Негізгі институттар
Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі институттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын отбасы институты.
• Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика институты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыратын үкімет институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқаратын дін институты.
Бұл институттар маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді орындау мақсатында әр қоғамға тұрақты әлеуметтік шешімдер жиынтығын ұсынады. Бұл шешімдер әр қоғамда әртүрлі болады, тіпті кейде бірбіріне мүлде кереғар болып жатады. Үкімет институттары монархия, демократия, диктатура немесе тайпалық кеңестер болуы мүмкін. Дегенмен барлық дені cay қоғамдарда осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға жауапты әлеуметтік құрылымдар бірдей болып келеді. Институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін тұрақты әлеуметтік құрылым.
Әлеуметтанулық қиял дегеніміз-жеке адамның проблемасын түсінуді кең әлеуметтік құрылымдарды аз дегенде ішінара түсінуді айтамыз.Яғни жеке бастағы қиындықтарды(мысалы,кедейлік,ажырасу,жұмыстың жоқтығы)Әлеуметтік қиял-жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы,адамның жеке бас ерекшеліктерімен салыстырғанда көбірек байланысты екенін көрсете алады.Әлеуметтанудың басты бағыты осы әлеуметтанулық қиял,ол-өз өміріміз бен адамдардың өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде көре білу қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |