Құжаттың грифі: Жариялануға тиіс Қабылданған нөмірі: 35



жүктеу 2.63 Mb.
бет4/16
Дата09.06.2016
өлшемі2.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

      178. Балаларды өрт сөндіру үшін сумен қамтамасыз етілмеген саяжайларда орналастыруға жол берілмейді.

      179. Балалар саяжайлары мен жазғы сауықтыру лагерлері телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берілетін дабыл белгісімен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Бұларда қызмет көрсету тұлғалардың тәулік бойы жұмыс істейтін қызмет көрсетуші тұлғаларының кезекшілігі белгіленеді. Кезекші бөлмелерінде телефон орнатылуы тиіс.


  6-бөлім. Мәдени-ағартушылық және

ойын-сауық мекемелері


      180. Мұражайларда және сурет галереяларында экспонаттар мен басқа да құндылықтарды, ал цирктер мен зоопарктерде жануарларды көшіру жоспарын әзірлеу қажет.

      181. Барлық мәдени-ағартушылық және ойын-сауық мекемелерінің ашылу маусымы алдында өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкестігі тексеріледі және оны жергілікті атқару органдарының ведомствоаралық комиссиясы қабылдайды.

      182. Көрермен залдары мен мінбелерде барлық креслолар мен орындықтардың арасы қосылған және еденге мықтап бекітілген болуы тиіс. Ложадағы 12 орыннан аспайтын креслоларды (орындықтарды) бекітпеуге болады.

      Би кештерін өткізу үшін қолданылатын 200 орыннан аспайтын көрермен залдарындағы орындықтарды бір-бірімен қатарынан міндетті түрде қосу кезінде еденге бекіту міндетті емес.

      183. Ағаш сахналық қораптардың (желтартқыштар, қабырға төсемелері, аспалы көпірлер, жұмыс галереясы) құрылыс процесінде антипиренамен қанық сіңдірілуі қажет. Аталған құрылыстар, сонымен қатар жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелік безендірулер, көрермендік және экспозициялық залдардағы драпировкалар, фойелер, буфеттер оттан қорғау құрамымен дүркін-дүркін өңделіп тұруы қажет. Мекеме басшысында сіңіру датасы, оның жарамдылық және өңдеу сапасын тексеру актісінің мерзімі көрсетілген осы жұмысты орындаған ұйымның тиісті актісі болуы қажет.

      184. Ойын-сауық театрлық мекемелердің сахналық қораптарының шегінде бір мезгілде екі қойылымға арналған декорациялар мен сахна құралдары болуы тиіс. Сахнада декорацияның сақталу орны таңбалармен белгіленеді.

      Декорацияларды, бутафорилерді, ағаш станоктарды, бөктерлерді, құрал-саймандарды және басқа да заттарды трюмаларда, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда), саты маршының және алаңының астында, сондай-ақ көрермен залдарының жертөлелерінде сақтауға жол берілмейді.

      185. Сахна планшетінің айналасын безендіру кезінде ені кемінде 1 метр болатын еркін айналма жол қалдырылуы қажет.

      Көрініс аяқталғаннан кейін барлық декорациялар мен бутафориялар бөлшектеніп, арнайы қоймаларға (қойма, сейф, сарай) жинастырылуы тиіс.

      186. Сахнада темекі шегуге, ашық оттарды (шырақтарды, май шамдарды, канделябраларды), доғалық прожекторларды, фейерверктер және басқа да от түріндегі эффектілерді қолдануға жол берілмейді.

      187. Сахна планшетінде өртке қарсы перденің түсу шегін көрсететін қызыл сызық болуы тиіс. Декорациялар мен басқа да сахнаны безендіру заттары бұл сызыққа түспеуі тиіс.

      188. Көрініс (дайындық) аяқталған кезде өртке қарсы жасалған перде түсірілуі қажет. Өртке қарсы жасалған перде түсіріліп тұрғанда созылмалы "жастықпен" сахна планшетіне тығыз жалғасып тұруы тиіс. Өртке қарсы жасалған перденің маңында және төбесіне жалғастырылған герметикалау орны лабиринтті нығыздау мен құмды ысырманың көмегімен орындалуы қажет. Көтеріп-түсіру механизмінің төмен түсіру жылдамдығы кемінде 0,2 м/с болатындай етіп реттелуі тиіс.

      189. Қысқы кезеңде түтін люктарының қақпақтары нығыздалып, олардың жарамдылығы 10 күнде бір рет тексеріліп тұруы тиіс.

      190. Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және пайдалану қатаң түрде техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оларды майдалау тәсілімен дайындау, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде, бөлмелерде және стадион мінбелерінде, мәдениет және демалыс саябақтарында, адамдар жаппай болатын басқа да орындарда сақтауға тыйым салынады.

      191. Ашық алаңдарда арнайы от эффектілерін өткізу қажет болған жағдайда жауапты ұйымдастырушы (бас режиссер, көркемдеуші жетекші) мемлекеттік өрт қадағалау органдарының келісімі бойынша өрттердің алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
  7-бөлім. Сауда объектілері
      192. Сауда залдары мен эвакуация жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді сақтауға жол берілмейді. Оларды күн сайын жиналуына байланысты алып тастап отыру қажет. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелеріне жақын жинауға болмайды.

      193. Терезелік ойықтары жоқ немесе түтін жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берілмейді.

      194. Сіріңке, одеколон, иіс су, аэрозольді орамаларды және өртке қатысты басқа да қауіпті заттарды соларға лайықталған арнайы орындарда сақтауды жүзеге асыру қажет.

      195. Сауда кәсіпорындарында:

      1) сауда залдарында сатып алушылар бар кезде отқа байланысты жұмыстарды жүргізуге;

      2) сауда кәсіпорындарын басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезінде ТТС, ЖС және ЖГ (газ баллондарын, сырларды, лактарды, ерітінділерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозольді орамаларды, қару-жарақтар мен пиротехникалық бұйымдарды сатуға;

      3) өрт қаупі бар тауарларды сататын секциялар мен бөлімдерді шығу есігінен, сатылы торларды және басқа да эвакуация жолдарынан 4 м жақын орналастыруға;

      4) эвакуация жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрі, газет, кітап дүңгіршектерін орналастыруға;

      5) сауда залдарында ауа шарларын толтыру немесе басқа да себептермен ЖГ   баллондарын орнатуға;

      6) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуация жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;

      7) 15000 мыңнан артық аэрозольді орамаларды сақтауға жол берілмейді.

      196. Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да іс-шараларды өткізу кезінде басшылар олардың қауіпсіздігін (келушілердің келуін шектеу, қосымша кезекшілерді тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

      197. Ашық алаңдар мен ғимараттарда (құрылыстарда) белгілі тәртіппен ұйымдастырылған зат сататын сауда орындары төмендегі өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс:

      1) сауда жабдықтары эвакуация жолдарының жанынан ені кемінде 2 м еркін өткел өтетіндей есеппен орналасуы қажет;

      2) сауда қатарларының арасында әр 30 м сайын ені кемінде 1,4 м көлденең өткелдер болуы тиіс;

      3) сатылы торларда, холлда және дәліздерде сауда жүргізуге жол берілмейді;

      4) ғимараттарда (құрылыстарда) базардың орналасуы олардың өрт қаупін күшейтуге және ғимарат (құрылыс) үшін белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға жол берілмейді.

      198. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелер (егер нормативтік құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынуы қажет.

      199. Жұмыс уақытында тауарларды түсіру мен арту тұтынушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысы жоқ жолдар бойынша жүзеге асырылады.

      200. Шыны ыдыстарға бөлініп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және ТТС, ЖС сауда жасауға, сондай-ақ "От қаупі бар", "Отқа жақын шашыратпа" деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасынсыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол берілмейді.

      Өрт қаупі бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.

      201. Керосин (ТТС, тұтану температурасы < 61 0 С), пешке жағатын отын және басқа да ТТС мен ЖС сақтау және сату жанбайтын материалдардан орнатылған жеке тұрған ғимараттарда ғана рұқсат етіледі. Бұл ғимараттардағы еден деңгейі жанасқан жоспарлы деңгейден төмен, яғни авария кезінде сұйықтық ақпайтындай есепте болуы тиіс. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берілмейді.

      202. Сауда залдары керосин (ТТС, тұтану температурасы < 61 0 С), пешке жағатын отын және басқа да ТТС мен ЖС сыйымдылықтары орналасқан қоймалардан өртке қарсы қалқалармен бөлінуі қажет. Сыйымдылық (резервуарлар, бөшкелер) көлемі 5м 3 көп болмауы керек.

      203. Резервуарлардан үлестіру бактарына ЖС құятын құбыр желісі жылжымайтындай етіп жабылуы және үлестіру бактары мен сыйымдылықтарында бұрама болуы қажет. Үлестіру бактарының сыйымдылығы 100 литрден аспауы қажет. Құбырлар желісі мен сыйымдылықтардың кемінде екі жерінде жерге қосылғышы болуы қажет. Электрлік кедергі өлшемімен жерге бекіту беріктігі жылына бір рет тексерілуі керек.

      204. Керосиндерді (ТТС, тұтану температурасы < 61 0 С), пеш жағатын отындар мен басқа да ТТС және ЖС сататын сөрелерді ұрған кезде ұшқын шығармайтын металл затпен қаптау керек.

      205. Сауда орындарында керосинді орама (жаңқа, сабан, қағаз) материалдарын сақтауға жол берілмейді.

      Керосиннің және басқа да ЖС ыдыстары тек арнайы қоршалған алаңдарда сақталуы тиіс.

      206. Автоцистернадан керосин сату жер бедері ескере отырып, жақын маңдағы ғимараттан кемінде 15 м қашықтықта және жобалау белгілерінен аспайтын ғимараттарда, құрылыстарда және ашық алаңдарда орналасқан жобалау белгілері бар учаскелерде жүргізілуі қажет.

      207. Оқ-дәрілерді (дәрілерді, капсюлдерді, жарақталған патрондарды) және пиротехникалық бұйымдарды арнайы дүкендерде сату рұқсат етіледі. Сондықтан оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдарды сату секциялары дүкендердің жоғары қабаттарында орналастырылады. Дүкендерге жылу беру орталықтандырылған болуы қажет.

      208. Ғимаратта оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдар үй-жайларда орналастырылған, өртке қарсы қалқалармен бөлінген металл шкафтарда сақталады. Аталған шкафтарды жертөлелерде орналастыруға болмайды.

      209. Әрбір сауда орындарында кемінде екі шкаф болуы тиіс: біреуі - оқ-дәрілерді сақтауға арналған; екіншісі - капсюльдер мен оқталған патрондарды сақтауға арналған. Оқ-дәрілер мен капсюльдерді немесе оқталған патрондарды бір шкафта сақтауға жол берілмейді.

      210. Оқ-дәрілерді тек зауыт орамасында сатуға рұқсат етіледі. Қойма бөлмелерінде оқ-дәрілері бар жәшіктердің зауыт орамасын алуға жол берілмейді.

      211. Дүкен ғимараттарында түтінді оқ-дәрілерді бір жәшіктен (50 кг), түтінсіз оқ-дәрілерді бір жәшіктен (50 кг) және 15 мың жабдықталған патрондарды сақтауға рұқсат беріледі, ал дайындаушы кеңсеге 200 кг дейін сақтауға рұқсат беріледі.
  8-бөлім. Емдеу мекемелері
      212. Емдеу мекемелерінің басшысы ауруларды шығарғаннан кейін күн сайын жұмыс күнінің соңында өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратында қалған аурулардың санын хабарлайды.

      213. Үлкен жастағы ауру адамдар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты-қамысты және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.

      214. Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелерінде әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы саты болуы тиіс.

      215. Ауыр халдегі үлкен адамдар мен балаларды көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастыру қажет. Мекемелерде қызмет көрсетуші тұлғалар мен тұрғындардың тұруына тек ғимараттың басқа бөліктерінен жеке тұрған жанбайтын жабынды, қабырғалы немесе қалқанды бөлігінде және жеке сыртқа шығу есіктері бар бөлімдерінде рұқсат беріледі.

      216. Ауруханалар мен адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер өздері жүре алмайтын адамдарға (мүгедектерге) арналған зембілдермен (бес ауруға бір зембіл есебінен алғанда) қамтамасыз етілуі тиіс.

      217. Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасы 0,8 м, ал орталық негізгі жолдың ені 1,2 м аз болмауы қажет. Орындықтар, тумбалар және басқа да жиһаздар эвакуациялық шығу есіктері мен жолдарын бөгемейтіндей болуы тиіс.

      218. Палаталарға оттегі жіберу әдеттегідей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегі бекетінен (10 баллоннан көп болса) жүргізілуі тиіс және оларды аурулар үнемі келетін ғимараттардан кемінде 20 м қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастыру керек.

      Орталықтандырылған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану тәртібі мекеменің бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттегі баллоны бар рампалар орнатуға болады.

      219. Мыналарға:

      1) ауруларға арналған палаталы корпустарда емдеу процесіне қатысы жоқ бөлмелерді орналастыруға (жобалау нормаларымен белгіленгендерден басқа) немесе оларды басқа мақсатта жалға беруге;

      2) кереуеттерді дәлізде, холлда және басқа эвакуациялық жолдарда орнатуға;

      3) аурулар мен қызмет етуші тұлғалар орналасқан бөлме терезелеріне металл торлар орнатуға;

      4) ағаш қабырғалар мен төбеге тұсқағаздар жабыстыруға немесе майлы және нитролық сырмен сырлауға;

      5) жану кезінде улы заттар бөлетін материалдарды ғимараттарды әрлеу үшін қолдануға;

      6) емдеу мекемелерінің ғимараттарында оттекті баллондарды сақтауға және орнатуға;

      7) аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;

      8) жарамсыз емдік электр жабдықтарын пайдалануға;

      9) аурухана палаталарында от жағу ойықтарын орнатуға;

      10) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;

      11) аурухана палаталары мен аурулар орналастырылған басқа үй-жайларда үтік, электр плиткаларын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

      220. Су қайнататын және ысытатын қондырғылар мен титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ озокерита мен парафинді қыздыруға тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда рұқсат етіледі. Аспаптар мен төсемдерді қайнату үшін жабық спиральді бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керосин, керогаз және примустарды қолдануға жол берілмейді.

      221. Жалпы емдеу корпусындағы дәріханалар әдеттегідей, жеке сыртқа шығатын есігі бар бірінші қабатта орналастырылуы тиіс және басқа мақсаттағы үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен, қалқалармен бөлу керек.

      Басқа мақсаттағы ғимарат ішіндегі дәріханалардағы тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар саны 100 кг аспауы тиіс.

      Дәріханаларда сақталатын оттегі толтырылған баллонның саны екіден аспауы және олар арнайы орынға тігінен тұрғызылған күйде тұруы, сонымен бірге, қамытпен немесе басқа да құралмен тығыз бекітілуі қажет.

      222. Зертханаларда, бөлімшелерде, дәрігерлер кабинетінде дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (ТТС және ЖС қатысты - спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 кг аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат беріледі.

      223. Сыйымдылығы 300 кг асатын рентген пленкалары сақталатын мұрағат-қойма жеке ғимаратта, ал сыйымдылығы 300 кг жетпейтін болса, 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғаларымен және жабындарымен оқшауланған ғимаратта сақтауға рұқсат беріледі. Мұрағат-қоймадан көрші ғимаратқа дейінгі арақашықтық кемінде 15 м болуы тиіс.

      224. Мұрағат-қойманың бір бөлмесінде шамамен 500 кг пленка сақтауға болады. Әр секцияда керілмелі желдеткіш болуы тиіс. Есігі сыртқа қарай ашылуы керек. Терезе мен еден алаңының арақатысы 1:8 кем болмауы қажет.

      225. Мұрағат-қойманың есігінде "Рентгендік мұрағат", ал шығар есікте "Отқа қауіпті! Темекі шегуге болмайды." деген жазу ілінеді.

      226. Мұрағат-қойманың орталықтан жылу берілуі тиіс. Оларда бу арқылы жылу беру, металл пештер, сондай-ақ металл құбырлы уақытша үй-жайдың болуына рұқсат берілмейді.

      Мұрағат-қойма ғимараттарында электр қалқандарын, сөндірілген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдік байланысты орнатуға рұқсат етілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмауы тиіс.

      227. Үй-жайларда шкафты мұрағаттан тыс жылыту құралдарынан 1 м қашықтықта орналастырып, рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда (жәшіктерде) 4 кг дейін сақтауға болады. Ғимаратта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекі шегуге және кез келген түрдегі қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.

      228. Рентген пленкалары мұрағат-қоймасының тереңдігі мен ұзындығы 50 см аспайтын секцияларға бөлінген металл (асбест арқылы темірмен қапталған ағаш) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейінгі арақашықтық 0,5 м кем болмауы тиіс. Әрбір секцияны металл немесе асбест арқылы темірмен қапталған ағашесікпен мықтап жабылуы тиіс.

      229. Қазына мен дәрі қоймалары бөлмелеріндегі материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, сондықтан ТТС басқа материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.

      230. Оттегі мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрілік қоймаларда, сондай-ақ бірге сақтауға болмайды. Оттегі мен ЖГ баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерінен (жылу беру құралдары, күн сәулесі) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиіп кетуінен қорғау қажет.


  9-бөлім. Өнеркәсіптік кәсіпорындар
  11-тарау. Жалпы талаптар
      231. Технологиялық процестер регламентке, техниканы пайдалану ережесіне және басқа да белгілі тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық және пайдалану құжаттарына сәйкес жүргізіледі, ал өрт және жарылыс қаупі бар материалдарды пайдалануға арналған жабдық құрастыру құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.

      232. Әрбір кәсіпорында 12.1.044-89 МЕМСТ бойынша заттар мен материалдардың технологиялық процестерде қолданылатын өрт қаупінің көрсеткіштері туралы мәліметтер болуы, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолданыстағы техникалық жобалаудың республикалық нормасы ІІМ ТЖРН 01-94 негізінде жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаты анықталуы қажет.

      Өрт және жарылыс қаупі бар заттармен және материалдармен жұмыс істегенде орамада немесе ілеспе құжаттарда көрсетілген таңбаның және сақтандыру жазуларының талаптары сақталуы тиіс.

      233. Бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде жалын шығаратын, жарылатын немесе жанғыш және уландырғыш газдар (қоспалар) шығаратын заттар мен материалдарды (егер технологиялық регламентте қарастырылмаған болса) бірге қолдануға, сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.

      234. Жобада және технологиялық регламентте немесе объектілік (цехтік) нұсқауларда қаралған болса, бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде жалын шығаратын, жарылатын немесе жанғыш және уландырғыш газдар (қоспа) шығаратын заттар мен материалдарды тасымалдауға сақтауға және бірге қолдануға рұқсат етілмейді.

      235. Сорғыш құралдарының (шкафтар, сырлайтын, кептіретін камералар т.б.), аппараттардың және құбырлардың құрылысы өртке қауіпті шөгінділердің жиналуын болдырмауға және оларды өртке қауіпсіз тәсілмен тазалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Тазалау жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізілуі және журналға тіркелуі қажет.

      236. Орнатылатын технологиялық жабдықтарда, құбырларда және басқа да орындарда ұшқын өшіргіш, ұшқын аулағыш, от тосқауылдағыш, от бөгегіш, шаң мен металл аулағыш және жарылысқа қарсы жабдықтар, статистикалық электрден қорғау жүйесі жұмыс істеуге дайын күйде болуы қажет.

      237. Құралдарды, бұйымдарды және бөлшектерді жуу және майсыздандыру үшін жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өртке қатысты қауіпсіз қондырғылар мен әдістер қолданылады.

      238. Құбырлардағы суыған өнімді, суық, кристалл гидрантты және басқа да қақпақтарды жылыту ыстық сумен, бумен және басқа да қауіпсіз тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта ашық отты пайдалануға болмайды.

      239. Резервауардан (сыйымдылықтардан) ТТС және ЖС таңдап алу мен деңгейін өлшеуді күндіз жүргізу керек. Осы операцияны найзағай кезінде, сондай-ақ өнімдерді құю немесе құйып алу кезінде орындауға болмайды.

      Резервуарларға (сыйымдылықтарға) мұндай сұйықтарды "құламалы ағыспен" құюға рұқсат етілмейді. Резервуарларды толтыру және босату жылдамдығы, резервуарда орнатылған демалатын клапандардың (желдеткіш келте құбырлардың) өткізгіштік жағдайларының қосындысынан аспауы тиіс.

      240. Тозаң жинайтын камера мен циклондардың есіктері мен люктары оларды пайдалану кезінде ашық тұруы қажет. Камералар мен циклондарда жиналған жанған қалдықтар уақытылы тазаланып тұруы қажет.

      241. Өндіріс ғимараттарын, кәсіпорын аумағындағы қоймаларды тұру мақсатында қолдануға, сондай-ақ өндірістік шеберхана қоймаларында орналасуға рұқсат берілмейді.

      242. Өндірістік ғимараттар мен қоймалар арқылы транзиттік электр торабы, сондай қатар ТТС және ЖС, ЖГ және тозаңдарды тасымалдауға арналған құбырлар салынбауы тиіс.

      243. Жарылыс қаупі бар учаскелерде, цехтарда және ғимарттарда қопарылыс қауіпсіздігіне сәйкес немесе ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған құрал-саймандар қолданылуы тиіс.

      244. Ғимарат қабырғалары, төбелері, едендері, құрылымы мен жабдықтары шаң мен жаңқалардан жүйелі түрде тазартылып тұруы тиіс. Тазалау мерзімі технологиялық регламентпен немесе объект (цех) нұсқауымен (жазбаша) белгіленеді. Тазалау жарылу қауіпті шаң ауа қоспасын құрамайтын және шаңдарды құйындатпайтын әдістермен жүргізілуі тиіс.

      245. Жұмыс орындарына ТТС және ЖС, ЖГ беру орталықтан жүзеге асырылуы тиіс. Жұмыс орнына ТТС және ЖС азғантай мөлшерде арнайы қауіпсіз ыдыспен тасуға рұқсат беріледі. Ашық ыдыстарды қолдануға жол берілмейді. Цех қоймалары үшін ТТ және ЖС, сырлардың, лактардың және ерітінділердің барынша сақталу саны қалыпты түрде белгіленуі тиіс. Жұмыс орнында тек аусымдық қажеттілікті арттырмайтын материалдар (қолданылуға дайын күйде) саны сақталуы қажет. Сондықтан сыйымдылық беті тығыз жабылуы тиіс.

      246. Қабырғалар мен жаппаларда технологиялық ойықтар от тосқауылдаушы қондырғылармен қорғалуы тиіс.

      247. Жартылай дайын өнімдерді ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталық көтергіштердің тиеуіш қондырғылары тек тиеу кезінде ғана ашылатын жапқыш қалқалармен жабдықталуы тиіс.

      248. Өздігінен жабылатын өртке қарсы есіктерге арналған механизмдер жарамды жағдайда болуы тиіс. Өрт тосқауылдайтын қондырғы жұмыс соңында жабылуы тиіс.

      249. Жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары адсорберлер мен желілерде жалпақтығы және материалы бойынша жобаға сәйкес болуы қажет.

      250. От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрандық клапандардың жарамдылығы жүйелі түрде тексеріліп, өрт өшіруші саптамадан тазартылуы тиіс. Тексеру мерзімі бекітілген цех нұсқауында көрсетілуі тиіс.

      251. Адсорберлер өздеріндегі активті көмірдің өздігінен тұтанып кетуіне мүмкіншілік бермейтін қалыпта болып, олар үнемі стандартты, көрсетілген маркадағы активті көмірмен толтырылуы қажет.

      252. ЖС қолданатын гидрожүйелерде бактағы май дәрежесіне бақылау орнатылуы қажет және жүйедегі май қысымын төлқұжатта қарастырылғаннан арттыруға болмайды.

      Гидрожүйеден май ағып жатқаны байқалса, дереу қалпына келтірілуі керек.

      253. Ағаш аралайтын рамаларды, фрезер-аралағыш және басқа да станоктар мен агрегаттарды пайдалану кезінде:

      1) аралар қоршауларға тиіп тұрса;

      2) тістері жетіспейтін немесе түзу емес және ірі қабыршақты араларды пайдалануға;

      3) салқындату мен майлау жүйесі зақымданған болса;

      4) салқындату мен майлау жүйесі зақымданған немесе салқындату жүйесіндегі қысым кезінде ағаш аралағыш рамаларды автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететін қондырғысыз болса;

      5) ара рамасы қисайса және сырғытпалар нашарланса және дұрыс жеткізбесе;

      6) мойынтіректің қызуы 70 градустан асса, пайдалануға жол берілмейді.

      254. Шикізатты турау машинасына жіберетін конвейерлер металл түсіп кеткен жағдайда дыбыстық белгі беретін металл үгіткіштермен жабдықталуы тиіс.

      255. Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезінде металл заттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

      256. Өңдеуге түсетін технологиялық жоңқа, сондай-ақ преске кірер жолға дейінгі жоңқа жасайтын кілем металл қаққыш арқылы өткізілуі тиіс.

      257. Ағаштан жоңқа жасайтын плиталарға арналған тегістейтін станоктар алдында беруші құралмен бекітілген және дабыл қаққышпен жабдықталған металл іздегіштер орнатылуы тиіс.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет