Жақсы және сапалы хор дыбысы үш негізгі элемент арқылы жасалады. Бұл элементтерді хордың үнін жан-жақты зерттеу арқылы анықтауға болады


Балалар дауыстарының ерекшеліктері



бет7/7
Дата15.11.2023
өлшемі70.86 Kb.
#483365
1   2   3   4   5   6   7
Хор және басқару

Балалар дауыстарының ерекшеліктері.

Бала өскен сайын оның барлық дене бітімімен қоса дауысы да өзгеріп отырады. Әсіресе, дауыс жыныс мүшелерінің жетілуіне байланысты қатты өзгереді. Бұл кезеңді мамандар мутация кезеңі деп атайды. Мутация ұл балалардан гөрі қыз балаларда жеңілірек өтеді. Өйткені, аталған кезеңде қыздардың көмейі үштен бір, ал ер балалардың көмейі екі есе үлкейеді. Әрине осыған байланысты дауыс шымылдығы да ұзарады, баланың дауысы ересек дауысқа ауысады. Өзгеріс ұл балаларда айырықша байқалады, соның әсерінен олар тез шаршағыш, ұялшақ, кейде ашуланшақ болады. Тамақ қызарып ауыра береді, дауыс шымылдығы ісіңкірейді. Қазір ғалымдар мутация кезінде ән салуды мүлдем тоқтатуға болмайды деп тапты, ол дауыстың мүлдем жоғалып кетпей, қайта дами түсуіне пайдалы. Алайда бұл кезде хор жетекшісіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Баланың тамағына салмақ түсірмеуге, психикасына жақсы әсер етуге, әрі әнді өте ыңғайлы тесситурада (айқайға жол бермей) айтқызған жөн. Ең негізгісі бұл жағдайдың физиологиялық сипатын уақытша екендігін балаға түсіндіру қажет.
Ұл балалар дауысының өзгеруінің мынадай даму кезендері бар, оны хорға жетекшілік етуші музыка маманы міндетті түрде білуі тиіс.
І – алғашқы кезең (6 – 8 жас) Диапазоны: «ре»-«ми» І окт. «ми»-«фа» ІІ окт
альт - «до» І окт. – «до» («ре») ІІ октава
ІІ – ортаңғы кезең (8 – 11 жас) Диапазоны: дискант - «ре»-«ми» І окт – «фа»-«соль» «ля» ІІ окт.
альт - «ля» - кіші окт – «ре» «ми» («фа»)
ІІ окт.
ІІІ – балалар дауысының гүлдену кезеңі небәрі 1 – 1,5 жылға созылады (11, 12, 13)
Диапазоны: дискант - «до», «ре» І окт. – «ля» «си» ІІ окт.
альт - «ля», «си» кіші окт. – «ре» «ми» («фа») ІІ окт.
IV – жасырын мутация кезі (12, 13, 14, 15) 2 – 3 айдан І жылға созылады
Диапазоны: дискант - «ля-си» к.окт. – «фа» «соль» І окт.
альт - «соль-ля» к.окт. – «ля-си» І окт.
V – нағыз мутацияның кезі: (13, 14, 15 жас) бір айдан бастап жарты жылға дейін созылады. Диапазоны: дискант - «ми-фа» к.окт. – «до»-«ре» І окт. дыбыстарың кеуде резонаторын іске қосу әдісімен, одан жоғары жатқан ноталарды ІІ октаваның «ми», «фа», «соль» ноталарына дейін бас резонаторларымен айтады.
VI – жасөспірімдер дауысының тұрақталған кезі (15 – 17 жас)
Диапазоны: тенор – «ре-ми» кіші октава «ре-ми» І октава
баритон – «си» үлк. окт. – «до» І окт.
VII – жасөспірімдердің дауысының ерлер дауысына ауысқан кезі.
Диапазоны: тенор – «до» к. окт. – «фа-соль» І окт.
баритон – «си» - үлк. окт. – «ре-ми» І окт.
бас – («соль») «ля» үлкен окт. – «до-ре» бірінші октава.
Дауыс кезеңдеріндегі бұл диапазон көрсеткіштері шамамен мөлшерлеп алынған. Оның дәлдігі әр баланың дыбыс мүшелерінің құрлысына, ән айту ерекшелігіне байланысты. Сондықтан ән – хор үйреткенде осы көлемде қалып қою керек деп ұқпау керек. Қалай болғанда да баланың дауысына елеулі салмақ түсіретін шеткі дыбыстардан сақ болған дұрыс.
Мектепте хор үйірмесін ұйымдастыру барысында балалардың жасын ескеру басты принцип болып табылады. Өйткені олардың дауыс және орындаушылық мүмкіндіктері жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сондықтан әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншілік өнерге баулу үшін, музыка мұғалімі балалар дауысының даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс.
Жалпы білім беретін мектеп хорларын төмендегідей бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Төменгі кластар хоры І-ІІІ кл.

  1. Ортаңғы кластар хоры IV-V кл.

  2. Жоғарғы кластар хоры VI-VIII кл.

  3. Жасөспірімдер хоры IX-XI кл.



  1. Төменгі кластар хорында 6-8 жас аралығындағы балалар қатысады. Бұл жастағы балалардың дауыстары бір-біріне өте ұқсас, тіпті ұлдар мен қыздардың дауыстарыда еш айрықшаланбайды. Үндері өте нәзік, таза сыңғыр, бірақ күші аз келеді. Дыбыс аумағы тек бірінші октаваның ноталарын ғана қамтиды. Орындаушылық мүмкіндіктері өте аз, тек бір дауысты әндерді ғана айта алады.

  1. Ортаңғы кластар хорында дыбыс аумағы онша өзгере қоймайды. Бірінші октаваның «до» сынан екінші октаваның «ре-ми» ноталарына дейін. Дыбысы қанықтау, әр оқушының өзіне тән үн болулары (тембр) көрініс бере бастайды.

Бұл жастағы балалардың дауысында фальцеттік үн әлі басым, дауыс шымылдығы тек шеткі және ішкі жағымен ғана дірілдейді. Сондықтан 2 дауысқа тек шартты түрде ғана бөлінеді.
3. Жоғарғы кластар хорында (11, 12 – 13 жас) балалардың дауыстары жетіліп тембрлері ашылады, әсіресе қыз балалардың. Бұл жастағы балалар хорын 2 дауысқа бөліп үйретуге болады. Қыздардың жоғарғы дауысы сопрано, ұлдардың жоғарғы дауысы дискант, ал ұлдар мен қыздардың төменгі дауыстарын альт деп атайды. Бұл хордың орындаушылық мүмкіндіктері әлде қайда мол, дыбыс аумағы кең. Диапазондары: сопрано «до, ре» ІІ окт. жалпы диапазоны «ля» к.окт. – «соль» ІІ – окт.
4. Жасөспірімдер хоры немесе толық емес аралас хор. Бұл жоғарғы (Х – ХІ кластар хоры, 15-17 жастағылар). Ұлдар мен қыздар дауысы ересек дауысқа ауысып, соларға тән дыбыс бояулары пайда бола бастайды. Дегенмен, балалардың дауыстары мутациядан соң әлі беки қоймаған, кез шаршағыш, әрі дыбыс аумағы да дұрыс қалыптасып болмаған кез. Сондықтан ұлдарды тенор – бас партияларына бөлмей-ақ бір дауыста біріктіріп айтқызады. Хор партиялары: сопрано, альт және ерлер дауысы болып бөлінеді. Бұл хордың қай тобында болмасын дауысқа салмақ түсіретін ең жоғарғы немесе тым төменгі дыбыстарды айтқызбауға тырысқан жөн. Үнемі өзгеру, өсу үстінде болатын жас организм аса ұқыптылық пен күтімді талап етеді. Сондықтан репетицияны да ұзаққа созбай, режимді қатал сақтау керек. Диапазондары: тенор – «ре-ми» к.окт. – «ре-ми» І окт. аралығы. Баритон: «си» ұ.окт. – «до» к.окт. – «си» к.окт. «до» І окт. аралығы. Сопрано – алдыңғы жоғарғы кластар хорынан айырмашылығы жоқ. Жасөспірімдер хорының жұмыс диапазоны: к.окт. «ми-ре» және «соль» ІІ окт. аралығы.
Міне, осындай мектеп жасындағы балаларды жас ерекшеліктеріне сай топтастыра білу, олардың дауыс диапазондарының деңгейін білу – бала дауысына сай репертуар таңдау жолында үлкен көмегін тигізеді. Оқу-тәрбие жұмысының мазмұны балаларға ән-хор айту дағдыларын жақсы меңгертіп, музыкалық талғамын жетілдіретін және оған деген қызығушылығын арттыра түсетін әдіс-тәсілдерді қарастырумен тығыз байланысты. Хор жетекшісі ең алдымен вокалды-хор техникасының элементтерін жақсы білуі тиіс. Сонымен қатар балалардың музыкалық есту дағдысын, яғни өз дауысына сын көзбен қарап, дыбыстың сапасын бақылап, бағалай білуге үйретуі керек. Ол үшін ән айту кезінде балалар өз дауысымен қатар, қасындағы көршісінің дауысын да естіп, соған өзінің дауысын сәйкестендіріп шығаруын бақылатып үйреткен дұрыс. Сонымен қатар бала дыбысты айтпас бұрын оның биіктігін және басқа да сапалық қасиеттерін алдын-ала іштей естіп отырса ғана оны дауысымен деп басады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет