Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет195/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

шаптырымдай жер еді // Осы ауылдың үстіне бір емес, екі 
емес, қамшы үйіре бермеңіз! - деді // Абайды шешелер үйіне 
шақыртқанда, кей қонақтарға кісі салған болатын.
в) Түйіспелі тіркес пен түйдекті тіркес жасаушы тұлғаның 
қызметі: Олар Біржанды бұл жолы ғана көрген емес.
Міне, түйіспелі тіркестің күрделі түрі құрамында жеке сөздік 
тұлғалы көмекшілердің алдыңғы сыңарында әр алуан тілдік 
тіркесімдердің болуын қалайды. Сонымен қатар көмеші мағыналы 
түйдекті сыңарларының қабаттаса жұмсалуы нәтижесінен құралады 


348
349
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
екен. Қорыта келгенде, түйдекті тіркес дегеніміз құрамындағы кемі 
екі сөз тұлғаның бір-бірімен түрлі грамматикалық амал-тәсілдер 
арқылы байланысуынан өткен және бір синтаксистік бірлік ретінде 
жұмсалу мүмкіндігі бар тілдік тұлғалар болып саналады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз тіркесі. – 
Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 640 б.
2 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 
– Алматы: «Санат» баспасы, 1994. – 320 б.
3 Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» 
баспасы, 2008. – 592 б.
ТҰРҒАЗЫ НҰҚАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫң 
ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
РАхимбАевА Г. Қ. 
ф.ғ.к, доцент, «Тұран-Астана» университеті, Нұр-Сұлтан қ.
ниязбеКовА б. 
студент, «Тұран-Астана» университеті, Нұр-Сұлтан қ.
«Тұрғазы Нұқайұлы Нұқаев Ұлан ауданының Егінеу ауылдық 
кеңесіне қарасты Тұяқ ауылында 1937 жылы 27-ші маусымда туған. 
Ол көпшілікке қаламы ұшталған тәжірибелі журналист-публицист, 
ақын-жазушы ретінде танымал. Ол «Тұңғыш» (1977), «Ұлы даланың 
ұлымын» (1995), «Әз ағамыз Әдекең» (1996), «Ана арманы» (1997), 
«Жарқыраған қос жұлдыз» (1999) атты кітаптардың авторы. 
Ақын Жазушылар одағының мүшесі. Ақын жырлары байсалды, 
өлеңдерінде бекзаттық, азаматтық әуен басым. 1978 жылы «Жалын» 
баспасынан «Тұңғыш» атты жыр кітабы жарық көрді. Кітапқа Кенді 
Алтайдың келісті келбеті, замандастарының жарқын бейнесі, ой 
– арманы мен жан сезімі арқау болған. «Туған жермен сырласу» 
атты жырында халқы алдындағы азаматтық абзал ісін өтеу мақсаты 
айқын аңғарылады. «Марқакөлдің ажары», «Рахман жаңбыры», 
«Қаба» деген өлеңдерінен ел деп соққан жүректі, ел үмітін ақтап 
шықсам деген өршіл тілек пен туған жерге деген махаббатты 
сезінеміз. Т. Нұқайұлының көптеген шығармаларында ел бірлігі, 
өзара ынтымақ мәселері айқын, анық айтылып, береке бірлік
ынтымақты нығайтуға шақырады. Тұрғазы Нұқайұлы З. Баянов 
атындағы облыстық журналистер жүлдесінің иегері. Ақын 2001 
жылы қайтыс болды» [1, 25 б.].
Жазушының туған жер тақырыбын арқау еткен шығармасы 
– «Алтайым – ардағым менің» (Туған жер туралы толғауы). Бұл 
шығарманың жалпы идеясы, кең байтақ Қазақстанымыздың шығыс 
бөлігіндегі, ерекше әсемдігімен сөзбен жеткізе алмайтындай, 
өзіне ғана тән қайталанбас сұлулық әлемімен елді таң қалдырған, 
Алтай өңірінің сыр-сипатын бейнелеу болып табылады. «Алтайым 
– ардағым менің» шығармасы көптеген сипаттау түрлеріне 
көмкерілген. Шығармада тек өңірдін ерекше сыр-сипаты ғана 
бейнеленіп қоймай, үлкен тарихтан сыр шертіліп, географиялық 
ерекшеліктер де сөз етілген. Оны мына бір үзінділер арқылы 
байқауға болады. Жазушы Алтай өңірінің табиғатын былайша 
береді: «Осы бір әсем тау алқаптарынан сыңғырлап ағып, 
ілгеріге асыққан тұнық та таза сулы тентек бұлақтар мен жойқын 
тасқынды өзендер бастау алады. Маңайды сәнге бөлеген қылқанды 
жапырақты ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер
қараған, тобылғылар тынысы кәусар ауаға қосылып адамның 
жаңын жадыратады, бойын сергітерлік жұпар исін шашады»
[2, 3 б.]. Үзіндіде бұлақты – әсем, тұнық, сыңғырлаған таза суға 
теңеу арқылы, сан алуан өсімдіктердің жұпар иісін кәусар ауа 
іспеттес екенін көрсету арқылы талай оқырманның көз алдына 
әсем табиғат бейнесін елестете алғаны анық. Аталмыш шығарма 
тарихтың терең қойнауына бойлайды. Кең байтақ қазақ даласының 
бір бөлшегі саналатын Алтай өңірінің әр төбесі, әр тау-тасы, әр 
қойнауы халық тарихының бірден бір куәгері іспеттес. Оған нақты 
дәлел түрінде қаламгер, дала Ромеосы мен Джульетталары – Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу сияқты теңдессіз махаббат символдарының 
осы бір дала төсінде өмір кешкендігін келтіреді. Қанша уақыт 
өткеніне қарамастан, таза махаббат құдіретіне тағзым ескертіші
Аягөз жағасында әлі де болсын сақталған. Ал, бұл үзінді өңірдің 
географиялық ерекшеліктеріне мысал бола алады: «Кербез де 
сылқым, салмақты да сабырлы, жойқын күш иесі осы дарияның 
арнасын тасқынды толқындарымен толтыруға асыққан Бұқтырма, 
Тұрғысын, Қалжыр, Күршім, Нарын, Үлбі, Уба, Шульба, Қызылсу, 
Ұлан, Сібе, Мұқыр, Шаған сияқты жүздеген үлкенді-кішілі тау 
өзендері де бұл өңірді аймалап өтеді» [2, 4 б.].
Жалпы, шығарма желісімен танысу барысында қаламгердің 
әр кез оқырманмен байланыс орнатуын байқауға болады. Қазақ 
даласының кең байтақ әсем жерлерін әңгіме түрінде оқырманға 


350
351


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет