Жаттыѓу ж¦мысы


Мазм±ндау- оќушыныњ шыѓарма мазм±нын ќабылдауыныњ сапалыќ кµрсеткіші



бет47/56
Дата29.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#496991
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
b222

Мазм±ндау- оќушыныњ шыѓарма мазм±нын ќабылдауыныњ сапалыќ кµрсеткіші

Психолог ғалымдар: “Адамның сезім мүшелеріне әртүрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлыңғыр, көмескі болып қабылданады”, - дейді. [14, 93] Сол тәрізді оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі, ондағы сөз кестелерін, түрлі суреттеулерді қабылдаулары бір мезгілде, бір деңгейде болмайды, солардың ішінен оқушы өзіне ерекше әсер еткендерін ғана толық қабылдап, соларды баса жазады. Ал оқушы назарына мәтін мазмұнына ұйытқы болып тұрған негізгі мәселелер емес, екінші қатардағы, қосалқы жайлардың көбірек ілігуі де ықтимал.


Мазмұндама жазуға кіріспес бұрын бірқатар әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Мәтіннің баяндалу формасы, диалог сөздер, суреттеулер анықталады. Әр сынып оқушының мәтінді мазмұндау дағдыларын салыстырғанда байқайтынымыз:

  1. бастауыш сыныптан басталған азды-көпті дағдылары бола тұра V сынып оқушылары үшін бірінші жақта баяндалған мәтінді 3-жақта әңгімелеудің ауырлығы;

  1. мәтін мазмұнын меңгеру, қабылдау, мазмұндату алдындағы әзірлік жұмыстар, мәтіннің міндеті мен мақсатын түсіну;

  1. оқушылардың мазмұндаудағы сөз құрамының жазушы тілінен көп алшақ болып отыратыны байқалады. Бұл тәрізді кемшіліктер жаттығу алдындағы әзірлік барысында ескерілгені дұрыс. Сондықтан, әңгімедегі оқиғаның ішкі (тура және жанама суреттер) мәнділігі жағынан топтауға; оқушылар өздігінен міндетті түрде орын алатын жаңа сөздер мен тосын тіркестерді, идиом сөздерді белгілеуге баса көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді.

Ескеретін жай: мазмұндауда оқушылар ең басты мәселелерді, негізгі кейіпкерлерді қамтымайды, олардың арасында дәнекерлік қызмет атқаратын детальдарды елемейді, сондықтан ұстаз бұл тұстарға оқушы назарын аударып, жазу процесінде байқап отырғаны жөн.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет