Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»


ф.ғ.д., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ



Pdf көрінісі
бет214/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

ф.ғ.д., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Әдебиет туралы түсініктердің құйылар сағасы, ең басты 
проблемасы, объектісі – адам. Яғни, көркем шығарманың негізгі 
нысаны – адам өмірі, оның қоршаған ортасы болып табылады. Өмірдің 
шындығы қай өнерде болса да адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы 
берілетіндіктен, Е. Букетов шығармашылығындағы образ мәселесіне 
жан-жақты тоқтап, саралау – басты мақсаттардың бірі.
Басқа әдебиет туындыларындағыдай, Е. Букетов көркем 
шығармаларында да адам образының небір үлгілері жасалған
олардың қызық та, қиын тағдырлары оқырманды бей-жай қалдыра 
алмайды. Е. Букетов туындыларында ой-сезімді тұтқындап, баурап 
алатын, тебірентетін образдар бар және ол образдардың өресі мен 
өрісі де кең. Осы шеберліктің сыры мен әдісі көп қырлылықты талап 
ететіні белгілі. Сюжеттік желі, композициялық бітім, образ, деталь, 
тіл мен стиль ерекшеліктері шеберлікті қамтиды, бұл компоненттер 
бір-бірімен жымдасқанда, яғни қарым-қатынасқа түскенде ғана 
шығарманың тынысы кеңейетіні аян. 
Персонаж – бейне – көркем бейненің түрі, шығармада оның 
жеке әрекеті, әр түрлі көңіл-күйі, сөзі беріледі. Ол эпикалық 
шығармаларды талдауда үлкен мәнге ие. Бейненің түрліше болуы 
көркемдік таным мәселесіне әкеп тірейді: олар адам бойындағы 
жағымды-жағымсыз қасиеттерді көрсетеді. Әдеби бейнені жасау 
үстінде автор (жазушы) оған әр түрлі характерлер үстейді: бір жақты 
немесе көпқырлы, тұтас немесе қарама-қайшылықты, тұрақты 
немесе дамушы т.б. Осылайша ол оқырмандарға әр түрлі кейіп-
болмыстағы бейнелерді ұсынады. Әдебиеттегі бейне үнемі дара 
бола бермейді, онда жинақтаушы да сипат болады. Кейіпкердің 
характері тұлғаның қалыптасуында негізгі көркемдік таным 
қызметін атқарады. Әдеби бағытта (классицизмнен бастап) негізгі 
мәнге тұлға концепциясы ие, бұл тұрғыдан ол философия, қоғамдық 
ғылымдардың түсінігімен іргелес. Эпикалық шығарманың негізін 
әдетте, бейнелер жүйесі мен сюжет құрайды. Кез келген жүйе 
секілді туындыдағы кейіпкерлер аясын, оны жасайтын элементтер 
мен құрылым айқындайды.


384
385


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет