Құжаттың грифі: Жариялануға тиіс Қабылданған нөмірі: 35



бет3/16
Дата09.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#124729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

      108. Ұйымдардың пайдаланатын "өрт сөндіру бөлімшелерінің тасымалдау" жұмыс тәртібі бар жеделсатылары (лифт) ұйым басшысы бекіткен және өртке қарсы қызметі органымен келісілген нұсқаумен регламенттеледі.
  7-тарау. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету

желілерін ұстау


      109. Өрт сөндіруге арналған су құбырының желілері жарамды жағдайда болуы және талап етілген өрт сөндіруге қажетті судың мөлшері бойынша қамтамасыз етілуі қажет. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру жылына екі рет (көктемде, күзде) жүргізіледі.

      Өрт сөндіру гидранттары жарамды жағдайда болуы, ал қыста қапталған және қар мен мұздан тазартылған болуы қажет. Өрт сөндіру гидранттары құдығы қақпағының үстінде автокөліктердің тұруына жол берілмейді. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздеріне барар жол мен өткелдер өрт техникалары үшін жылдың кез келген мезгілінде бос болуы қажет.

      Учаскелердің су құбыры желілері мен гидранттары сөнгенде немесе қысымы азайғанда бұл туралы өрт сөндіру қызметі бөлімшелеріне жедел хабарлау қажет.

      Кәсіпорынды электрмен қамтамасыз ету өрт сөндіру сорғыштарының электр қозғалтқыштарын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс.

      110. Өрт сөндіру гидрантын орналастыру орнында әріптік индекспен "ӨГ" деп жазылған жарықтық немесе флуоресцентті көрсеткіш орнатылып, гидрант пен көрсеткіш аралығы сандық маңызда метрмен және құбырдың ішкі диаметрі миллиметрмен өлшенуі қажет.

      Өрт суатында "ӨС" әріптік индексі бар, судың қоры метр кубпен және өрт сөндіру автокөліктерінің саны көрсетілген осыған ұқсас көрсеткіш орнатылады.

      111. Ішкі өртке қарсы су құбырларының өрт сөндіру шүмектері 1,35 м биіктікте орнатылып, пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарында бекітілген жеңдермен және оқпандармен жинақталуы қажет. Шкафтың есігінде "ӨШ" әріптік индексі, реттік нөмірі және жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінің телефоны көрсетілуі қажет. Шкаф есігінің ішкі безендірілуі қызыл түсті болуы және 12.4.026-2002 ҚР СТ Р МЕМСТ талаптарына жауап беруі қажет. Өрт сөндіру жеңдері құрғақ, әрі жақсы оралған және шүмек пен оқпанға жалғасқан болуы тиіс. Алты айда бір рет "ӨШ", судың іске қосылу және жеңдерді жаңадан шиыршықтап бүктеу жұмыстарына тексеру жүргізіліп тұруы қажет.

      112. Сорғыш станцияларының бөлмелерінде өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің және сорғыштарды орап байлаудың жалпы кестесі ілінеді. Әрбір ысырма мен қысым беретін өрт сөндіру сорғышында олардың белгілері көрсетіледі. Қысым беретін сорғыштың қосылу тәртібі техникалық нұсқаумен анықталады.

      Елді мекендердің өртке қарсы су құбырлары сорғыш станцияларының бөлмелерінде өрт сөндіру қызметімен тікелей телефон байланысы болуы қажет.

      113. Су өлшегіш қондырғылардың айналма бағытында орналасқан электр жетектегіш ысырмалардың жұмысқа қабілеттілігі жылына бір рет, ал өрт сөндіру сорғыштары ай сайын тексеріледі.

      Көрсетілген жабдық жарамды жағдайда болуы қажет.

      114. Объектілердің аумағында немесе оның айналасында (радиусы 200 м) табиғи немесе жасанды су көздері (көлдер, өзендер, бассейндер, градирнилер) болса, өрт сөндіру автокөліктері жылдың кез келген уақытында су алу үшін бара алатын жолдар мен аумағы кемінде 12х12 м болатын жаппасы қатты алаңдар болуы қажет. Жасанды суаттардың су көздеріне баратын жолдарының және су қоймалық қондырғылардың үнемі дайын күйде болуы тиісті кәсіпорындарға жүктеледі.

      115. Суды қысыммен ағызатын мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт техникаларымен су алуға ыңғайлы болуы қажет.

      Өрт сөндіру қажеттілігіне арналған су қорын шаруашылық және өндірістік мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.


  8-тарау. Өрт дабылы мен өрт сөндіру қондырғыларын,

түтінге қарсы қорғаныс, адамдарға өрт туралы

хабарлауды және көшіруді басқару жүйелерін ұстау
      116. Өрт сөндіру және автоматты өрт дабыл қаққышы қондырғыларына, түтінге қарсы қорғаныс жүйелеріне, өрт туралы адамдарды хабарландыру мен көшіруді басқаруға, жоспарлы-алдын алу мен техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша регламентті жұмыстар дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттарын және жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімін есепке ала отырып, құрастырылған жылдық жоспар-кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын мамандандырылған ұйымның арнайы оқытылған қызмет көрсетуші тұлғасы атқарады.

      Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды орындау кезінде қондырғыларды (жеке желілерді, хабарлағыштарды) тоқтатуға байланысты кәсіпорын басшысы ғимараттарды, құрылыстарды, бөлмелерді, технологиялық жабдықтарды өрттен қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      117. Диспетчерлік бекеттің бөлмелерінде (өрт сөндіру бекетінде) өрт туралы дабыл түскен кезде кезекші қызметкерлердің іс-әрекеттерінің тәртібі және автоматты өрт сөндіру қондырғыларының (жүйелерінің) ақауы ілінеді. Диспетчерлік бекет (өрт сөндіру бекеті) телефондық байланыспен және жарамды электр шамдарымен (3 данадан кем емес) қамтамасыз етілуі қажет.

      118. Өрт сөндірудің автоматты қондырғылары жобалау құжаттамасына сәйкес жарамды жағдайда және үнемі дайын болуы тиіс.

      Қондырғыны норма мен ережеде көрсетілген жағдайлардан басқа автоматты іске қосудан қолмен қосуға ауыстыруға жол берілмейді.

      119. Өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен сыйымдылықтарын, өрт сөндіргіш заттарының салмағы мен қысымы есептік мөлшерінен 10 немесе одан көп пайызға төмен болса, онда оларды зарядтау немесе қайта зарядтау қажет.

      120. Спринклерлік (дренчерлік) қондырғылардың суландырғыштарында қауіпті механикалық зақымдары бар жерлері суландыру картасын өзгертпейтін және жылудың таралуына әсер етпейтін мықты қорғанмен қорғалуы тиіс.

      Ашылған және жарамсыз суландырғыштардың орындарына тығындар мен бекіткіштерді ауыстырып қоюға жол берілмейді.

      121. Өрт сөндіру станциясы өрт сөндіру кезінде қондырғыны басқару жөніндегі тәртіппен және іске қосу сызбасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      Басқарудың әр торабында қорғау орындары және қондырғы секциясындағы суландырғыштардың саны мен түрі көрсетілген кесте ілінеді. Ысырмалар мен шүмектер іске қосу сызбасына сәйкес нөмірленуі тиіс.

      122. Өрт туралы хабарландыру жүйелері барлық ғимаратқа (құрылысқа) немесе таңдамалы түрде оның кейбір бөлімдеріне (қабаттарға, секцияларға) бірдей уақытта көшіру туралы хабарлау дабылын беру жоспарына сәйкес қамтамасыз етілуі қажет.

      Емдеу және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, сондай-ақ мектеп-интернаттардың ұйықтау корпустарында тек қана қызмет көрсетушілерге хабарланады.

      Хабарлау жүйелерін пайдалану тәртібі оларды пайдалану нұсқауларында көрсетіліп және осы жүйені іске қосу құқығы бар тұлғалар көшіру жоспарында анықталады.

      123. Өрт туралы хабар беру үшін техникалық құралдарды талап етпейтін ғимараттарда объект басшысы адамдарға өрт туралы хабарлаудың тәртібін анықтап, оған жауапты тұлғаны тағайындайды.

      124. Хабарлағыштар (дауыс зорайтқыштар) дыбыс реттегішсіз болуы және желіге алмалы-салмалы қондырғысыз қосылуы қажет.

      Хабарлау мәтінін жеткізу кезінде сенімділікті қамтамасыз ету және көшіруді басқару үшін ішкі радиотрансляциялық желі мен объектіде бар басқа да желілерді пайдалануға рұқсат беріледі.


  9-тарау. Өрт сөндіру техникаларын, өрт сөндірудің

алғашқы құралдарын ұстау бойынша қойылатын талаптар


      125. Өрт сөндіру автокөліктері өртке қарсы қызметінің жеке құрамы жұмысының қалыпты және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге қажет жылу жүйесі, электр құралдары, телефон байланыстары, жабыны қатты едендері, суық өткізбейтін қақпалары және басқа қондырғылар мен жабдықтары болуы тиіс өрт сөндіру деполарында немесе арнайы осы мақсатқа арналған бокстарда тұруы қажет.

      Өрт сөндіру автокөліктерінен өрт-техникалық қару-жарақтарды алуға және өрт сөндіру техникаларын мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

      126. Өрт сөндіру автокөліктері мен мотопомпалар, өрт сөндіруге бейім және қайта жабдықталған техникалар өрт-техникалық қару-жарақтарымен жинақталған, жанармай және от сөндіруші заттармен толтырылған және жарамды жағдайда болуы қажет. Өрт сөндіруге техникаларды жұмылдыру тәртібі шығу кестесімен, өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды жұмылдыру жоспарына сәйкес анықталады.

      127. Әрбір өрт сөндіру мотопомпасына, өрт сөндіру мақсатына арналған бейімделген (қайта жабдықталған) техникаға арнайы дайындықтан өткен моторшы (жүргізуші) бекітілуі тиіс. Ұйымдарда өрт болған жерге өрт сөндіру мотопомпаларын жеткізу тәртібі меңгерілуі тиіс.

      128. Өндірістік ғимараттар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарында алғашқы өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін арнайы өрт қалқандары орнатылуы қажет.

      129. Өрт сөндіргіштерді орналастыру, қызмет көрсету мен қолдану тәртібі дайындаушы-кәсіпорын нұсқаулығына, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:

      1) өрт сөндіргіштерді қуыстарға орналастыру жағдайларынан басқа қорғалатын бөлмелерден ғимараттың көшіру жолына орналастыруға жол берілмейді;

      2) өрт сөндіргіштер еден деңгейінен өрт сөндіргіштің сыртына дейін 1,5 м аспайтын биіктікте, ал есіктің ашылуы кезінде оның жанынан 1,2 м қашықтықта орналастырылуы қажет;

      3) өрт сөндіргішке арналған шкаф пен тумбаның құрылысы мен сыртқы безендірілуі олардың ішінде өрт сөндіргіштің сақталатындығын бірден анықтауға болатындай болуы қажет;

      4) өрт сөндіргіштер олардың қаңқаларындағы нұсқау жазуы көрінетіндей етіп орналастырылады.

      130. Өрт сөндіру құралдары мен құрал-саймандар мемлекеттік стандартқа сәйкес сырлануы тиіс.
  10-тарау. Өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі
      131. Әрбір азамат өртті немесе оның жану белгілерін (түтінді, күйік иісін, температураның жоғарылауын т.б.) байқаған кезде:

      1) өрт туралы бірден телефон арқылы өртке қарсы қызметке хабарлауға (бұл ретте объектінің мекен-жайын, өрт болған орынды, сондай-ақ өзінің аты-жөнін хабарлауы қажет);

      2) адамдарды көшіру, өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау жөнінде шаралар қолдануы тиіс.

      132. Мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, ұйым басшылары мен лауазымды тұлғалар, белгіленген тәртіппен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты болып тағайындалған тұлғалар өрт орнына келгенде:

      1) өрт туралы өрт сөндіру қызметі органына хабарлап, басшылықты, диспетчерлер мен объектінің жауапты кезекшісін хабардар етуі;

      2) адамдар өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, оларды құтқаруды ұйымдастыруы;

      3) өртке қарсы қорғаныстың (өрт туралы адамдарды хабардар ету, өрт сөндіру, түтінге қарсы қорғаныс) автоматты жүйесінің іске қосылғандығын тексеруі;

      4) қажет болған жағдайда электрэнергияны (өртке қарсы қорғаныстың жүйесін қоспағанда) өшіруі, тасымалдаушы қондырғылардың жұмысын, агрегаттарды, аппараттарды тоқтатуы, шикізаттық, газды, бу және су коммуникацияларын жабуы, авариялық және олармен жапсарлас тұрған бөлмелердің желдету жүйесінің жұмыстарын тоқтатуы, ғимараттың түтіндеуі мен өрттің таралуын болдырмауға себепші болатын басқа да шараларды орындауы;

      5) өрт сөндіру шараларымен байланысты жұмыстардан басқа ғимараттағы барлық жұмыстарды тоқтатуы (егер бұған өндірістің технологиялық процесі бойынша жол берілетін болса);

      6) қауіпті аймақ шегінен өрт сөндіруге қатыспайтын барлық жұмысшыларды алыстатуы;

      7) өртке қарсы қызметі бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру жөнінде (объектінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып) жалпы басшылық жүргізуі;

      8) өрт сөндіруге қатысушы жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі;

      9) өрт сөндірумен бірге материалдық құндылықтарды көшіру мен қорғау ұйымдастыруы;

      10) өртке қарсы қызметі бөлімшелерін күтіп алуды ұйымдастыруы және өрт орнына және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздеріне өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін төте жолды таңдауда көмектесуі тиіс.

      133. Өрт сөндіру бөлімшелерінің басшыларына кәсіпорын басшысы (немесе оны ауыстырушы тұлға) құрылыстар мен ғимараттарға іргелес объектінің құрылыстық және технологиялық ерекшеліктері, объектіде қолданылатын және сақталатын қауіпті, жарылыс қаупі бар, жарылыс, қатты әсер етуші улы, радиоактивті заттардың, материалдардың, бұйымдардың өртке қауіпті қасиеттері мен саны туралы және өртті сәтті жою үшін және өртті сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздігі үшін басқа да қажетті мәліметтерді хабарлайды, сондай-ақ өртті жою және олардың алдын алумен байланысты қажетті шараларды жүзеге асыру үшін күштер мен құралдарды жұмылдыруды ұйымдастырады.

      134. Объектіде болған әр өрт бойынша әкімшілік өрттің пайда болуы мен дамуына себеп болған жағдайлар туралы түсінік беруге және алдын алу шараларын жүзеге асыруы тиіс.


  2-бөлім. Елді мекендер
      135. Атқарушы органдар және орман пайдаланушылар орман алқаптарында орналасқан елді мекендерде өрттердің құрылыстар мен ғимараттарға (өртке қарсы қорғаныс жолақтарды қондыру, жапырақты шөптерді отырғызу, жазғы маусымда құрғақ өсімдіктерден тазарту және т.б.) таралу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар әзірлеп орындау қажет. Көктемгі-жазғы маусымда ауылдық жерлерде елді мекендерден шығатын өрттерді болдырмау іс-шараларын әзірлеп орындау қажет.

      136. Ауылдық жерлерде жеке тұрғын үйлердің алдында (есіктері немесе қақпаларында) осы үй тұрғындарының өрт сөндіруге шығуға міндетті екендігі көрсетілген кестелер ілінеді.

      137. Әрбір тұрғын үй құрылыстарында суы бар сыйымдылық (бөшке) орнатылады. Құрылыста шатырға жететін жалғамалы саты болуы, ал шатырда оның басына дейін жететін саты болуы қажет.

      138. Ауылдық елді мекендердің, блок-контейнерлік ғимараттардың, саяжайлық және бағбандық ауылдардың аумақтарында өрт болған жағдайда адамдарды хабардар етуге арналған дыбыстық дабыл қаққыш құралдары орнатылуы және өрт сөндіру мақсатында су қорының болуы тиіс, сондай-ақ өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі анықталған болуы қажет.

      139. Тұрғын үй, өндірістік, мәдени-тұрмыстық және басқа да ғимараттар, құрылыстар салу жер учаскесін мақсатты пайдалануға және өртке қарсы ережелердің, нормативтердің талаптарын сақтай отыра, рұқсат етілген пайдалануға сәйкес жүргізіледі.

      140. Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желді ауа-райында ауылдық елді мекендер мен кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық жерлерде от жағуға, белгілі учаскелерде өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді.

      141. Көктемгі-жазғы өрт қаупі бар кезеңде өрт сөндіру депосында ерікті өртке қарсы құрамаларының мүшелеріне көмек ретінде елді мекендерде орналасқан кәсіпорын жұмысшылары мен азаматтар кезекшілігін ұйымдастыру қажет.

      142. Елді мекендер мен жеке орналасқан объектілер өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабарлауға арналған жарамды телефонды немесе радиобайланыспен қамтамасыз етілуі тиіс. "01" байланыс желісін ақылы қызмет көрсету таксофонына ауыстыруға жол берілмейді.


  3-бөлім. Адамдардың тұруына арналған ғимараттар
      143. Тұрғын үй пәтерлері мен жатақхана бөлмелерінде өрт жарылыс қаупі бар заттар мен материалдар қолданылатын және сақталынатын әр түрлі шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ жобалау нормасына сәйкес тиісті қайта құру жүргізілмейінше басқа мақсаттағы үй-жайлар үшін жалға берілмейді.

      144. Пәтерлер мен тұрғын-үй бөлмелерінде 10 литрге дейін ТТС және ЖС сақтауға (қолдануға) рұқсат беріледі. ТТС және ЖС балкондар мен лоджияларда сақтауға жол берілмейді.

      145. Ғимарат сыртындағы газ баллон қондырғыларын жанбайтын материалдардан жасалған (желдетуге арналған тесігі бар) шкафтарға немесе қорғағыш қаптаманың астына орналастыру керек, сондай-ақ "От қаупі бар. Газ." деген сақтандыру жазуы болуы қажет.

      146. Ғимараттың газ баллон қондырғылары тікелей орналасқан қабырғалары отқа төзімділіктің ІІІ-ІІІа дәрежесінен төмен болмауы және жанғыш жылытқышпен қапталмауы қажет.

      147. Саяжайлық және бағбандық үйлер ұзақ уақытқа иесіз қалғанда электр жүйелері ток көзінен ажыратылуы және газ баллондардың вентильдері (бұрамалары) жабық болуы тиіс.

      148. Қонақ үйлерде, мотельде, кемпингтер мен жатақханаларда қазақ және орыс тілдерінде өрт қауіпсіздігі туралы жадынама болуы қажет. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауіпсіздігі туралы жадынама бірнеше тілде толтырылады. Барлық келушілер өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс болуы (қол қойылған түрде) тиіс.

      149. Қонақ үй нөмірлерінде, мотельдерде, кемпингтерде және жатақханаларда өрт болған жағдайда көшіру жолдарының жоспарында нөмірлер мен бөлмелер, көшіру жолдары мен қозғалыс бағыты, өрт сөндіру құралдарын орналастыру орны мен қажетті түсіндірме мәтіні бар дабылы көрсетіліп, ілініп тұруға тиіс.

      150. Адамдар тұратын ғимараттар (қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер, жатақханалар, мектеп-интернаттар, қарттар үйлері мен мүгедектер үйлері, балалар үйлері мен тұрғын үйлерден басқа ғимараттар) бөлмелерінде өрт қаупін тудырмайтын жылудан қорғау изоляциялық құрылғысы, жанбайтын жылу изоляциаланған тұғыры жоқ электр жылу құралдарын (оның ішінде қайнату құралын, электр шәйнектерін, электр үтіктерін, электр плиткаларын) пайдалануға жол берілмейді.

      151. Қонақ үйлердің тұрғын бөлмелерінде қоймалар, кеңселер орналастыруға жол берілмейді.

      152. Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде (оның ішінде мектеп-интернат, мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер, балалар үйлері) қызмет көрсетуші тұлғалардың тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылуы қажет. Кезекшіде үнемі барлық көшіру есіктеріндегі барлық құлыптардың кілттер жинағы болуы тиіс. Кілттердің келесі жинағы кезекшінің бөлмесінде сақталады. Екі жинақтағы әрбір кілтте құлпына сәйкес жазуы болуы тиіс.

      153. Түнгі кезекшілер телефон орнатылған бөлмеде отыруы және электрлік қол шамы болуы қажет. Дәліздерде, холлдарда және басқа да көшіру жолдарында кереует қоюға жол берілмейді.

      154. Жанғыш газдарды жағуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде:

      1) газ шығып тұрған кезде газ аспаптарын пайдалануға;

      2) газ арматурасының (темір шеген) бөлшектерін ұшқын шығарғыш құрал көмегімен қосуға;

      3) ашық жалын көздерінің (оның ішінде сіріңкелер, балауыздар, май шамдар) көмегімен жалғастырудың саңылаусыздығын тексеруге;

      4) толтырылған газ баллондарымен жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

      156. Адамдар тұруға арналған ғимараттардың (қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер, жатақханалар, мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер, балалар үйлері мен тұрғын үйлерден басқа ғимараттар) қызмет көрсетуші тұлғасы қызмет көрсетушінің жұмыс орнында үнемі сақталатын тыныс алу органдарын қорғауға арналған сүзгіштік әсердегі жеке құралдармен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, аталған 5 және одан да көп қабатты ғимараттар ғимарат қабатындағы әрбір 30 адамға бір құрылғы есебінен жеке құтқару (құтқару жарағының немесе аспалы құтқару сатысының жинағымен) құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жеке құтқару құрылғылары өрт қауіпсіздігінің белгіленген тиісті сілтеуіш белгілері бар қабаттағы орында әрбір адамның қолы жететіндей жерлерде сақталуы тиіс. Әрбір жеке құтқару құрылғысы құрылғыны бекітуге арналған тетіктермен жабдықталған екі жақын бөлме көрсетілген биркамен қамтамасыз етілуі қажет.
  4-бөлім. Ғылыми мекемелер мен оқу орындары
      157. Жарылыс және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды қолдануға байланысты тәжірибелік қондырғыда жұмыс істеуге кәсіпорын бұйрығымен тағайындалған ведомстволық комиссия пайдалануға қабылдағаннан кейін рұқсат беріледі. Комиссия олардың өрт жарылыс және өрт қауіптілік дәрежесін анықтайды және оларды әр түрлі орындарға орналастыру мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.

      158. Ғылыми жетекші (жауапты орындаушы) сынақты жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қолданады.

      159. Зертханаларда және басқа да бөлмелерде ТТС және ЖС ауысымдық қажеттілікті арттырмайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етіледі. Бөлмеге сұйықтықтар жабық қауіпсіз ыдыста жеткізілуі тиіс.

      160. Егер тартпалы шкафта орындалатын операцияға қатысы жоқ заттар, материалдар мен жабдықтар болса, сондай-ақ олар жарамсыз және желдету жүйесі іске қосылмаған болса, онда жұмыс істеуге жол берілмейді.

      Үстелден сұйықтықтың ағуын болдырмайтын ернеу жарамды жағдайда болуы қажет.

      161. Тартпалы шкафтардың тез тұтанғыш заттармен жұмыс жүргізілетін ағаш бөліктері оттан қорғайтын лакпен сырлануы немесе жанбайтын материалдармен жабылуы қажет.

      162. Жұмыс соңында қолданылған ТЖС және ЖС арнайы жабық ыдыста жиналып, бұдан әрі пайдаға асырылуы үшін зертханадан шығарылуы тиіс.

      163. ТТС және ЖС канализацияға төгуге жол берілмейді.

      164. ТТС және ЖС жұмыс жүргізілген ыдыстар тәжірибеден кейін өртке қауіпсіз ерітінділермен жуылады.

      165. Мектеп ғимараттарын жаңа оқу жылының алдында құрамында мемлекеттік өрт қадағалау өкілдері бар тиісті комиссия қабылдайды.

      166. Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, Асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықтардың орналасуы адамдарды құтқаруға және өрт сөндіру құралдарын алуға кедергі жасамауы қажет.

      167. Оқу сыныптары мен кабинеттерінде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тіреуде сақталуы тиіс оқу процесін қамтамасыз етуге арналған қажетті жиһаздарды, аспаптарды, үлгілерді ғана орналастыруға болады.

      168. Оқу сыныптары мен кабинеттеріндегі парталар (үстелдер) саны жобалау нормасында белгіленген саннан аспауы тиіс.

      169. Оқушылар мен студенттер арасында жылына 4 сағаттық есеппен тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту және өрт кезіндегі іс-қимылдар жөнінде сабақтар (әңгіме) ұйымдастырылуы қажет. Төменгі сыныптармен өртке қарсы тақырыбы бойынша әңгіме жылына кемінде 2 рет, ал мектепке дейінгі балалар мекемелерінде - ойын сабақтары өткізіледі.

      170. Сабақ аяқталғаннан кейін кабинеттердегі, зертханалардағы және шеберханалардағы өрт жарылыс және өрт қаупі бар барлық заттар мен материалдар жеке бөлмелерде орналастырылған жанбайтын шкафтарға (жәшіктерге) қойылуы тиіс.

      171. Оқу орындарында:

      1) бензин, керосин, және басқа да тез тұтанғыш сұйықтықтардың көмегімен бөлмелерді жинауға;

      2) жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде кабинеттерде сабақтар аяқталмай тұрып оқу мекемелерінің ғимараттарында отты және өртке қауіпті басқа да жұмыстарды жүргізуге;

      3) терезелерге ашылмайтын металл торлар орнатуға тыйым салынады.

      172. Жұмыс аяқталғаннан кейін тоқтаусыз істейтін аппараттар мен электр құралдарынан басқа электр тұтынушы барлық бөлмелерге бақылау жүргізіледі.


  5-бөлім. Балалар саяжайлары мен мектепке

дейінгі балалар мекемелері


      173. Балаларға арналған ғимараттарда кемінде екі эвакуациялық тікелей сыртқа шығу жолы болуы керек.

      174. Балалардың демалыс орнына арналған ағаш ғимараттар бір қабатты болуы керек. Каркас және тақтай ғимараттар сыланып және жанбайтын жабыны неорганикалық болуы керек.

      175. Ағаш ғимараттың кеңдігі бір балаға шаққанда 2,5 м 2 болып, орналастыру шегі 50 балаға дейін болуы тиіс.

      176. Мыналарға:

      1) қолданыстағы мектепке дейінгі балалар мекемелерін жалға беруге;

      2) ғимараттарды тез тұтанғыш материалдармен (қамыс, сабан, жаңқа) жабуға;

      3) мектепке дейінгі балалар мекемелерін тұрғын және қоғамдық үй-жайларға бейім ғимараттарда орналастыруға;

      4) балалар орын алған ағаш ғимараттарда кір жуу орындарын, асханалар орнатуға;

      5) жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттарда 50 астам балаларды орналастыруға;

      6) сыйымдылығы 50 адамнан астам мектепке дейінгі балалар мекемелерінде пеш жағуға;

      7) жазғы маусымда балалар орналасқан бөлмелерде пеш жағуға, керосиндік және электрқыздырғыш құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      177. Кір жуатын бөлмелер мен асханаларды балалар орналасқан ғимараттан 15 м қашықтықта оқшау құрылыстарға жайғастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет