Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»


Қ. ЕСЕНОВТЫң ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРЫНЫң



Pdf көрінісі
бет207/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

Қ. ЕСЕНОВТЫң ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРЫНЫң 
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
УСеновА А. С. 
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ. 
САҒындыҚұлы б. 
ф.ғ.д., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ. 
Қазақ тілі білімін зерттеу жұмыстары Қазан төңкерісіне 
дейін басталса да, қазақ тілінің мәселелері нақты және шынайы 
негіздерге сүйеніп, кеңес заманында ғана ғылыми тұрғыдан 
зерттеле бастады. Тіл білімі жан-жақты қарастырылып, қазақ тілі 
ғылым саласы ретінде дамуға бағыт алды. Бүгінге дейін әдебиет 
пен тілдің қыр-сыры толық зерттеліп бітпесе де, қазақ тілі біліміне 
қатысты ғылыми еңбектер, мақалалар мен зерттеу жұмыстарының 
аясы кеңейе түсті. Қазақ тілін жан-жақты зерттеу жұмыстары 
түрлі ғалымның еңбегінде көрініс тауып, оқу орындары үшін 
әдістемелік құралдар да жазылып жүр. Тіл білімінің өркендеп 
өсуіне, дамуына септігін тигізіп, тіл мәселелері жайында сөз 
қозғап, зерттеулер жүргізіп, еңбектерін жарыққа шығарып, ғылыми 
мақалалар жазып, докторлық, диссертациялық еңбектерінде тілдің 
теориялық мәселелерін қарастырған белгілі ғалым, зерттеушілердің 
қатарында Қайырболат Есенов те бар. Қайырболат Мұқанұлы 
Есеновтің тіл тақырыбына қатысты ғылыми бағытқа негізделген 
публицистикалық еңбектері және оқу-әдістемеге қатысты көптеген 
мақаласы бар. Қай мақаласын алып қарасақ та ұтымды ойлар мен 
нақты дәлелдерге сүйеніп жасалған тұжырымдарға кезігеміз. Қазақ 
тілінің ғылым саласы ретінде дамуын көздеген ғалым «Әдеби 
тіліміздің сапасын арттырған сайын, тіл мәдениеті жақсара бермек» 
– деп [1], тілдің тазалығы, сапасына қатысты көптеген мәселенің 
түйінін шешу тақырыбында зерттеулер жасады. 


370
371
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Қ.Есеновтің ғылыми мақала, еңбектері Қазақстанның әр 
аймағындағы газет-журналдарда жиі жарық көрген. Атап айтсақ 
«Социалистік Қазақстан» газеті, «Ленин туы», «Қазақстан 
мұғалімі», «Лениншіл жас», «Коммунизм таңы», «Жетісу», 
«Еңбек туы» [2] т.б. газет не журналдарда ғалымның тырнақалды 
туындылары жарияланғанын көреміз. Есенов ғылым жолындағы 
алғаш зерттеу мақаласын 1959 жылы жазған. А. Қалыбаеваның 
«Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер» монографиясы жөнінде 
«Тіл білімі жөніндегі бағалы еңбек» атты мақаласын жариялап, 
зерттеуші тақырыбының өзектілігін, бағалы екенін айтқан. Сонымен 
қатар Қ.Есенов өзі замандас не ғылым жолында жүрген зерттеуші 
ғалымдардың да еңбектерін назарынан тыс қалдырмаған. Оған дәлел 
М. Томановтың 60 жылдық мерейтойына арнап жазған «Ғалым 
мерейі» мақаласы, М. Б. Балақаевтың да 60 жылдығына арнап
«Ғалым жолы», Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары» романы 
туралы «Есею жылдарының тілі жайында», К. Ахановтың «Тіл 
біліміне кіріспе» оқулығына қатысты ой-пікірлерді жинақтап, «Тіл 
білімі жөніндегі теориялық еңбек», Б. Хасановтың «Қазақ тіліндегі 
сөздердің метафоралы қолданылуы» атты еңбегі жайлы «Сөз асылы 
– халықта» деген сынды т.б. мақалалары. Ахмет Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институтында өмірінің соңына дейін қызмет 
еткен ғалым бар ғұмырын қазақ тілін зерттеуге, оның ішінде 
синтаксистің қыр-сырына үңілуге көп уақытын арнады. Қ. Есенов 
«Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқылы 
сөйлемдер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, «Қазіргі 
әдеби тіліміздегі күрделенген сөйлемдердің негізгі мәселелері» 
[3] деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, күрделі 
құрылымдарды кешенді түрде қарастырып, синтаксис саласында 
да өшпес із қалдырды.
Тіл білімінде көбі бойлай бермейтін мәселелерге қалам тербеп, 
шешімін тапқысы келген ғалым қазақ тілінің ешқандай қатесіз, 
бір жүйеде қалыптасқанын тіледі. Оның қозғаған тақырыптары 
әлі күнге өзекті десек қате айтқанымыз емес. Мәселен 1963 жылы 
«Қазақстан мектебі» журналының № 11 санында жарияланған «Тағы 
да программа мен оқулық туралы» атты мақаласын қарастырайық. 
Сол жылдары оқу программалары мен оқулықтар қайтадан 
жаңартылады деген жаңалық ғалымның осы мақаланы жазуына 
себеп болған. Бұл тақырыпты қозғаудағы ғалымның мақсаты қазақ 
тілін оқыту бағдарламасының оқулықпен байланыста болып, бір-
біріне негізделіп жасалғанын қадағалау болды. Өтетін тақырыптар 
көлемі жас ерекшелігіне сай болып, оқушының үйренуіне жеңіл 
болуын және сабаққа бөлінетін сағаттың да талапқа сай болуын сөз 
етті. 5-сыныпта – 163 сағат, 6-сыныпта – 144, 7-сыныпта – 72 сағат, 
8-сыныпта – 51 сағат. 5-сыныптағы оқушыларға бірден фонетика, 
лексика, морфологияны өту қиын, бұл жай әлі де қарастырылу керек 
[4] деп ғалым мақаласында қазақ тілін оқыту бағдарламасына енгізу 
керек өзгерістерді айтты. 
Қазіргі оқу бағдарламаларында 5-сыныпта оқушыларға 
тек фонетика тақырыбын үйретіп, сағат санын азайтып, аталған 
мәселенің түгелдей болмаса да ескеріліп жүргенін байқаймыз. 
Сауатты жаза білу де бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі. Кейде 
бәрін қатесіз, сауатты жазып жүрміз деп ойлағанымызбен, біз мән 
бере бермейтін өрескел қателер әрқайсысымызда да кездеседі. 
Осы тақырып бойынша да Қ. Есеновтің мақаласы бар. Ән, күй 
атауларының қате жазылуы жөнінде сөз қозғап [5], дұрыс жазылу 
ережелерін нақтылап көрсеткен мақаланың құндылығы бүгінде өз 
бағасын ала алмағандықтан, әлі күнге қайталанатын олқылықтарға 
ешкім назар аудармай жүр. Бұл мақала қазақ тілінің сапасын 
арттырар бірден-бір құнды еңбек. Осы жайында тағы да зерттеу 
жұмыстары жүргізіліп, тақырып аясын кеңейтіп, оқушыларға 
да, студенттерге де түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, сауатты 
жазуға ден қойып, қателігіне мән бермейтіндердің қатары азаятын 
еді. Қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның мектепте оқыту 
әдістерін және сауатты жазу тақырыбын да қаламына арқау етіп 
жүрген ғалым мектеп оқушыларының сауаттылығын, білім деңгейін 
назарынан тыс қалдырмады. Оқушылардың тілін дамытуда ауызша 
және жазбаша жаттығу жұмыстары орасан зор рөл атқаратынын айта 
келіп, оқушы ауызша өз ойын жеткізуге, тез ойлауға, сол арқылы 
көркем әдеби тілде сауатты сөйлеуге машықтанатынын, жазбаша 
жұмыс жасау арқылы ойындағысын толықтай қағаз бетіне түсіруге, 
сауаттылығын арттыруға деген мүмкіндіктері көп болатынын осы 
мақаласында айтады. Мысалы қазіргі оқу бағдарламаларында көп 
қолдана бермейтін әдеби кітаптағы белгілі бір әңгімені, шығарманы 
оқып, мазмұнын айту. Бұл арқылы оқушының әдебиетке 
қызығушылығы оянып, әңгіменің көркемдігіне елітіп, автордың 
басқа да шығармаларын оқуға ынталанады. Мұғалімнің талап қоя 
алмағанынан, бүгінгі оқушылар әңгіменің мазмұнын айт десе, 
кітапқа қарап тұрып оқып беретін күйге жеткеніміз өтірік емес. 
Сәйкесінше, мұғалім оқушыға әңгіменің мазмұнын айтуды жүктесе, 
оқушының да сөйлеу дағдысы қалыптасып, сөздік қоры әдеби 


372
373


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет