Ќўжаттыѕ аты



бет22/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
umkd sozzhasam

Реферат тақырыптары



  1. Н.Я. Маррдың төрт таған теориясы туралы.

  2. В.М. Иллич-Свитыч – ностратикалық теорияның негізін салушы.

  3. Дыбысқа еліктеу теориясы.

8-тақырып. Сөзжасам және уәждеме


Теориялық тапсырма:


Сөзжасам процесінің негізгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілік мағына. Оның көрінісі мен мағынасы. Уәждеме теориясы туралы. Атаудың жасалуындағы уәжділіктік маңызы. Уәжділіктің түрлері. Толық уәжділік пен жанама уәжділіктің, абстрактылы уәжділік пен жүйелі уәжділіктік өзіндік ерекшелігін көрсету. Уәжділіктік ұлттық дүниетаныммен байланысы. Уәждеме теориясының сөзжасамдағы маңызы мен көрінісі.


Әдебиет

Кияк Т.Р. Мотивированность лексических единиц. –Львов. 1988.


Гинатуллин М.М. К исследованию мотивации лексических единиц. ( на материале наименовании птиц). АКД., 1972.
Копыленко М.М. О мотивации найменований животных в тюркских языках. // Проблемы этимологии тюркских языков. – Алматы, 1990.
Коржева Л.Б. Мотивационная типология производного слова. М., 1985.
Улуханов И.С. О степенях словообразовательной мотивированности слов. – ВЯ. –М., 1977.
Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.


Практикалық тапсырма

1. Мәтіндегі кісі есімдерінің уәжін анықтаңыз, олардың ұлттық дүниетаныммен байланысына назар аударыңыз.


Абайдың жалғыз бір оңашада жүз көрісіп сөйлесу арманы болатын. Сол арманын Ербол апарып, әуелі Тоғжанның жеңгесіне, Асылбектің келіншегіне айтыпты. Сәлемге айтқан өлеңдерін айтып беріпті. Ол жеңге Тоғжанмен барынша сырлас, тату болатын. Өмірінде әлі күнге қайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасында делдал боп көрмеген-ді. Бірақ мынау жол оған да өзгеше көрініпті. Ербол да сөзге жүйтік, қолқасын өткізе білетін отты, жұғымды жігіт. Әйтеуір сол жеңге мен Ербол екеулеп отырып, Тоғжанға Абайдың бар өлеңін естіртіпті де, ақырында, бір жол жүз көрісуге көндіріпті.
Осы ауылдың қасында ас иелерінің жиыны түгел екен. Абайлар Бөжей үйінен қымыз ауыз тиіп, тысқа шығып, сол жиынға келді. Кішілеу төбенің басында отырып, кейбір аттыларды шақырып алып, кейбіреулерін шапқыза жөнелтіп, әмір тартып отырған осы жиын. Ортасындағы үлкендері – Байдалы. Байсал, Сүйіндік.
Байдалы былтырғыдан бері недәуір қартайып қапты. Сақал-шашының ағы көбейіп, бурылға жақындаған. Қастарына Абай келіп сәлем бергенде, бұл үлкендер бұрынғыдай емес, оң шыраймен амандасты. Байдалы мен Сүйіндік Зере мен Ұлжанның амандық-саулығын сұрап, жас жігітке қастарынан орын берісті. Осы үлкендердің бұйрығын күтіп, қас-қабақтарына қарап жүрген жас жігіттердің ішінде Ербол бар. Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір танысы Жиренше де осында. Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы.
...Осы жиынға сәлем айтқан Зередей аналары екен. Сол кісідей үлкендер жіберіпті. Бөжекеңнің асына ағайын боп ат салыспақ. Бұрынғы шақта қапы болса, енді олай емес, қалыспаймыз деген адал ниетпен келіпті.
Абай осы топтың бөтені боп көрінбей, өз адамы сияқты боп саналғанына ішінен қуана түсіп, ырза боп, атына қарай басты. Өзі атқа мінісімен жаңағы бұған серік болатын Жиренше, Базаралы, Ербол үшеуін ертіп алып, үйлер тігіліп жатқан жерді аралады. Өз үйлерін тігетін орынды ақылдасып, сайлап алып, ас ошағын орнататын жерлерін де белгіледі. Ол орайда ақыл айтып, орын көрсеткен Жұмабай болатын (М.Әуезов).
2. отарба, итжеккен, иткөйлек, иманжапырақ, түйежапырақ, көкбазар сияқты сөздердің уәжін, уәжделу ерекшелігін анықтаңыз. Олардың қай уәждің негізінде жасалғанын талдап түсіндіру. Туынды сөздің мағынасын жасаудағы уәждің маңызын анықтау.


3. Мәтіндердегі туынды сөздердің уәжділігін көрсетіңіз.
а) Мен ауылға барған сайын, сол бір беттері күнге тотыққан, тіпті қалай болса солай киіне салатын шаруа баққан жерлестерімді көремін. Қол беріп амандасамын. Баяғыны еске аламыз. Той-томалағы болғандарға құтты болсын, ал өлім-жітімі барларға көңіл айтамын. Қаладан көлеңкеде өскен шөптей сарғыш тартып оралатын мен, өз замандастарымнан әлдеқайда жас кеспіріме қарап, ақ саусақ, қара таяқ пошымымнан ұяламын да. Ұялғаныма көрінсін, кейінгі жылдары әкемнің ескі-құсқы киімдерін киіп алып, “қарапайым” көрінгенсіп те жүрмін. Сонда ауылдастарымның тайға таңба басқандай артықшылығын да сезінуші едім. Олардың өңі қартайғанымен, мінез-құлқы сол қалпында қалғанына қайран қалатынмын. (О.Бөкей).
ә) Ашық терезеден оқыс соққан салқын жел келді. Үлкен, жеңіл, ақ пердені жел үйірді. Шалқыта толқытып кеп, жақын тұрған биік үстелдің үстіндегі кітаптарға төндірді. Перде біресе ойнаған баладай боп, Абай оқып отырған кітап бетін жасыра бүркеп қалады, біресе желпи қағып, кітаптың жазуларын сыпырып ұшыруға тырысқандай болады.
Абай жаңа байқады, артындағы үлкен есік кең ашылып, ар жағында келе жатқан бір сый адамды күткендей екен. Таң атқалы бұл бөлменің есігі ашылып, кісі кіргені осы еді. Абай бұрылып қарай бере, келе жатқандардың кім екенін білді. Жай басып, ауыр тыныс алып, демігіп келе жатқан өзінің шешесі. Бұл күнде денесі ауырлап, жүріс қозғалысы үлкен қиындыққа айналған Ұлжан есіктен кеп көрінгенде, оны екі жағынан екі әйел қолтықтап, сүйеп келеді екен. Абай орнынан шапшаң тұрып шешесіне көрпе салды.


4. Абай өлеңіндегі сөздердің астарлы мағынасын анықтап, уәжін көрсетіңіз. Синтаксистік деривация мен лексиалық деривацияның ерекшелігіне көз жеткізіңіз.


Ал, сенейін, сенейін

Ал, сенейін, сенейін,


Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді адал жан
Табылар деп көрейін.
Я сүйсе, я күлсе,
Елжірейін, төнейін.

Жаралы көңіл жазылар,


Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құры сөз
Емес шығар табылар.
Өткен өмір, көрген түс
Не қылғанда бір болар.

Деп нанып ем “маған нан”,


Не таптым мен нанғаннан
Жүрегімді қан қылды,
Өткен өмір, өлген жан.
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бәрін сынап сандалған.
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.
Тұла бойды улатты,
Бәрі алдағыш сұм жалған.
Басыңа тиді, байқадың,
Бәрінен басты шайқадың.
Тағы бар ма айтарың?
Нанғыш болсаң, енді нан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет