 
болуын күзетіп, әрқандай сырт көзден, тосын құбылыстардан 
келіндерін сақтандырып отырады. Мұндай сақтық шаралары 
болашақ баланың дені сау, ақыл-есі түзу жетілуі үшін жасалатын 
дәстүрлік әдеттерге айналып кеткен. Бұл туралы Х. Арғынбаевтың 
«Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты еңбегінде мынадай 
мысалдар келтірілген:
«Түн қараңғысында екіқабат келіншекті далаға, қараңғы қораға 
шамсыз жалғыз жібермейді, үйде ері жоқта бір өзін жатқызбайды. 
Өйткені халық түсінігі бойынша, қараңғыда есік алдында, қорада, 
тіпті кісі тұратын үйде жын-шайтан, пері, албастылар жүреді, олар 
жаңа түскен жас келінге үйір келеді-мыс. Бұлардың қастандығынан 
түрлі ауруларға шалдығып, іштегі нәрестеге зақым келуі мүмкін деп 
ойлағандықтан, жас келіншектің төсегінің іргесіне, жастығының 
астына темір қару қойғызады. Тіпті жас келіннің отауына әртүрлі 


276
277


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет