Жаттыѓу ж¦мысы



бет50/56
Дата29.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#496991
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
b222

Шығарма процесі

Оқушыға нақты жұмыс берілді. Ендігі жерде оқушы әрекет істеуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін еске түсіріп, мида қрыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет. Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі шығарманың қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең – жолдарын, көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогын жасатып үйрету керек.


Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу, аяқтау кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.
Оқушының теориялық білімі толық болғанымен, шығарма жазғанда ойын шашыратып жүйелі баяндай алмаса, сөздік қорының тапшылығы өз бетімен кітаптыаз оқитыны байқалады.
Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізгі бөлігі мына жағдайларға байланысты:

  1. Оқушы шығармашылық жұмысқа құлықсыз болған жағдайда шығарма мақсатына жетпейді;

  2. Шығармаға бағыт берілмесе, мақсатына жетпейді;

  3. Қате түсініп, көңілсіз жазылған шығармаларды қайта құрастыру, ойын жүйелеп, жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан алдыңғы сәтсіз шыққан шғармадағы кемшілікті жою үшін басқа тақырыптағы шығарманы ұсынған тиімді.



Шығарма жаздырудың ең басты
мақсаттары мыналар:

1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.


2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін
практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
3. Ойлану еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
4. Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «Көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз»,- деп жатады.
Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл- оқу процесіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы, сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет