Мысалы, чай-шай, ботинка- бәтіңке, сатин- сәтен, костюм- кастюм. Оқушылар тілінде жергілікті, диалектикалық ерекшеліктерге байланысты айтуда да, жазуда да дыбыстық қате жіберіледі. Мұндай қателер а, ә, ы, і дыбыстарына байланысты жіберіледі.
Мысалы, Күләнда- Күләндә, Балжамила- Балжәмилә, Ақлима- Ақлимә, т.б. Оқушыларда е дыбысы мен ә дыбысын алмастырып айту кездеседі. Себебі ә, е дыбысының жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде ә дыбысы сирек қолданылған, сондықтан болар э дыбысын е ғып айту жиі .
Мысалы, экран- екран, электр- електр, т.б. Жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты е дыбысы ы, і, ә дыбыстарымен алмастырылып қолдану кездеседі.
Мысалы, ешкім-ішкім, ештеме- іштеме, әдемі- әдеме ,т.б. Әсіресе, қазақ тілінде кейбір дыбыстардың алдында, егер ол дыбыс сөздің басында келсе, алдынан келсе, ы, і естіледі, соған байланысты оқушылар оны солай айтады, кейде солай жазады.
Мысалы, жазылуы айтылуы лай ылай рас ырас ренжу іренжу лайық ылайық
Екі дауыссыздың арасындағы ы, і дыбыстарын түсірмей жазып қою жиі байқалады.
Мысалы, арттыру- арыттыру, көрсетті- көрісетті, білдірді- білідірді, т.б Кейбір дауысты дыбыстардың сөз ішінде солғын естілуіне қарай оқушының жазуда қате жіберетіндігі байқалады.
Мысалы, қатынас-қатнас, халықаралық- халқаралық, т.б. Әдеби тіл нормасына байланысты тілдегі сан алуан нұсқаларды талғап-таңдауда бірізділік байқалмайды. Ондай нұсқаның қай түрін қолдану сөйлеушінің , жазушының өз қалауында болып қалады.
Мысалы, тірідей- тірілей, айқай-айғай, азар- әзер, түгендей- түгелдей, т.б. Нұсқалардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін өрістете жұмасап, артықшылық беріп отыру немесе олардағы нәзік айырма, реңдерді дер кезінде тап басып тани білу оңай шаруа емес. Жарыспалы жүйенің мынадай түрлерін газет-журналдардан жиі кездестіруге болады.