«XXI Сәтбаев оқулары» «СТУДЕНТТЕР» сериясы көзқарасын дамытуға, өз пікірін ашық айтуға, өз ортасы туралы
пікірін дәлелдей білуге пайдасы зор деп ойлаймыз. Ол оқушыны
ойлауға, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда таптырмас
материал болатыны анық. Мысалы, «Асыл сөз» әңгімесіндегі «Ол
шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген», –
деп айтылған сөз адамды шыдамдылыққа, төзімділікке шақырады.
Қазіргі кезде әлеуметтік желідегі жастардың жеке
парақшаларында өзге ұлт данышпандарының нақыл сөздері
жазылған. Барлығы орыс тілінде. Ал оның орнына Ыбырай
Алтынсариннің нақыл сөздерін немесе кішкентай әңгімелерінен
мысал келтірсек болар еді.
Ыбырай Алтынсарин қаламынан туындаған шағын әңгімелері
дайын ситуациялық, жағдаят есебінде қолдануға болады. Бүгінгі күні
оларды адам бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамытуды
көздейтін өзін-өзі тану пәні сабақтарында тиімді қолдануға болады,
оны оқу бағдарламасына толық енгізсе, тіпті тамаша болар еді.
«Дала қоңырауы» атты көркем фильм түсірілсе, онда Ыбырай
Алтынсариннің қазақ даласында қазақ балаларына арнап мектеп
ашу жолындағы қиындықтары жөніндегі өнегесі, тәрбиесі мол,
қазақи кино болып шықса деген ұсынысымыз бар. Өйткені елімізде
кино индустриясы дамып келе жатқанмен Ыбырай атамыз туралы
деректі фильмдер бар болғанымен, қызықты көркем киноның әлі
де болса түсірілмегені қынжылтады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Алтынсарин Ыбырай тағлымы» Алматы, Жазушы, 1991.
– 384 б.
2 Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы»
Алматы,2003. – 240 б.
3 Дербісәлин Ә. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі
туралы» Алматы 1958. –215 б.
4 Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы,
1969. – 225 б.
Е. А. БУКЕТОВТІң БЕЙНЕ ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ ШАпАй м. А.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ. СүтжАнов С. С.