9-тақырып. Туынды сөздің мағыналық құрылымы
Теориялық тапсырма
Туынды сөздің тұлғалық және мағыналық ерекшелігі. Себепші негіздер мен тұлғалардың мағыналық құрылымы. Туынды сөздің сигнификаттық және денотаттық мағынасы. Олардың бір-бірінен ерекшелігі мен байланысы. Туынды сөздегі коннатациялық мағыналар (тұрақты тіркестер тобы). Туынды сөздердің құрамындағы микромелар және оларға талдау.
Әдебиет
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. - Алматы, 2003.
Уфимцева А.А. Семантика производного слова. // Аспект семантического исследовании. –м., 1980.
Кубрякова Е.С. Типы языковых значении. Семантика производного слова. –М., 1981.
Кубрякова Е.С. Язык и знание. М., 2004.
Земская Е.А. Словообразование как деятельность. –М., 1992.
Улуханов И.С. Словообразовательная семантика в русском языке. М., 1977.
Манучарян Р.С. Слвообразовательные значения и формы в русскоям и армянском языках. М., 1981.
Практикалық тапсырма
1. Мәтіндегі тіл, жазу, сөйлесу, ой сөздерінің мағыналық құрылымын анықтаңыздар. Олардың қай тәсіл арқылы сөзжасамдық мағынаға ие болып тұрғанына назар аударып, микромағынасына семантикалық талдау жасаңыздар.
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбенен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүниенің бір шетіндегі екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. (А.Байтұрсынұлы).
Адамның қоғамдық өмірінде тілдің қолданылмайтын жері жоқ. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен қатынасады, пікір алысады, түсініседі. Бұл жағынан тіл – адам қатынасының құралы, қаруы. Тіл оймен тікелей байланысты. Адамның ойы – қоғамдық өмірдегі, айналадағы заттың, құбылыстың, істің адам санасындағы көрінісі, сәулесі. Ол ой, тіл арқылы ақиқатталады, аталады. Адам өзінің өмірінде таныған, білген, сезген, түсінген нәрселерін тіл арқылы баянды етеді. (Н.Т.Сауранбаев).
2. Мәтіндегі туынды сөздердің денотаттық, сигнификаттық, коннатациялық мағыналарын анықтау, талдаңыздар. Әрбір туынды сөздің негізгі мағынасы мен ерекше мағынасын анықтаңыздар. Абай өлеңіндегі атау сөздердің ішкі терең мағынасына мән беріп, көңілмен зерделеңіз.
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне нөл.
Единица нөлсіз-ақ
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Берекеңді қашырма,
Ел тыныш болса, жақсы сол.
Рас сөзге таласып,
Ақжем болма, жаным, кел!
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған.
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілкке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін білен алмассың,
Терең ойдың телміріп, соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мағшарда амалсыздың
Иманын түшел деуге аузым бармас. Абай.
Достарыңызбен бөлісу: |