2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу.
6-сурет
Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;
Кестедағы Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;
Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:
Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:
Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;
Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп , пайда болған терезеден Круговая типін таңдаңыз;
Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.
Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .
Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |