D5 ұяшығы белгіленеді де , оған =С5*5% жазылады;
Қалғандары да осы тәрізді есептеледі.
Н5 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз.
Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін:
H5:H12 диапазоны белгіленеді ;
Стандартная саймандар панелінен Автосумма батырмасы шертіледі.
2 - жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы теңгемен және доллармен есептеңіз.
2-сурет
Өз құжатыңыздағы келесі бетті ( Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;
Кестені мәліметтермен толтырыңыз /2-сурет/;
Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз.
Е6 ұяшыққа келесі =С6*D6 формуланы енгізіңіз;
F6 ұяшыққа келесі =Е6*В3 формуланы енгізіңіз . В3 ұяшығының адресін абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз , сонда адрес $В$3 болып өзгереді.
3 - жаттығу: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеңіз.
Құжатыңыздағы үшінші бетті (Лист3) Тапсырма3 деп өзгертіңіз.
3-суреттегідей арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептейтін кесте құрыңыз. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы: an=a1+d(n-l) және арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы : Sn=(a1+an)*n/2, мұндағы a1 – прогрессияның бастапқы мүшесі, aл d — арифметикалық прогрессияның айырмасы.
Қажет болған жағдайда ұяшықтардың абсолют адрестерін қолданасыз.
a1 = -2, d= 0,725 деп алып есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |