Пәннің мақсаты:
- Адам денесінің құрылысын, оны құрайтын жүйені, мүшелерінің жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктерін, мүшелердің анатомо-топографиялық қарым-қатынасын есепке ала отырып оқу және практикада қолдана білу.
- Адам денесін құрайтын жасушалары, тіндері, мүшелері және жүйелерінің
жасқа, жынысқа байланысты жəне жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қызметін оқу жәнеалған білімдерін клиникалық пәндерде қолдана білу.
- Бұл бөлім жалпы патологиялық үрдістердің сипаттамалары мен олардың негізін құрайтын зат алмасу өзгерістерінің,қызметтердің,құрылымдардың өзгеруі, сондай-ақ ағзадағы аурудың пайда болуындағы, даму кезіндегі және соңында реактивтіліктің рөлін сипаттауға арналған.
Пәннің міндеттері:
Оқытушылар басшылығымен жүргізілетін студенттердің білім алуға өзіндік аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарында пәннің негізгі мақсатында жаңа оқыту әдістемесі байқалады. Анатомия, физиология және патология пәнінің әрбір тақырыбын оқу барысында студент тақырыптың сипаттамасы мен соңғы өнімді алуға дейінгі материалмен толық таныс бола алады. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы құрал-жабдықтар, плакаттармен, планшеттермен, муляждармен жабдықталған аудиторияларда жүргізіледі.
Құзыреттіліктер бойынша пәннің оқыту нәтижелері
Базалық құзыреттіліктер:
1-БҚ
|
Оқыту: жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.
|
1.1-БҚ
|
Өзін-өзідамыту: ұзақ уақыт бойы өзінің үздіксіз кәсіби дамуын жоспарлауға өзіне жауапкершілік алады және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін таңдайды.
|
1.2-БҚ
|
Топтаоқыту: топтықмақсаттарғажету, ұжымдық тапсырмаларды дәл және уақтылы орындау үшін топта білім, тәжірибе және ресурстар мен алмасуда жауапкершілік көрсетеді.
|
1.3-БҚ
|
Ақпаратты басқару дағдылары: өзінің ақпараттық қажеттілігін айқындайды, ақпараттық ізденістің басым бағыттарын анықтайды, түрлі қор көздерінен ақпаратты табады және сын тұрғысынан бағалайды, алған ақпаратты таратады және тәжірибеде қолданады.
|
1.4-БҚ
|
Сын тұрғысынан ойлау және шешім қабылдау: проблеманы және әлеуетті шешу жолдарын айқындайды, фактілер мен пайымдауларды логикалық талдайды, гипотезаларды тексереді және жағдайлардың ықтималдылығын бағалайды, қорытындылар жасайды және негізделген шешімдер қабылдайды.
|
Кәсіби құзыреттіліктер:
|
1-КҚ
|
Клиникалықмейіргерлікіс: емделушіге орталықтандырылған қауіпсіз күтімді жүзеге асыруға, тәуелсіз шешімдер үшін, қызметшілердің әрекеті мен басқаруға жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.
|
1.1-КҚ
|
Қауіпсіздік: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздік деңгейінің түрлі технологияларын қолданады, оларды сын тұрғысынан бағалайды және күтпеген және тез өзгеретін жағдайларға, сондай-ақ дағдарыс және дау жағдайларына бейімдейді.
|
1.2-КҚ
|
Клиникалықдағдылар мен білімдер:
Операциялық процедуралардың және дәлелді мейіргерлік басшылықтардың (стандарттардың) стандарттарына сәйкес қауіпсіз және емделушіге орталықтандырылған мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық дағдылар мен технологиялардың кең ауқымын меңгерген. Денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және жеке адамдарға, отбасыларға және топтарға медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асырады.
|
1.3-КҚ
|
Емделушіге орталықтандырылған мейіргерлік күтім: заманауи теориялық және клиникалық білімдерді қолданып, мейіргерлік күтімдегі қажеттіліктерді дербес анықтайды, сондай-ақ емделушіге орталықтандырылған мейіргерлік күтім жоспарын әзірлейді; емделушімен бірге оның отбасының пікірін ескеріп, шешім қабылдайды; жеке тұлғаға бағытталған емделушіге орталықтандырылған кіріктірілген мейіргерлік күтімді көрсетіп, емдеудің нәтижесіне негізжасай отырып, күтім жоспарын жүзеге асырады, келесі күтім бойынша кеңестерұсынады.
|
1.4-КҚ
|
Мейіргерлікісті құжаттандыру: қажетті компьютерлік технологияны қолданып, мейіргерлер жіктемесінің жүйесі және электрондық медициналық жазбалар жүйесі негізінде мейіргерлік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді; құжаттамаға мониторинг және талдама жасайды.
|
2-КҚ
|
Ғылыми амал және дәлелді мейіргерлік тәжірибе: мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
2.1-КҚ
|
Дәлелдемеге негізделген ақпаратты кіріктіру және шешімдер қабылдау: озық мейіргерлік технологияларды әзірлеуге көзделген биомедициналық және медбикелік зерттеулер саласындағы ақпаратты сын тұрғысынан бағалайды, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
КК -2.2
|
Мейіргерлік зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: мейіргерлік қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау барысында шығармашылық көрсетеді.
|
КК -2.3
|
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тиімді тарату: зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұсынысын тиімді жүзеге асырады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, түрлі ұсынулар түрлерін көрсетеді, түрлі аудиторияларға зерттеулер нәтижелерін таратады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |