Жасыл химия
Адамдардың әл - ауқаты
Қоршаған ортаны сақтау
Өмір сапасы
Тұрақты даму
Нанотехнология
1998 жылы П.Т. Анастас және Дж.С. Уорнер "Жасыл химия теориясы мен тәжірибесі" кітабында "Жасыл химияның" негізгі 12 қағидасын атаған болатын. Бұл қағидалар негізінде жұмыс істеу экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан өндіруші мен адамзаттың дамуына септігін тигізеді.
Қалдықтарды қайта өңдеп, тазалағанша, шығындарды болдырмау керек.
Жаңа химиялық өнім жасау кезінде бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту керек,толығымен тиімді, бірақ іс жүзінде улы емес химиялық өнімдерді жасау.
5.Қауіпсіз еріткіштер мен реакция жағдайларын қолданыңыз.
Өндірісте жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді қолданбауға тырысу қажет. Егер оларсыз мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы шарт. Еріткіштерді, бөлгіштерді немесе басқа қосалқы химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Егер сізге осы химиялық заттарды қолдану қажет болса, қауіпсіздігін қолданыңыз
6. Міндетті түрде энергетикалық шығындардың және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтездеу барысында қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс.
Бастапқы және жұмсалған материалдар қалпына келетіндей болуы тиіс. Сонда ғана экономикалық және техникалық жағынан тиімді болады. Жаңартылатын шикізаттың көзі көбінесе ауылшаруашылық өнімдері немесе басқа процестердің қалдықтары болып табылады; таусылатын шикізаттың көзі көбінесе қазба отындары (мұнай, табиғи газ немесе көмір) немесе тау-кен өндірісі болып табылады.