өспе жасушаларына тән құбылыс. Өспе жасушалары жоғарыда келтірілген
реттелу жолдарына бағынбай өз беттерінше өзін-өзі реттеп өседі.
Жасуша бүліністерінің көрністері. Жасуша бүліністернің көріністеріне
әртүрлі
дистрофиялар, дисплазиялар дамуы және жасушаның тіршілігін
жоғалтуы жатады.
Дистрофиялар-деп жасушаларда зат алмасуларының бұзылыстарынан
олардың тіршілігі өзгеруіне әкелетін
құрылымдық және функциялық
өзгерістерді айтады.
Қалыпты жағдайда жасушаларда кездеспейтін ауытқыған заттардың
түзілуімен
Бір қоспалардың басқа қосындыларға артық ауысып кетуімен
Жасушаішілік құрылымдардың немесе
заттардың ыдырап кетуімен
Жасушалар мен жасушааралық заттарда органикалық және
бейорганикалық қоспалардың сіңбелері пайда болуымен.
Дисплазиялар-жасушалардың құрылымы,
зат алмасулары мен атқаратын
міндеттемелерінің тұрақты өзгерістерімен қабаттасып олардың дамуындағы
нақтыланудың бұзылыстары. Жасушаның нақтылануы оның тектік
апаратына байланысты. Жасушалық дисплазия өспе өсуіне тән құбылыс. Бұл
кезде
жасушалардың көлемі ұлғаяды, пішіні өзгереді, олардың ішінде
әртүрлі қоспалар пайда болады.
Жасушаішілік құрылымдарының
арақатынасы өзгереді. Дисплазиялардың бір түрі болып метаплазия
есептеледі. Метаплазия деп белгілі ағза жасушаларының басқа тін
жасушаларына айналып кетуін айтады.Мәселен, асқазан жасушалары ішек
жасушаларына айналып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: