1. Лекциялардың тақырыбы мен мазмұны, сағат саны
1-МОДУЛЬ. Сөзжасамның теориялық ұғымдары - 5 сағат.
“Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі” пәнінің зерттеу нысаны. Өзге пәндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері………………… 1 сағат.
Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық қалып, тәсіл, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамның негізділігі, сөзжасамның жүйелілік сипаты …………. 1 сағат
Сөзжасам мен атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субьективтілігі туралы. Әлемдік тіл біліміндегі негізгі көзқарастарға шолу………………………………… 1 сағат.
Сөзжасам және мотивация (негіздеме). Сөзжасау процесінің негізгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілік мағына. Оның көрінісі мен мағынасы…………………… 1 сағат
Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері, семантикалық сипаттамасы. Туынды сөздің мотивациялық негізділігі мен номинативтік ерекшелігі ……...1 сағат
2-МОДУЛЬ. Сөзжасамдық тәсілдер - 7 сағат
Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшеліктері. Фонетикалық сөзжасам. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары………………..1 сағат.
Синтетикалық сөзжасам. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау….........................................1 сағат.
Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау- ………………………1 сағат.
Етістіктің синтетикалық сөзжасамы. Түбір мен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына жасаудағы ролі. Негіздемелік қалыптасу жүйесі. Үстеудің, еліктеу сөздердің синтетикалық сөзжасамы туралы…………1 сағат.
Семантикалық сөзжасам. Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Конверсия құбылысы туралы……1 сағат
Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі………………………………..1 сағат
Синтетикалық сөзжасам тәсілі. Синтетикалық сөзжасамның қалыптары, ол туралы көзқарастарға шолу. Есім сөздердің синтаксистік сөзжасамы. Есім сөздер негізінде жасалған біріккен сөздер мен қос сөздер.……1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |