Әдістемені жүргізу ерекшелігі.
Психолог психодиагностикалық зерттеу жүргізуді бастамай тұрып,алдымен балалармен танысып,олармен жаттығулар және басқа іс-шаралар ұйымдастырып өзіне үйретіп алуы керек.Өйткені балалар бөтен адамнан жатырқап,ұялып,сұрақтарға жауап берместен мелшейіп тұрып алуы мүмкін.Сондыұтан олардың сеніміне ие болудың мағынасы терең.Тест өтілетін бөлмеде үстел,тапсырмаларды отырып орындайтын орындықтар болуы қажет.Тест жүргізіп болғаннан кейін оның нәтижелерін талдау,қорытынды шығару үшін тиісті жағдай болуы керек.Өйткені онда тесттің 20 фигурасын бір ретке келтіріп орналастыруға мүмкіндік болуы керек.Барлық фигуралар балаға жақсы көрінетін жерге қойылып,ондағы кейіпкердің келесі тәртіппен орналастырылуы қажет: 4-әр жастағы әйелдер,4- әр жастағы еркектер,5- әр жастағы қыз балалар,5- әржастағы ұл балалар,кемпір,шал фигуралары.
Балаға отбасы мүшелері және құрамы жайлы түсінік беріледі.Отбасы құрамын психолог біліп алуы үшін алдымен келесі сұрақтарды қояды: «сенімен бірге тұратын адамдар туралы айтып берші», «Сенің отбасында қанша адам бар?» Баланың жауаптары хаттамаға тіркеліп отырылады.Тест нәтижесін шығару үшін отбасы құрамына келесі сипаттама беріледі: толық немесе толық емес отбасы ма.Отбасының барлық ерекшеліктері туралы толық мәлімет жтнаған дұрыс.Отбасы толық емес болса оның себебін анықтау.Анасы қайтыс болып әкесі екінші рет үйленген жағдайда бала өз тілінде менің екі анам бар деп жауап беруі мүмкін.Ондай жағдайда екі анасын да тестке қосу керек.Қазір бала кімнің қолында тұрып жатыр,оның іні-қарындастары бар ма,олардың жас шамалары қаншада?Егер бала олардың неше жаста екенін білмесе,онда психолог жетелеу сұрақтарын қояды,ол сеннен үлкен бе,кіші ме?Ол мектепке барады ма? т.б. Егер итін,мысығын және басқа жануарларды қосып айтса,оны тек тыңдау қажет,ол тестті талдау барысында есептелмейді.
АТА – АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ
Ата-аналар тексеруі
Мектептің оқу бағдарламасы сіздің балаңызға экспрементке қатысуды ұсынады. Осы орайда балаңыз туралы ақпаратпен қамтамасыз етуде сіздің көмегіңіздің маңызы зор. Сауалнама толтыру үшін бірнеше минут уақытыңызды бөліңізді сұраймыз. Балаңыз туралы ғана жақсы білетін мағлұматтарды белгілеп, көрсетілген уақытта мектепке әкеліңіз.
Менің баламның сөздік қоры мол және ол өз ойын жақсы жеткізеді. Егер «иә» деп жауап берсеңіз, мысал келтіре кетіңіз.
Иә_________ жоқ________
Менің балам тапсырманы орындағанда бар күшін жұмсайды, табанды және тапсырманы өз бетімен орындайды.
Мысал келтіруіңізді өтінеміз.
Менің балам кітап оқуды балабақшадан бастады.
Иә________ жоқ__________
Егер «иә» деп жауап берсеңіз, балаңыз оқыған кітаптарды атаңыз.
Балам құмарлана кітап оқиды. Иә_______ жоқ_______
Балаңыздың соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атауыңызды өтінеміз.
Сіздің балаңыз қай жағынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыздың аса қызығушылық танытатын заттарын және хоббиін атаңыз (коллекция жинау, модельдер жинақтау, шеберлік және т.б.).
Балаңыз мектептен тыс уақытта қандай арнайы қосымша сабақтарға барады?
Сіздің балаңыздың мектепке қарым қатынасы қандай?
Мектеп пен үйдегі жағдайлар балаңыздың мектепке баруына кедергі жасайды ма?
Бізге балаңызға арнап бағдарлама жоспарлауда көмегін тигізер қандай ерекшеліктерді атап кетер едіңіз?
Балаңыз бос уақытында немен айналысқан ұнатады?
Сіз өз балаңызды аса дарынды деп атар ма едіңіз? иә_____ жоқ_____ Егер сіздің жауабыңыз «иә» болса, белгілей кетіңіз:
а) бір нәрсені қиялмен орындайды, күрделі сөздер мен ым жасай түсіндіреді;
ә) қарапайым мағлұматтарды күтпеген кейіпте пайдаланады;
б) бір нәрсені орындағанда қарапайым жолдарды пайдаланбай, жаңа жолды таңдайды;
в) «ойлармен ойнағанды» ұнатып, орынсыз жаңа жағдаяттар туғызады.
15. Сіздің пікірңізше, балаңыз дарынды балаларға арналған бағдарламаның қай саласын игере алады?
Достарыңызбен бөлісу: |