Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет210/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың 
өресін өсіруді көздеді. 
Сондықтан Абай атамызды терең тануға мән берген жөн. 
Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін – өзі тануы 
және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге, басымдық беруі – 
кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалдық ұлт дегеніміз де – осы. 
Осыған орай Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына 
айналу қажет.
Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге 
шақырады. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, 
елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, жастардың көзі ашық болсын 
десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.
Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын 
ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, 
халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.
Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын 
қалыптастыруға қызмет етеді.Оның шығармаларындағы ой-
тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне 
деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай 
еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік 
азығына айналдыру – ұлты жаңғыртуға жол ашатын маңызды 
қадамның бірі.
Абай шығармаларына арқау болған тақырыптың бірі – 
масылдықпен күрес. Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-
күлкіге салынбай, сергек болуға үндейді.Оны ұдайы еңбек арқылы 
шыңдап отыруды құп көреді. Сонымен қатар, орынды әрекеттің 
уайым – қайғыны жеңетінін дәлелдеп, масылдықпен күрестің 
психологиялық қырларына терең бойлайды. Қазір біз көп айтып 
жүрген эммоционалды интеллектіге де сол тұста назар аударды. 
Мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек 
етуді, талаптанып, білім іздеуді насихаттаған. 
Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның 
тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырара адам 
баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі 
жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам 
осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, 
адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек [4].
Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың 
мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен 
нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. 
Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін 
меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамшылдықты
кәсіптегі адалдықты жоғары қояды. Мысалы, өзінің оныншы қара 
сөзінде «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, 
кім бай болмайды?» – деп тұжырымдайды. Абайдың ойынша, 
табыс табу үшін қолөнер үйрену қажет. Себебі «мал жұтайды, 
өнер жұтамайды» (отыз үшінші қара сөз). Ұлы ақынның бұл 
ойлары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін де өзекті деп санаймын. 
Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-
ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің 
құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын 
келер ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалайды. 
Айтылған сөз, жазылған жауһар ойлар бірінші кезекте соларға 
бағытталады. Жат мінез-құлықтан аулақ болудың нақты жолдарын 
меңзейді. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан 
қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – 
залымдық деп білесің» – деп толғайды ұлы ғұлама. Замана атты 
ұлы күштің, феодализм дәуірінің құрсауында қалып қоймай, ұлы 
бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады. Ол 
туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің 
шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік 
мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді.
Абай атамызды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты 
ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, 
жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Ақынның адам мен қоғам, білім мен 
ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен 
билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары 
ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы 
– бүкіл адамзат баласының рухани азығы.
Қазақ елі барда Абай данамыздың есімі асқақтай береді. 
Оның асыл сөздерін рухани байлық ретінде жоғары ұстасақ, туған 
еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.
Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде 
насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, 
мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар 
перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын 
ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді 
ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл бүгінгі 
ұрпақтың, яғни біздің қастерлі борышымыз.


378
379


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет