Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет215/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Е. А. Букетов 1979 жылы 12 сәуірінде „Орталық Қазақстан” 
газетінде қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевтың 
туғанына 80 жыл толуына орай жазған мақаласында: «Өмірі мен 
ісі халықтың өнегелі қазынасына айналған адамдардың тіршілігі 
мен қаракеті жөнінде жазудың өзі тіпті қиын. Ол – ол ма, кейде 
тіпті қауіпті ме деп те ойлаймын. Өйткені адал ізгі ниеттен ешбір 
ауытқымай жазып отырғанның өзінде шындықтан алшақ кетіп 
қалу оп-оңай» [1, 8 б.], – деп жазған болатын. Жазушы Қаныш 
Сәтбаев туралы шығарма жазар алдында бірнеше очерктер мен 
публицистикалық сарындағы мақалаларын мерзімді баспасөз 
бетеріне бастырып, үлкен дайындықтан өтті. Атап айтар болсақ, 
«Аққан жұлдыздан құс жолына дейін», «Таң шолпанындай 
жарқырап» [2], «Тұңғыш қазақ академигі» [3], «Академик туралы 
әңгіме» [4] атты қысқа-қысқа публицистикалық әңгімелер жазған. 
«Менің сол Қанекеңе 17 жыл өмірім кетті. Нансаң енді кілтін тапқан 
сияқтымын. Көркем өнеріңіз күрмеуі қиын нәрсе ғой. Ал Қанекеңді 
мен жақсы білген адаммын. Әр сөзі, бет-бейнесіне дейін кешегідей 
көз алдымда» [1, 34 б.], – деп жазған болатын. Бірақ автордың бұл 
ойы толық орындалмады. Жазушы тек Қаныш Сәтбаевтың балалық 
шағы мен жастық өмірі туралы ғана жазып үлгергені көпшілікке аян.
Деректі хикаят дегеніміз – өмірде болған нақтылы жайлардан 
нақты мәлімет, айқын деректерге сүйеніп барып бейнелеу тәсілін 
қолданатын жанр. Яғни, деректі жанрдың бір түрі. «Деректі 
жанрларда әдеби шығармаға тән көркемдік сипаттар өмірдегі 
нақтылы шындық баяндалып отырған жай-жағдайлар автор ой-
елегінен өткізіліп, оның әсем-әсерлерімен нәрленіп шығуы арқылы 
танылады» [5, 197 б.]. Расында да деректі хикаятта нақтылы жайлар, 
жеке өмір фактілері жинақталып, қорытылып, типтік дәрежеге 
көтеріледі.
Хикаяның арабша мағынасы «әңгімелеу» деген сөз. Негізінен 
шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында 
қолданылатын әдеби термин. Хикая желісі шытырман сюжетке 
құрылған, повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр.
Евней Арыстанұлы Букетовтің «Жас Қаныш» атты деректі 
хикаяты «Қазақстан» баспа үйінен 1999 жылы жарыққа шықты. 
Бұл шығармасында жазушы академик Қ. И. Сәтбаевтың жастық 
шағы туралы жан-жақты мәліметтер береді. Бұл туынды орыс 
тілді оқырмандарға арналып жазылған, онда автор қазақ халқының 
тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбие ерекшеліктеріне баса назар 
аударған. Бұл деректі хикаят екі тараудан тұрады. Бірінші тарауы 
«Аттың жалы, түйенің қомында» деп аталып, басты кейіпкердің қай 
жылы туғаннан бастап, кішкентай Қаныштың қолына қалам-қағаз 
ұстап, алдына кітап жаятын уақытқа жеткен кезімен аяқталады.
Автор болашақ ұлы ғалым бала күнінде қандай болды, өзі 
құралпы жасөспірімдер арасында қандай ерекшелігі дараланды, 
қалай өсіп, қалай ер жетті деген сауалдарға өз шығармасында толық 
жауап береді. Балалық шағының кейбір қызықтарын академиктің 
өз аузынан естіген жазушы кейіпкерінің бөтен-бастақ мінезі жоқ, 
момын, мейірімді бала болып өскенін әдемі тілмен сенімді суреттейді. 
Е. Букетов осы шығармасын жазу үстінде Қаныштың балалық шағын 
көрген адамдармен тілдесіп, сол деректерді өз хикаятына пайдаланған 
тұстары да бар. Бүкіл ғұмырын Қаныш туған ауылда өткізген немере 
ағасы Әкімтай ақсақалдың айтқанын сол қалпында өз шығармасында 
келтіреді: «Қанышты бір білсе, нақ мен білетін шығар деп отырсың 
ғой. Оның рас. Біз Сәтбай атамыздан тараймыз, екеуміздің әкелеріміз 
Жәмін мен Имантай бірге туған бауырлар. Інімді мақтан тұтамын, 
артықша жақсы көремін. Бірақ сондағы бала Қаныштың мынадай 
дана Қаныш болып шығатынын сол кезде білсем ғой, басқан ізін, 
аузынан шыққан сөзін аңдып, жадыма тоқи бермейтін бе едім. Есімде 
қалғаны сол, Қаныш ақылды, ұстамды, зерек бала болып өсті. Одан 
басқа дәнеңе де есімде жоқ» [6, 6 б.].
«Жас Қаныш» деректі хикаятындағы басты кейіпкердің жас 
кезіндегі мінез құбылысын, сөйлеу мәнерін, кескін-келбетін 
суреттеуде автор шеберлік танытқан. «Бөкешті тыңдай отырып, 
Қаныш өзі де ағасы сияқтанып кітап оқитын күнді аңсайды. 
Әріптердің көбін танитынына, тіпті кейбіреулерінің басын қосып 
сөз құрайтынына қарамастан жазу үйренуіне әкесінің қарсы болуы 
Қаныштың жанына батады. Оны әсіресе күйдіретіні – домбыраға 
әуестігін әкесінің елемеуі. Ал Бөкеш домбыраны кәдімгідей-ақ 
сылқылдатады, тіпті кейде әкесінен де кем түспейтіні бар. Қаныштың 
қабілет-зейіні өзгеше екенін басқалардан бұрын байқаған әкесі мен 
анасы көздерінің қарашығындай кенжетайларының жұрт назарына 
тым ерте ілігіп, тіл-көз болуынан қорқып, көп ретте баланы әдейі 
тежейтінін Қаныш қайдан білсін» [6, 71 б.]. Осы мінездемеден 
Қаныштың ерекше зерек, ақылды, намысшыл болып өскенін 
оқушының есте сақтап қалуына мүмкіндік жасалған. 
Болашақ академик жас шағында-ақ адамдық, азаматтық және 
қайраткерлік сипатын танытқанын бұл хиқаятты оқу барысында 
көз жеткізуге болады. Қаныштың іс-әрекет үстіндегі шын келбетін, 
таза табиғатын адастырмай аңғартатын көптеген суреттер бар. 


386
387


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет