22. Науқасқа балшықпен емдеу тағайындалды. Бұл емдеу түрі көрсетілген ауруды анықтаңыз.
A) тиреотоксикоз
B) артериялық гипертензияның 3 сатысы
C) белсенді кезеңдегі ревматикалық процесс
D) *остеоартроз
E) терінің ірінді аурулары
23. Артериялық гипертензияның 2-ші сатысы диагнозымен 45 жастағы әйел «Жаркент Арасан» шипажайына жіберілді. Физиотерапевт гидротерапияны тағайындады-қарағай ванналары. Медбике науқасқа ванна дайындады. Науқастың суға түсу деңгейін көрсетіңіз.
A) семсер тәрізді өсінді деңгейіне дейін
B) бұғана сүйектерінің деңгейіне дейін
C) мойын деңгейіне дейін
D) кіндік деңгейіне дейін
E) *емізік деңгейіне дейін
24. 69 жастағы науқас асқазан обыры диагнозымен стационарда емделуде. Гастродуоденальды қан кетуді анықтайды.
A) *ЭФГДС
B) жалпы қан анализі
C) қанның биохимиялық анализі
D) лапороскопия
E) колоноскопия
25. Мейіргер ішек стомасының қалыптасуын қажет ететін тоқ ішектің қатерлі ісігі бойынша ота жасалған науқасқа мейіргерлік көмек көрсетеді. Қандай себеп стома айналасындағы терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
A) витаминдер мен минералдарға бай тағамдар
B) стома айналасындағы теріні жылы сумен жуу
C) көп мөлшерді су ішу
D) *нәжіс қабылдағышты жиі ауыстыру
E) стоманың айналасындағы теріні абайлап жуу және құрғату
26. Паллиативтік көмек бөлімшесінде мейіргер жұмыс істейді. Психологиялық көмектің негізі болып табылады
A) аяушылық қозғалыс режимін сақтау
B) *қарым-қатынас
C) мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету
D) сыртқы әлемнен оқшаулану
E) негізгі аурудың ерекшеліктеріне байланысты диетаны сақтау
27. 74 жастағы ер адам зәрдің қиналып үзілісті бөлінетіне зәр шығару уақытының ұзаруына, оның толық босамайтындығына шағымданады. Егде жастағы адамдарда зәр шығару бұзылысының себебін анықтаңыз.
A) жедел гломерулонефрит
B) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
C) *простата аденомасы
D) жедел цистит
E) уретрит
28. 69 жастағы науқасқа желке аймағындағы бас ауруы, құлағындағы шуыл, бас айналу, қан қысымының жоғарылау шағымдарына байланысты. Артериялық гипертензия диагнозы қойылды. Егде жастағы адамдарда қан қысымының жоғарылуының жиі кездесетін себебі.
A) *атеросклероз
B) тиреотоксикоз
C) феохромоцитома
D) созылмалы пиелонефрит
E) жедел гломерулонефрит
Науқас 80 жаста, кардиологиялық бөлімшеге ЖСЖ-мне асқынған ЖИА жөнімен түскен. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкеюіне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштықта болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі ортопноэ. Тері жабындары цианозды. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/90 мм сынап бағаны. Ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем шараларының қайсысын науқасқа үйрету қажет?
A)Дене температурасн өлшеу
B)Жеке гигиена ережесімен
C)Ісінуді анықтау ережесімен
D)*Су балансын анықтау ережесімен
E)Пульсты өлшеу ережесімен
Достарыңызбен бөлісу: |