Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет21/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

« Салауатты өмір – салтымыз»

Жүргізуші: Қайырлы күн, менің достарым!Бүгінгі біз сіздермен «Салаутты өмір салты» жайында викториналық сұрақтарға жауап іздейміз.Бұл өткізіп отырған шарамыздың мақсаты- «салауат» сөзінің мәнін түсіндіру. Денсаулықтарын жас кездерінен бастап күтуге дағдыландыру. Зиянды әрекеттерден сақ болып әдепті, таза жүруге баулу, тәрбиелеу.


Жүргізуші:Сөзімді бастамас бұрын, ең алдымен өздерің айтыңдаршы «салаутты өмір салты» дегенді қалай түсінесіңдер?

/балалардың пікірі тыңдалады/


Жүргізуші: Салауатты өмір сүру деген - арақ ішіп ,темекі тартпай немесе нашақор болмаса болды,осының өзі салауатты өмір сүріп жүр екенбіз деп түсінуге болмайды.Тереңіне үңілетін болсақ,адам ең алдымен білімді, инабатты, мәдениетті бола отырып, басқаларға үлгі - өнеге көрсете білу.
Жүргізуші:Өмір салты дегеніміз тіршілік ету барысында қалыптасатын адамның үйреншікті іс-әрекеті. Денсаулықты сақтап, нығайту тікелей адамның санасына, мәдениетіне, адамгершілігіне, ерік -жігеріне байланысты болады.
Жүргізуші:Қазір өз қалауымызша екі топқа бөлінейік. /олар екі топқа бөлініп болған соң / Олай болса екі топқа ат қояйық, жарайма?
Бірінші топ зиянды әдеттер туралы айтады.

Екінші топ пайдалы әдеттер жайлы айтулары керек.



Зиянды әдеттер Пайдалы әдеттер

1.Темекі тарту. 1.Гигенаны сақтау

2.Маскүнемдік 2.Еңбек ету

З.Дөрекілік 3.Белсенді дем алу

4.Тәртіпсіздік 4.Таңертеңгілік жаттығу жасау

5.Шынығу


Жүргізуші: Өте жақсы балалар! денсаулыққа байланысты бірнеше мақал-мәтел айтамыз.

«Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол ізде», «Жан ауырса – тән азады, қайғы басса -жан азады»,«Тазалық - саулық негізі,саулық - байлық негізі».


Жүргізуші:

1.Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек? /дене шынықтыру/

2.Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? /гигиена/

3.Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата? /үнді елі /

4. Адамға ең керек тағамдардың бірі? /су/

5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? /ауа /

6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі? /шылым шегу /

7.Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?

/валеология/

8. Адам денсаулығына ең қажетті нәрселердің біріне не жатады? /ұйқы/

9. Адамдарда болатын ауырулардың 99/%-ы неден болады?

/дұрыс тамақтанбаудан /

10.Салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау не істеу керек? / дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тәрбиесімен айналысу/
- Валеология ғылымы нені зерттейді? (денсаулықты.)

- Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер? /пікірлер тыңдалады /

- Қай жылы денсаулық жылы болып жарияланды? (2002 ж.)

- Есірткі деген не? /пікірлер тыңдалады /

- Минералды заттар дегеніміз не? /табиғаттағы кездесетін кальций, фосфор, т.б. бейорганикалық заттар/

- Шынығу деген не? /пікірлер тыңдалады /

- Денсаулық деген не? /пікірлер тыңдалады /

- Тіршілік ету үшін адамға қажетті заттар? т.б /пікірлер тыңдалады /

Жүргізуші:Балалар, жұмбақ шешуге қалаймыз? Қазір мен жұмбақ жасырамын,сендер оны шешесіңдер.

*Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. / Темекі /

*Оңға қарай оқысаң,әзәзіл деп білесің.

Солға қарай оқысаң,жаға салар күйесің. /Арақ - қара/

*Өз -өзімен отырып,сықылықтап күледі,

Ұрмай-соқпай өкіріп,Жылай салар бұл өзі.

Бітті әбден тесіліп,ине піскен білегі. /Нашақор/

Адамды бұзатын зиянды әдеттер: темекі, насыбай, арақ, есірткі.

Темекі - өкпеге зиян. Оны тартқанда адамның аузына түтін кіріп, түтіні

өкпенің тесіктерінде тұрып қалып,темекі түтіннің күйесі адамның өңешіне

жиналып,адам нашар дем алатын болады.

Насыбайдан - адамның басы айналады,көзінің алды қарауытып, асқазанында бөрткен пайда болады.

Арақты - ішсең,бауырыңды ірітіп жібереді.Бауыр-ұйып түрған қан.

Анаша - миды кептіреді, адамды есінен тандырып, не істегенін білмейтін халге жеткізеді.

Есірткіні - тамыр арқылы жібереді, ол бірден жүйкеге әсер етеді.Басты

айналдырады,өзі бәрінен де күшті болып,көзіне көрінгенге тиісіп,өлтіруге

дейін барады.Ондай кезде адамды танымай кетеді.




Жүргізуші: Міне осындай жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашақта деніміз сау,салауатты азаматы болып,қоғамымыздың бір - бір кірпіші болып қаланатындарың сөзсіз.

Уа, халқым,назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық терең бақыт»- деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Сақта халқым,денсаулықты Алла берген.

Оң болсын десең егер тіршілігің

Сақта халқым,саулығын аналардың

Болсын десең дені сау ұрпақтарың, - деп біз бүгінгі ойынымызды осындай өлең жолдарымен аяқтаймыз. Әрқашанда дендеріңіз сау болсын! Кездескенше, достар!









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет