«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
сөздерге толығып, өз ана тілінде сауатты сөйлеуге машықтанады.
Ал жазбаша жұмыс арқылы оқушының білім деңгейін көтеріп,
сауатын арттыру үшін мазмұндама мен шығарма жазғызу таптырмас
әдіс дейді ғалым [6]. Расында, жаңа оқыған әдеби әңгімесін өз
сөзімен мазмұндап жазу арқылы оқушы өзі сөйлем құрауға, оқыған
оқиғасының мазмұнын өз бетімен ашуға дағдыланады. Сонымен
қатар мұғалім оқушыға әдеби кітаптарда әр тақырып соңында
берілетін сұрақтарға жазбаша жауап жазғызу арқылы да оқушының
сауатты жазуына үлесін қосады. «Ұлт қатынасымен қатар қаралатын
тағы бір мәселе – ұлт тілдерінің дамуы» – дегенді алға тартқан [7]
ғалым ана тілге жауапкершілікпен қарауды насихаттайды. Сауатты
жазу арқылы тіліміздің мерейін өсірудің түп тамыры оқушы кезден
басталады, сондықтан әр адам ана тілін оқушы кезден-ақ жоғары
деңгейде, асқан жауапкершілікпен оқуы керек. Иә, ұлтын сүйген
ұлы ғалымның еңбектері, әсіресе ғылыми мақалалары бүгінге
дейін маңызын жоймады. Тілді зерттеуші ғалым көп, бірақ тереңіне
бойлап, шалқарына құлаш ұрған ғалымның еңбектері бір төбе.
Қазақ тіл білімінің дамуына бірден-бір ықпал еткен ғалымның
ғылыми мақалалары әлі де көп назарды талап етеді. Шырынын
толық алмаған бал арасының күйін кешіп отырғанымыз өкінішті
жайт. Қ. Есеновтің қай мақаласы болса да ғылыми тұжырымдарға
негізделіп, қазақ тілінің теориясына тікелей ықпал еткен ақпаратқа
лық толы. Тіл, музыка, фольклордың арасындағы байланысты алғаш
айқындаған да осы ғалым. Бір орында тұрып қалмай, тіл білімін жан-
жақты зерттеп, таным көкжиегін кеңейтіп орыс ғалымдарынан да
керек дегенін алып, қазақ тіліндегі тұлғалық ілімді қалыптастырушы
атанған ғалымның есімі ерекше атауға тұрарлық. Есеновтің оқу
бағдарламасына да септігін тигізетін, оқушылардың білім деңгейін
жоғары дәрежеге көтеру үшін қолдану керек әдістерді атап
айтқан ғылыми мақалалары, зерттеу еңбектері де педагогтер үшін
таптырмас құрал. Ғалымның ғаламат еңбегін кәдеге жарата алсақ,
еңбектерін қайтадан жаңартып жарыққа шығарсақ, берер пайдасы
әлі де мол.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Балақаев М. Өрелі өнер. Тіл мәдениеті туралы. – Алматы:
Ғылым, 1976. – 33 б.
2 Сағындықұлы Б. Д.Күмісбек. Қ.М. Есеновтің тілдік тұлғасы.
// ПМУ Хабаршысы, №1. Павлодар, 2020. – 10 б.
3 Қапалбеков Б. Профессор Қайырболат Есеновтің қазақ
синтаксисіндегі ізі. // Туған тіл, №2. 2016. – 45 б
4 Есенов Қ. Тағы да программа мен оқулық туралы. // Қазақстан
мектебі, №11. 1963. – 84 б.
5 Есенов Қ. Жазу мәдениетін жетілдіре берейік. // Қазақстан
мұғалімі, №2. 1963. – 4 б.
6 Есенов Қ. Тіл дамытудың кейбір жолдары. // Қазақстан
мұғалімі, №12. 1972. – 3 б.
7 Есенов Қ. Ұлт аралық құрал. // Социалистік Қазақстан, 1962.
– 4 б.
Достарыңызбен бөлісу: |