Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет171/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
соғысы жылдарындағы ауыртпалықты суреттейтін шығарма да, 
бала кейіпкер де мол. Бірақ автордың бұл шығармасы - ерекше. 
Оқиғаның өрбуі мен құрылымы да, логикалық ақыл-ойдың дара 
сабақтаса дамуы да, лирикалық шығарманың ішкі жан-дүниесі 
де оқшау. Соғыс жылдарындағы ауылдың тұрмыс-тіршілігі мен 
жай-күйін басты кейіпкер Аян мен басқа да ауыл балалары арқылы 
жеткізеді. Жетім қалған Аян ауылға келген сәттен-ақ балалармен тез 
достасып, өзіне үйіріп ала жөнеледі. Ол керемет ертегіші болатын. 
Әр кеш сайын ойындарын әбден қандырған үлкенді-кішілі балалар 
шаршағанын ұмытып, Аянның ертегісін тыңдауға жиналады. 
«Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі-бәрі: 
ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән 
не бір асыл қасиеттің барлығы сол Аянның ертегілерінде болушы 
еді. Аян батырлық туралы ертегіні айтқанда, біз – алым-жұлым 
киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, 
ат ойнақтатып, жауға арыстанша шабатын нағыз қас батырдай 
сезінуші едік өзімізді» [2, 67 б.]. Бала қиялынан туған осынау ғажап 
ертегілер тыңдаушысын елітіп, керемет ойға жетелейтін. Автор 
Аянның бойына барлық балалық асыл, таза қасиеттерді, ақыл-
парасат, қайтпас қайсарлық пен төзімділікті сіңіре білген. Оның 
серігі – балалық қиялы. Сол арқылы соғыста жүрген ағасы мен ерте 
айырылған ата-анасымен тілдеседі. Өзі кішкентай болса да, көрген 
қиындықтары оны ерте есейткен. Өзімен қатарлас балаларды ерте 
жүріп, әр ертегісі «Ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталатын, 
қолы жете алмаған жерге ұшқыр қиялымен сапар шегетін Аян ауыл 
балаларын да үлкен арманға жетелейтін. «Жылауды әркім біледі. 
Мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылықта жылама» деп 
төзімді болуға қайрайтын. Соғыста жүрген ағасының киімін иіскеп, 
жусан иісін сезуі, құшақтап жатып түсінде көруі арқылы жазушы 
баланың аңсауы мен сағынышын аңдатады. Жусан иісі – Аянның 
көкесінің тері күртесінің иісі, көктемде сезілер кең даланың аңқыған 
жұпары. Осылайша, Аян ауыл балаларының есінде мәңгі қалды. 
Мұндай бала жусанды төбеге бір оралмауы, жусан иісін сағынбауы 
мүмкін емес қой деген сауал қойған автор, оқиғаның соңын 
оқырманның өз қиялына қалдырады. Бала бойында жастайынан 
қалыптасқан рухани тазалық, асқақ арман-қиял, игі сезімдер 
болашақта үлкен жолдарға жетелейтіні сөзсіз екенін аңғартады.
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің кейіпкері - әке-шешесінен 
ерте айырылған жетім бала Тортай. Құлағының сәл мүкісі бар, 
ойынға көп араласа бермейтін, қой аузынан шөп алмас, мінезі тұйық. 
Бірақ басқа балалардан бір ерекшелігі кітап оқығанды өте жақсы 
көреді. Қолына түскен кітапты таңдамай оқи беретін Тортайдың 
әңгіме мен ертегілерін ауыл балалары ұйып тыңдайтын. «Баяғыда 
бір жетім бала болыпты» деп басталатын баланың әңгіме-ертегісі 
оқыған кітаптары мен өз қиялынан туған армандарына жалғасатын. 
Әкесі мен шешесіндей жақын көрген, оқығанда бүкіл қиыншылығы 
мен жалғыздығын ұмыттырып жіберетін кітапты пір тұтады. 
Оның зеректігі, ағалық ақылы көпке үлгі боларлықтай еді. Ұшқыр 
қиялы алысқа әкетсе де, қолының қысқалығы, жалғыздығы жанын 
ауыртады. Түсінде көк өгізінің жер тарпыған ақ боз атқа айналуы 
бала қиялынан туған дүние. Автор кейіпкердің көрген түсі арқылы 
көп жайды аңғартады. «Жусан иісіндегі» Аян мен «Тортай мінер ақ 
боз аттағы» Тортай бейнесі ұқсас өрбиді. Аян да, Тортай да қиялшыл. 
Екеуі де әке-шешесінен, жақындарынан ерте айырылып, ерте 
есейген. Әңгіме, ертегіні өз ойы мен қиялынан тудырып, түрлендіріп 
айта біледі. Өздерінің қорғансыз, жетім болуы жандарына батып, 
одан бір сәт болсын құтылудың жолын бірі кітаптан, бірі қиялдан 
туған ертегі-әңгімесіне ерік беріп, ұмытуға тырысады. Ақ боз ат - 
Тортайдың жазушы болсам деген арманы екенін, сол арманға жете 
алмауын шығарма ішінде «менің маңдайыма жазылғаны көк өгіз» 
деп шарасыздықтан мойындаған сәтінен білдіреді. 
М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасындағы 
бала кейіпкерлер – ағайынды Нартай мен Ертай, неміс баласы 
Зигфрид, татар баласы Рәшит, жойыт не орыс екені белгісіз Яков. 
Соғыс жылдарындағы ауылдың тұрмыс-тіршілігімен қоса қиын 
кезеңде ата-анасынан айырылған өзге ұлт балаларының тағдыры 
да суреттеледі. Ұлтына, нәсіліне қарамай ауыл тұрғындарының 
балаларды асырап алуы, оларға өз баласындай қамқорлық жасауы 
қазақ халқының кеңпейілді ұлт екендігінің тағы бір мысалы 
ретінде көрініс табады. Жаумен соғыста жалғызынан айырылған 
отбасы үшін бұл жазығы жоқ сәбилер сөнген шырағының қайта 
жануындай еді. Қанына тартады деген әңгіме-сөзді құлағына ілмей 
неміс баласын бауырына басқан Ахмет ақсақал, Ертайды алған 
бригадир Берден де, Нартайды алған орақшы Тілеубай да шын 
риза еді. Бұдан әрі балалардың жаңа отбасына келгендегі өмірлері, 
бүлдіршіндердің бұл өзгерісті қабылдаулары, ішкі ойлары мен өткен 
өмірлерін есте қалған бейнелері арқылы береді. Қазақ балалары 
ағайынды Нартай мен Ертайдың бөлек отбасыға кетуіндегі бір-
бірінен айрылмай шырқырауы жұртты тегіс жылатқан еді. Соғыс 
зардабын тартқан жас жеткіншектердің тағдыры оқырман қауымға 


310
311


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет