Жазбаша аударма тєжірибесі


§ 16. Үстеулік мағынаға ие етістіктер



Pdf көрінісі
бет39/53
Дата01.02.2022
өлшемі0.54 Mb.
#455027
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
аударма теория

§ 16. Үстеулік мағынаға ие етістіктер 

 

 

Ағылшын  тіліндегі  әр  түрлі  мағыналарға  ие  сөздердің  үшінші  тобына 



үстеулік  мағынаға  ие  етістіктер  жатады.  Мұндай  етістіктер  екі  мағына 

білдіреді: бірінші мағынасында іс - әрекетті білдірсе , екінші мағынасы сол іс 

-  әрекетті  сипаттайды.  Бұл  етістіктердің  үстеулік  мағынасы  келесіден 

көрінеді:  Яғни  бұл  етістіктердің  мағыналары  толықтауышпен,  үстеумен, 

мекен пысықтауышпен білінеді. Мысалы: Over 500 london students yesterday 

roared their way through fleet Street through the heart of the City demanding that 

“Smith  must  go”  -    Лондондық  500  –  ден  астам  студенттер  көшеге»Смит 

жоғалсын»  деген  қатты  айқалған  дауыстарымен  Флит  –  стриттан  Ситидің 

орталығына дейін жүріп өтті. Мұнда to roar етістігі to roar one’s way through 

Fleet  street  құрылымында  мағынасы  бойынша  айқайға  ұласқан  қозғалу 

етістігін қосып, ал to roar етістігінің мағынасын іс – қимыл пысықтауышымен 

жеткізуге  тура  келеді.  Үстеулік  мағынаға  ие  етістіктердің  адекватты 

аудармасы  әдетте  аударманың  грамматикалық  трансформацияларын  талап 

етеді,  оның  ішінде  қосымша  сөздерді  қосу,  сөз  таптары  мен  сөйлем 




 

39 


мүшелерінің орын басу әрекеттерін талап етеді. Мұндай үстеулік мағынаға ие 

етістіктердің көбісі тілге еніп үйреншікті тіркестерге айналып кетті. Мысалы: 

to bow somebody out of the room, the train steamed in to (out of) the station , the 

truck  rumbled  in  to  the  town.  Аударма  кезінде  олардың  жеке  мағынасын 

келтіріп аудару қиынға соғады, өйткені олар бір жағдайдан екінші жағдайға 

көшу  іс-әрекетін  ,  іс  -  әрекетке  деген  құлшынысты  білдіреді.  Сондықтан 

мағыналарының толықтығы әдетте бейнелеп аудару көмегімен көре аламыз. 

Мысалы:  The  crocodile  shuttered  home  under  hailstones  and  through  the  ugly 

streets  –  Салқыннан  дірілдеп  жауынның  астында  балалар  үйінің 

тәрбиеленушілері  ұзын  сап  құрап  лас  көшелер  бойымен  келе  жатты.  Бұл 

жерде үстеулік мағынасы бар to shutter етістігі және home үстеуі салқыннан 

дірілдеп  ,  келе  жатты  деп  аударылса,  crocodile  метафорасы  да  бейнелеп 

аудару көмегімен тәрбиеленушілер, ұзын can деп аударылады. 

Үстеулік  мағыналары  бар  етістіктерді  аударудың  өзіндік  екі 

заңдылықтары бар: 

1. 


Егер  үстеулік  мағынасы  бар  етістік  қозғалыс  пен  оның  сипаттамасын 

білдірсе, ол әдетте белгілі бір пысықтауыштық сөз қосылған етістікпен 

аударылады,  яғни  пысықтауышта  тұрған  сөз  сол  іс  -  әрекетті 

сипаттайды. Мысалы: The train whistled out of the station – Поезд жүру 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет