Жасуша патологиясы


Жасушалардың тіршілігін жоғалтуы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата04.03.2024
өлшемі270.19 Kb.
#494251
1   2   3   4
жасуша патофизиодогиясы реферат

Жасушалардың тіршілігін жоғалтуы. Жасушалардың тіршілігін жоғалтуы
некрозық және апоптоздық жолдармен болады.
Некроз-деп жасуша тіршілігінің қайтымсыз жоғалуын айтады. Ол
дистрофияның соңғы сатысында немесе төтенше бүліндіргіш ықпалдың
тікелей әсерінен дамиды. Тіршілігін жоғалтқан жасушалардың айналасына
фагоциттер шоғырланып, қабыну үрдісі байқалады. Некрозға ұшыраған
жасушалар лизосомалық ферменттердің және оттегінің белсенді бос
радикалдарының қатысуымен ыдыратылады. Жасуша құрылымдарының
осындай жолдармен өзін-өзі ыдыратуын аутолиз дейді. Бүлінген және
некрозға ұшыраған жасушалардың ыдыратылуы фагоциттердің және
микробтардың протеолиздік ферменттернің қатысуымен болады.
Жасушалардың некрозға ұшырау алдындағы жағдайын некробиоз дейді.
Бұл кезде пайда болған өзгерістер қайтымсыз өзгерістерге жатады және
некроз дамуына әкеледі.
Апоптоз-жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша
тіршілігін жоюы. Оның дамуын қадағалайтын екі түрлі гендер бар. Апоптоз
дамуын тежейтін ген Bcl- қадағалауымен антиапоптоздық нәруыз түзіледі.
Ол митохондрийлардың мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, жасуша
цитоплазмасына, апоптозды сергітетін фактор-цитохром С шығарылуын


азайтады. Апоптозды күшейтетін нәруыз Bad, Вах гендерімен және
супрессор гендерімен қадағаланады. Осы нәруыздың түзілуінен
эндонуклеаза ферментнің белсенділігі артып, ДНК молекуласы бөлшектеліп
кетеді. Апоптоздың гендік бағдарламасын дабылдық ақпарат жүзеге
асырады. Ал, некроз бүліндіргіш ықпалдың әсерінен дамиды. Некроздың
нәтижесінде жасушаның ыдырауы болып, оның ішіндегі заттар жасуша
аралық кеңістік босап шығады. Босап шыққан лизосомалық ферменттер
айналасындағы тіндерді ыдыратады. Ал, апоптоз кезінде жасушаның
ыдыраған құрам бөлшектерін фагоциттер жеп қояды. Некроз әрдайым
дерттік үрдіс. Ал, апоптоз көптеген табиғи болмыстық үрдістердің
барысында байқалады. Сонымен бірге ол бүліндіргіш ықпалға жасушаның
бейімделуі түрінде де кездеседі. Некрозға қарағанда апоптоз энергия
пайдаланып өтеді және ол нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуін
қажет етеді. Апоптоз кезінде жасуша тығыздалып, ядросы ыдырайды, ДНК
молекуласы бөлшектенеді. Артынан жасуша бөлшектеніп, апоптоздық
денешіктер пайда болады. Оларды макрофагтар мен нейтрофильдер жеп
қояды. Бұл кезде ешқашан қабыну дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет