Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет187/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
шыдай біліп, бір жағынан әкесіндей қараса, екінші жағынан ұзтаздай 
қараған. Өйткені, қаншама ақыл, қаншама ғибратты әңгімелерді 
алдынан үміт күттіретін, нәтиже көрсете алатын адамға ғана айтылады. 
Ойлана білетін, санасына тоқи алатын ми болмаса, тыңдай алатын 
екі кұлақтың әркімде барын, естігенді саралайтын сана болмаса, 
айтылған сөздің текке кетіп, тасқа түскен дәнмен тең екенін жауынгер 
жазушы Бауыржан Момышұлы жақсы білді. Зейнеп Ахметованың 
«Бабалар аманаты» кітабын оқып, қарастырсақ Бауыржан Момышұлы 
келіні Зейнеп Ахметованың ибалалығына шүбә келтірмей, күмәнсіз 
қараған болса керек. «Ата сонау сәлемнің әрқилысын айтқанмен, 
келін сәлеміне тоқталған жоқ. Оны мен айтпасам да білесің», – деді. 
Жай ғана сырғыта айтып өткен жоқ. Маған сеніммен қарағаны дауыс 
ырғағынан байқалды», – дейді [2, 14 б.].
Жас қыз отбасылы болғаннан кейін, өзі өсіп-жетілген ұясын 
тастап, өз жұрты, әке-шешесін алмастырып, бойы үйренбеген, 
көзқарастары басқа отбасыға барып сіңісу барысында «қазақ» деп 
аталар халқымыздың салиқалы ақсақалдары уыздай жас келінге, 
өзінің бауыр еті баласы, кішкетай қыздарындай қарап, жатсынбаған. 
Дәл осы көрініс, табиғатымызға сай бауырмалдық жауынгер 
жазушы мен келіні арасында да бар. Зейнеп Ахметованың атадан 
алған салт-дәстүрлік сананы қазір өз келініне түсіндіріп, үйретіп 
бағуда. Бұл жайлы «Күретамыр» деп аталатын кітабының бір 
беттерінде қозғап қалады.
Қазақ халқында келінді ұрпақ тәрбиелеуші ана ретінде 
қабылдаған. «Мен – Бауыржан Момышқұлының келінімін. Бұл 
менің төлқұжатым», – дейді Зейнеп Азметова [3, 6 б.]. 
Қорытындылай келсек, қазақ халқының біртуар қаһарман ұлы 
Бауыржан Момышұлы мен келіні Зейнеп Ахметованың арасындағы 
байланыстан ата салтымыздан қалған, алдын орап өтпейтін, сөзін 
бұзбай тыңдайтын көріністі байқаймыз. «Атаның тіке қараған отты 
жанарына бала түгілі ересек адамдардың өзі төтеп беруі екі талай. 
Атамның күрт өзгеріп сала беретін мінезіне төселген жанмын», - 
деп сыйластық пен құрметтей білумен ұштасқан, үлгі берер кісі 
мен шәкірт сықылды бұл ара қатынас «ене мен келін» арасындағы 
байланыс түрінен асып түспесе кем бола қоймас. Келіннің 
көрегендігін көптің құлағы, көптің көзі болған баспасөз қызметіне 
бергенінен байқалады. Салт-сананы өз келініне ұғындырғаны 
ұрпағына үйреткенімен пара-пар болған атаның қасиеттілігі мен 
ақылдылығына тамсанбасқа болмас. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Философиялық терминдердің сөздігі. – Павлодар: ПМПИ, 
2011. – 138 б.
2 Ахметова З. Күретамыр / З. Ахметова. – Алматы, 2019. – 208 б.
3 Ахметова З. Бабалар аманаты: Естелік-эссе. – Алматы, 2017. 
– 416 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет