10
11
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
сезімтал болып келеді. Көгершіндердің эймериялармен залалдану
деңгейі жыл маусымына және құс жасына байланысты болады.
Алғаш 1896 жылы A. Лаббе жабайы көгершіндр мен үй
көгершіндерінен кокцидилерді анықтаған. Зерттеу барысында 1904
жылы табылған кокцидилерді
эймерия туыстығына жатқызып,
E.labbeana деп атады. Ал 1935 жылы O. Nieschulz жабайы көк
көгершінен эймерияның екінші түрін анықтап, оны E.columbarum
деп атады.[1, 53 б.].
Сурет. 1 – Eimeria ооцисталары
Зерттеулердің мақсаты Павлодар қаласындағы жеке меншік
жағдайларда асырайтын көгершіндердің кокцидиоз ауруын
анықтау.
Зерттеу барысында төмендегі жұмыстар түрлері атқарылды:
1 Көгершіндерді тексеру және аурудың клиникалық белгілері
бар құстарды анықтау.
2 Кокцидиоздың клиникалық белгілері бар көгершіндерден
нәжіс жинау.
3 Нәжісті Дарлинг әдісімен зерттеу.
4 Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Зерттеу барысында көгершіндер кокцидиоз ауруын
ластанған
жем, су, төсеніш және топырақ арқылы жұқтыратыны анықталды.
Сонымен қатар инвазия қоздырушысының көзі ауырып жазылған
балапан, ал тасымалдаушы ересек көгершіндер болып табылады.
Бұл ауруға шалдыққан құстарда азыққа тәбеті төмендеу, саңғырығы
сұйылу, арықтау, ұшпай бір орынында ұзақ уақыт тұру сияқты
клиникалық белгілер байқалады. Дер кезінде ем көрсетпесе ауруы
асқынған көгершіндер 3-5 күн ішінде өледі [2, 273 б.].
Материалдар мен зерттеу әдістері
Біз Павлодар қаласының жеке меншікті асыралып отырған 50
астам көгершіндерге зерттеу жүргізілді. Әр көгершіннің нәжісі жеке
ыдысқа жиналып зерттеу жүргізілді. Зерттеу эпизоотологиялық
деректерді, клиникалық белгілерді ескере отырып
Дарлинг әдісі
арқылы жасалды.
Зерттеу нәтижелері
Зерттелген 50-ге жуық нәжіс сынамалардан 23-нен эймерия
қоздырғыштары табылды. Инвазия экстенситвтілігі (ЭИ) – 46 %
болып шықты.
Практикалық ұсынымдар
Көгершіндерде эймериоз ауруы көптеп кездесетінін және жиі
қайталанатынын ескере отырып алдын алу және емдеу жұмыстарын
уақытылы жүргізуді ұсынамыз. Аурудың алдын алу үшін құс
балапандарын таза құрғақ қорада өсіру қажет. Көгершіндер үшін
асыралатын орта тазалығын сақтауға қатаң мән беру қажет.
Ауруға шалдыққан құстарды жеміне қосып кокцидин немесе
зоален, коккимед дәрілерінің көмегімен емдеуге болады.Сонымен
қатар
норсульфазол, сульфадиметоксин, ампробел, ампролиум,
байкокс, ветакокс сияқты дәрілерді де пайдалануға болады. Жалпы
эймериозға қарсы дәрілер өте көп және жыл сайын жаңа дәрілермен
толықтырылып отырады. Құс ауруларын азайту үшін олардың жем,
суының тазалағына мән беру қажет. Қолда өсірілетін құстардың
қорасына, ұясына аптасына екі рет залалсындандыру жұмыстарын
жүргізіп тұрақты дезинфекция жасау тұрған дұрыс [3, 440 б.].
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Практикум по диагностике
инвазионных болезней
сельскохозяйственных животных / М.Ш. Акбаев и др.; Под ред.
М.Ш. Акбаева. – М.: КолосС, 2006. – 53б.
2 Рахманов А.И., Бессарабов Б.Ф. Голуби и профилактика их
заболеваний. – М.: Россельхозиздат, 1987. – 273 б.
3 Свинцов П.М., Ушакова А.А., Скрябина К.И. Болезни
птиц. – М.: Государственное издательство сельскохозяйственной
литературы, 1951. – 440 б.