«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия kk.wikipedia.org/
wiki
2 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ
ғасырдағы Қазақстан» мақаласы; https://www.akorda.kz/kz/events/
akorda_news/press_conferences/memleket-basshysy-kasym-zhomart-
tokaevtyn-abai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy; https://
egemen.kz/article/217247-abay-dgane-xxi-ghasyrdaghy-qazaqstan
3 Абай Құнанбаев «Шығармалар жинағы» // Т.2-2005.
4 Төлеутай Ақшолақов «Шығарманы көркем компоненттерін
оқыту». http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1107096
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫң ҚАЗІРГІ
ЗАМАНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ӨЗЕКТІЛІГІ
ШАлАбАй н.
студент, Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі,
Екібастұз қ.
мАхметовА С. т.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Қ. Пішенбаев атындағы
Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, Екібастұз қ.
Қазақ даласында Жәңгір ханнан кейін елі үшін білім ордасын
ашқан Ыбырай Алтынсариннің «Тұңғыш дала қоңырауы» ғасыр
өтсе де сар далада сыңғырлап тұрғаны бәрімізге белгілі. Ыбырай
Алтынсарыұлы жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына
қомақты үлес қосқан. Ыбырай жас кезінен діни білім алған, әр
мұсылманды мейірімділік пен жомарттыққа, көркем мінезділікке
шақырған. Өзінің әйгілі «Кел, балалар,оқылық» шығармасында «Бір
Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық» деп бастайды. Ыбырайдың
әңгімелерінің негізі хадистерден алынған. Жастардың адал, көркем
мінезді, тәрбиелі болып өсуіне өз үлесін қосқан.
Ыбырай Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңін
оқыған кезде, қазіргі заманда болып, заманауи техникалық
прогрессті көріп кеткен адамдай әсер қалдырады.
«Адамды құстай ұшырды-ұшақ,отынсыз тамақ пісірді-газ
отынды,сусыздан сусыз ішірді-құбырдан алынған су, айшылық алыс
жерлерден жылдам хабар алғызды-телефон,тастан сарай салғызды-
көп қабатты үйлер, теңізде жүзді балықтай-кемелерді атағандай.
Біз Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздерін 4-ке бөлдік:
еңбек тақырыбындағы, оқу-ғылымға шақыру, мұғалімдер
туралы,адамгершілік туралы. Жалпы нақыл сөздер дегеніміз –
қысқаша мазмұнды, терең ойлар айтылатын ұлағатты сөз. Ыбырай
– бүкіл қазақ даласына үлгі бола білген адам. Қазақ даласындағы
білімнің көзін ашқан адамның айтып кеткен нақыл сөздері өнегелі,
тәрбиелік мәні, өмірлік мазмұны бар болса керек. Еңбекке баулитын
әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа,қ арлығаш», «Сәттемір хан»,
«Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жар
баласы». Адамгершілікке баулитын әңгімелері: «Мейірімді бала»,
«Аурудан аяған күштірек» , «Әдеп». Тәрбиеге баулитын әңгімелері:
«Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті»,
«Зеректік».
Еңбек тақырыбындағы: Еңбекпен табылған тамақ тәтті, әрі
сіңімді болады.
Аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың. Азға
қанағат қылмасаң-көптен құр қаласың.
Еңбекпен табылған дәм тәтті.
Байлық-қанағат пен еңбекте.
Адамгершілік туралы:
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.
Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды,
одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса,
көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе,тіліңіз бен қолыңызға серік
беріңіз.
Жақсы ой мен жақсы сөз-жақсы істерге жетелейді.
Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.
Бағу-қағуда көп мағына бар.
Оқу-ғылымға шақыру:
Өнер, білім-бәрі де оқуменен табылған
Мұғалімдер туралы:
«Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы
оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін
кіналауға тиіс».
Қазақ тілі туралы:
«Қазақтың тілі соншалықты мол. Қазақтың тіліменен қандай
кітап болса да жазуға болады.
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім
– мектептің жүрегі»
380
381
Достарыңызбен бөлісу: |