Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
1. Қандай талаптар басшылыққа алынды?
2. Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
3. Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?
4. Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
5. Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?
6. Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
7. Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
8. Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
9. Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?
10. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?
11. Сабақ оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінез-құлқы мен жеке мәдениетіне қалай әсер етті?
12. Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?
13. Сабақ кезінде сыныпта, жекелеген оқушыларда қандай қиындықтар туындады? Олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары.
14. Сабақ мақсаты мен міндеттеріне жетті ме, қандай көрсеткіштер бойынша ол анықталды, егер сабақ өз мақсатына жетпесе, не кедергі болды?
15. Сабақ нәтижелілігін бағалау.
16. Мұғалімнің өзін бағалауы.
17. Сабақты жетілдіру жолдары.
Сабаққа қойылатын талаптар.
Қазіргі кездегі ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалану.
Сабаққа дидактикалық ұстаным мен ережелерді тиімді пайдалану.
Оқушылардың қызығушылын,қабілетін біле отырып,қажеттілігін өтеу,дарынын дамыту.
Пән аралық байланыс құру.
Оқушылардың бұрынғы алған біліміне сүйене отырып,оқушыны жаңа деңгейге көтеру.
Оқушылардың белсенділігін арттырып қажеттілігіне түрткі (мотивация) жасау.
Оқу-тәрбие жұмысының барлық кезеңдерінде қисындылықты (логичный)және көңіл күйді ұйымдастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру.
Алынған білімді іс жүзінде өмірмен байланыстыру.
Практикалық білім,білік дағдыны қалыптастыру еңбекке үйрету.
Үнемі әрі үздіксіз білім алу қажеттігін ұйымдастыру.
Әрбір сабақты талдай,болжай .жоспарлай және құрастыра білу
Оушылардың өздігінен білім алуға,кітаппен жұмыс істеуге үйрету.
Сабаққа оқытудың жаңа технологиясын пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |