Нәтижесін талдау
Жауаптар үш шкала бойынша бағаланады:
В-шкала-кінәлау;
Т-шкала-қобалжу;
Н-шкала-қысым көру;
В-кінәлау шкала бойынша (өзінің сәтсіздіктеріне отбасы мүшелерін кінәләуы)келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: толмастан, болып жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінбейді және жауапкершілікті өз мойнына алмайтындығын көрсетеді.
Т-қобалжу шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 2,5,8,11,17,20. Зерттелінушінің өзі қанша күш жұмсаса да отбасындағы жағдайды өзгертуге шамам келмейді деп түсінуі. Нәтижесінде өзіне деген сенімі төмендеп, мазасыздануы жоғарылайды.
Н-қысым көру (отбасындағы қарым -қатынас барысында ішкі кернеуінің жоғарылау) шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 3,6,9,12,15,18,21. Зерттелінуші отбасындағы өзінің міндеттерін орындауға қиналып, ол міндеттерді орындауды үлкендердің көрсеткен зәбірі деп түсінеді.
Қайсы шкала бойынша бес сұраққа «иә» деп жауап сол шкала бойынша
жағдайы болмай жүргені анықталады. Соңынан барлық шкалалар бойынша жинаған баллдарды бір-бірін салыстырып, отбасында қай шкала бойынша психологиялық теріс әсер ететін фактор басым екенін анықтауға болады.
3.«Отбасылық социограмма» тесті.
Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама түрде «қазір және осы жерде» анықтау.
Орындау ережесі.Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады.Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі.Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған.Тестті орындау барысы түсіндіріледі.Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеңбер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек.Соннан соң отбасы мүшелерінің әрқайсысын шеңберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады.Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара отырып толтыруы керек.
Нәтижесін талдау.
Бірінші белгі бойынша талдау:отбасы мүшелерінің кеңістікте орналасқаны талданады.Адамдардың барлығы бір қатарға қойып салу-шынайы өмірдегі олардың арасындағы қатынастың біркелкі болғанын көрсетеді.Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қақтығыста болып,жанұяда ауызбіршілік болмаса онда осы жағдайға кінәлі деп жүрген алам шеңберге кірмей,оның сыртында қалады немесе бір жануалдың аты салынады.
Екінші белгі бойынша талдау:дөңгелектердің көлеміне қарай жүргізіледі.Егер кімде-кім өзін үлкен шеңбер етіп салса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары,ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытынын көрсетеді.Ал төмен жағына салғаны-өзіндік бағалауы төмен болғанын көрсетеді.
Үшінші белгіде дқңгелектердің орналасу тәртібі талданады.Отбасы мүшелерінің кім-кіммен жақын екендігі,ерекше маңызды орында екені анықталады.Шеңбердің ішінде орналасу басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса,зерттеуші көзқарасы бойынша ол аса сыйлы,маңызды адам қатарына жатады.
Төртінші белгі,бір-бірінің үстіне орналасқан.Отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығын көрсетеді.Ең үстінде орналасқан адамның отбасындағы орны ерекше,ол барлық басқа мүшелерге билігін жүргізіп,өктемдік көрсететінінің белгісі.Немесе суреттің авторының сол адамды барлығы ерекше сыйлайды деп түсінуін білдіреді.Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |